СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 25.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты "Татулық пен бірлік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты "Татулық пен бірлік" 2-сынып

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Татулық пен бірлік"»

Пәні

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Татулық пен бірлік

Сабақтың мақсаты:



Мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басып келуінің бір себебі – елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нық болуын жалғастыру, татулықты дәріптеу, ұлттар достығын сақтау мен нығайтудың маңызы зор екеніне көз жеткізу. 

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар ұлттар достығының маңызын түсінеді, ұлттар арасындағы достықты нығайту қажеттігін біледі. 

Сабақта қолданылатын материалдар:

 Компьютер, плакат, постер, түрлі түсті маркер, стикер, глобус, таймер. 

Сабақ кезеңдері


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру Әнұран айтылады

Топқа бөлу

1-топ: Достық 2-топ:Ынтымақ

3-топ: Бірлік 4-топ:Татулық

- Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік? 
- 1-мамыр қандай мейрам? 
- Ол нені дәріптейді? Сұрақтарға жауап береді 

Топқа бөлініп , өз үстелдерінің басына жиналады

Негізгі бөлім




















  Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. 
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. 
Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. 
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. 
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. 
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұның барлығы достық, татулық, бірліктің арқасында болып отыр. 
Бейнекөрсетілім 1-мамыр
 Әр топ өз тобын постер құру арқылы таныстырады  
Бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс 
«Достық» тобы: 
1. Досыңды мақтағаның - ... (өзіңді жақтағаның) 
2. Досы көппен сыйлас, ... (Досы азбен сырлас) 
3. Досы жоқ адам -... (Тұзы жоқ тағам) 
4. Досы көптің жаны семіреді,... (Асы көптің тәні семіреді) 
«Бірлік» тобы: 
1. Бірлігі жоқ ел тозады, ... (Бірлігі күшті ел озады) 
2. Тірлік, тірлік түбі – ... (бірлік) 
3. Саусақ бірікпей ...(Ине ілікпейді) 
4. Бірлік бар жерде ... (тірлік бар) 
 «Ынтымақ» тобы: 
1. Ынтымақ жүрген жерде, ... (Ырыс бірге жүреді) 
2. Ырыс алды – ... (ынтымақ) 
3. Ынтымақ болмай ... (іс оңбас) 
4. Теңге тиыннан, ... (Ынтымақ ұйымнан) 
 «Татулық» тобы

1. Досы көпті жау алмайды,... (Ақылы көпті дау алмайды

2. Кеңесіп пішкен тон ... (келте болмас) 

3. Сырттан келген жаудан да... (Іштен шыққан дау жаман)

Берілген өлең шумақтарын жалғастыру  

Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Оқушы:

Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Оқушы:

Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Оқушы:

Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.

Оқушы

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.

Оқушылар түсінік алады.



















Мамырға байланысты көреді


Әр топ өз тобын постер құру арқылы таныстырады  


Мақалдың жалғасын табады.

Сергіту сәті

«Қазақстан бақыты» әнін орындайды

Хормен айтады

Қортындылау

«Достық» тобы:Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз 
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз 
«Бірлік» тобы:Бірлік керек, бірлік керек, ағайын 
Елдің басын біріктірер әрдайым 
«Ынтымақ» тобы:Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан 
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған 
«Татулық» тобы: «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. 
Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады.»

Әр оқушының жауабына қағаздан қиылған гүлдер беріледі.
Жазылған хаттары тілек ағашына ілінеді.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя