СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 23.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағатының жылдық жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

биылғы оқу жылына дайындаған сынып сағаттарының жылдық жоспары

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағатының жылдық жоспары»

Келісемін ____________ Бекітемін______________

Тәрбие ісінің меңгерушісі Мектеп директоры

Махамбетов Т.О. Жұмашова Г.Н.







Теректі станциясының № 6 негізгі орта мектебі КММ



1- сынып жетекшісі : Күйкенова К.Ө.













2015 -2016 оқу жылы.



  1. сынып оқушыларымен жүргізілетін

тәрбие жұмысының мақсаты :

Бүгінгі заман талабына сай жан –жақты дамыған, шығармашыл, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген, бәсекелестікке бейім, өзінің отанына берілген және мәдениетті, азаматтық жауапкершілігі бар жеке тұлға тәрбиелеу.



Міндеттері :

-Әр оқушыны сыныптың, мектептің тәрбие жұмыстарына қатыстыру.

-Оқушылар бойында өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, жауапкершілікті жетілдіру және дамыту.

- Өз елінің, халқының тарихын үйреніп білуге және әрдайым мақтаныш етуге лайық ұрпақ тәрбиелеу.

-Ұлттық достық, адамгершілік санасы қалыптасқан тұлғаны дамыту.

- Салауатты өмір салтын ұстанған, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.







Тәрбие жұмысының бағыттары



1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.

2.Рухани – адамгершілік тәрбие.

3.Ұлттық тәрбие.

4. Отбасы тәрбиесі

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.Көпмәдениетті және көркем- эстетикалық тәрбие

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты











Сынып оқушыларының тізімі

Оқушының аты - жөні

Туған күні,

айы, жылы

1

Ермек Аяжан Қабыланқызы

20.11.2008



2

Жуманов Нурлыбек Шарапатович

28.05.2009


3

Ибрагим Ерасыл Сұлтанғазыұлы


22.04.2009

4

Қаражігіт Әлишер Қанышұлы


12.10.2009

5

Мақмұт Іңкәр Еркінқызы


15.12.2008

6

Рақым Інжу Еділқызы


21.03.2009

7

Саркенов Айкын Азаматович


11.02.2009





















Сынып активтері

Сынып басшысы - Рақым Інжу

Оқу секторы - Мақмұт Іңкәр

Тазалықшы - Ермек Аяжан

Кітап тексеруші - Жұманов Нұрлыбек

Спорт секторы - Саркенов Айқын

Еңбек секторы - Ибрагим Ерасыл, Қаражігіт Әлишер



Көп балалы отбасы баласы -- Жұманов Нұрлыбек

Табыс аз қамтылған отбасы баласы – жоқ

Тұрмысы нашар оқушы -- жоқ







Келісемін___________ Бекітемін_________

Тәрбие ісінің меңгерушісі Мектеп директоры

Махамбетов Т.О. Жұмашова Г.Н.


1 – сынып оқушыларымен I жарты жылдықта жүргізілетін

тәрбие жұмыстары 2015 – 2016 оқу жылы


Сынып сағатының тақырыптары

Өткізу

уақыты

Тәрбие

түрі

Жұмыс

түрі

1

Білім күніне арналған Республикалық бейбітшілік пен келісім сабағы.

«Менің Отаным – Қазақстан»

01.09.

Қазақстандық пат-зм

Тәрбие

сағаты

2

Оқушының құқықтары мен міндеттері

08.09.

Құқықтық

Тәрбиес

3

Тазалық және түзу отыру ережелері

15.09.

СӨС

Тәрбиес

4

«Ана тілім –ардақтым» . 22 – қыркүйек –

Қазақстан халықтарының Тілдер күні

21.09.

Ұ лттық т.

Ертеңгілік

5

Мен - мектеп оқушысымын

28.09.

Рухани а.т

Пікіралысу

6

Басқаларды ұмытпа! 1 – қазан – Қарттар

күні

05.10

Рухани а.т

Кездесу

тәрб.с

7

Салауатты өмір салты деген не?

12.10

СӨС

Талдау

8

«Әлемнің болашағы –халықтардың достығы мен келісімінде»

19.10

Ұлттық т.

Тәрб.с

9

Мен және менің отбасым

26.10

Отбасы т.

Тәрб.с

10

Әдеп ережелері. Амандасу мәдениеті

02.11

Рухани а.т

Таныстыру

11

Бос уақытымда немен айналысамын?

16.11

Отбасы т.

Пікіралысу

12

Менің күн тәртібім

23.11

СӨС

Әңгімелеу

13

Мен Президентіммен мақтанам

30.11

Қазақстан-

дық пат-м

Тәрбие с.

14

Менің елім, менің Қазақстаным

07.12

Қазақстандық пат-зм

Сырттай саяхат

15

Тәуелсіздік туралы толғау

14.12

Қазақстандық патр-зм

Тәрбие с

16

Қыс айларындағы қауіпсіздік ережелері

21,12

СӨС

Таныс-у

17

Үнемі оқитын адам-табысты адам

28.12

Еңбек т.

Тәрбиес














Келісемін___________ Бекітемін_________

Тәрбие ісінің меңгерушісі Мектеп директоры

Махамбетов Т.О. Жұмашова Г.Н.


1 – сынып оқушыларымен II жарты жылдықта жүргізілетін тәрбие жұмыстары 2015 – 2016 оқу жылы

Сынып сағатының тақырыптары

Өткізу

уақыты

Тәрбие

түрі

Жұмыс

түрі

1

Біз бәріміз бірдейміз

11.01.16

Ұлттықт.

Тәрбие

2

Суық тию және жұқпалы аурулар

18.01

СӨС

Кеңес

3

Әдеп ережелері Сыпайылық .

25.01

Рухани а.

Тәрбие с

4

Құқықбұзушылық неден басталады?

08.02

Құқықтық

Талдау

5

Бастауыш мектеп оқушысының физиологиясы және гигиенасы негіздері

15.02

СӨС

Таныстыру

6

Қауіпті ойындар

22.02

Зияткерлі

Тәрбиес

7

Анамызға мың алғыс!

29.02

Рухани адамг..т

Кездесу

тәрб.с

8

Зиянды әдеттермен күресеміз

07.03

СӨС

Тәрб.с

9

Наурыз - Көктем мейрамы.

14.03

Ұлттық т

Тәрб.с

10

«Мен жасыл әлемді қолдаймын!»

19.03

Эколог-қ т

Суретконкурсы

11

Дұрыс тамақтану мәдениеті

04.04.

СӨС

Тәрбие с

12

Мектеп неге үйретеді?

11.04.

Рухани адамг.т

Тәрбие с

13

Мектептегі және үйдегі тәртіп ережелері

18.04.

Рухани а.

Тәрбие с.

14

«Халықтың бірлігі - елдің әл –ауқаты»

25.04

Көпмәден-көркемэт

Тәрбие с

15

«Бұл күндердің даңқы өшпейді»

02.05

Қазақстандық патр.

Тәрбие с

16

«Менің отбасымның дәстүрлері»

10.05

Отбасы т.

Кездесу т

17

Жаз айларындағы қауіпсіздік ережелері

16.05.

СӨС

Тәрбиес

18

Табиғат –біздің анамыз

23.05.

Экология

топсаяхат













  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,

құқықтық тәрбие.

Мақсаты:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен

жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық- зомбылыққа қарсы тұру даяр-

лығын қалыптастыру.

Тақырыптары

Өткізу уақыты

Жұмыс түрі

1

Менің Отаным - Қазақстан

01.09.2015

Тәрбие с.

2

Оқушының құқықтары мен міндеттері

08.09

Тәрбие с

3

Мен Президентіммен мақтанам

30.11

Тәрбие с

4

Менің елім, менің Қазақстаным

07.12.

Сырттай саяхат т.с

5

Тәуелсіздік туралы толғау

14.12.

Тәрбие с.

6

Құқықбұзушылық неден басталады ?

08.02.2016

Талдау

7

Бұл күндердің даңқы өшпейді.

10.05.

Тәрбие с.



2. Рухани - адамгершілік тәрбие

Мақсаты :

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтары- мен нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани –адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру

Тақырыптары

Өткізу уақыты

Жұмыс түрі

1

Мен - мектеп оқушысымын

28.09.2015

Тәрбие с.

2

Басқаларды ұмытпа! 1 – қазан – Қарттар күні

05.10.

Тәрбие с

3

Әдеп ережелері . Амандасу мәдениеті

02.11.

Тәрбие с

4

Әдеп ережелері .Сыпайылық академиясы

25.01.

Тәрбие с

5

Анамызға мың алғыс !

29.02.

Кездесу т с.

6

Мектеп неге үйретеді?

11.04.

Тәрбие с.

7

Мектептегі және үйдегі тәртіп ережелері

18.04.

Тәрбие с.





3. Ұлттық тәрбие

Мақсаты :

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республика- сын сындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәр- тәрбие биелеу

Тақырыптары

Өткізу уақыты

Жұмыс түрі

1

«Ана тілім – ардақтым».

21.09.2015

Ертеңг-к

2

Әлемнің болашағы - халықтардың достығы мен келісімінде

19.10.

Тәрбие с.

3

Біз бәріміз бірдейміз

11.01.2016

Тәрбие с.

4

Наурыз - Көктем мейрамы

14.03.

Тәрбие с.

4. Отбасы тәрбиесі.

Мақсаты :

Ата -аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық - педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

Тақырыптары

Өткізу уақыты

Жұмыс түрі

1

Мен және менің отбасым

26.10.2015

Тәрбие с.

2

Бос уақытымда немен айналысамын?

16.11.

Пікіралысу

3

М енің отбасымның дәстүрлері

10.05.2016

Кездесу т с.

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты:

Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым - қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту

Тақырыптары

Өткізу уақыты

Жұмыс түрі

1

Үнемі оқитын адам – табысты адам.

28.12.2015

Тәрбие с.

2

Мен жасыл әлемді қолдаймын

19..03.2016

Сурет конк.



6. Зияткерлік тәрбие , ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

Мақсаты :

Тақырыптары

Өткізу уақыты

Жұмыс түрі

1

Қауіпті ойындар

22.02.2016

Тәрбие с.





Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін , көшбасшылық қасиеттерін және да- дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру

7. Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие.

Мақсаты:

Тақырыптары

Өткізу уақыты

Жұмыс түрі

1

Халықтың бірлігі – елдің әл – ауқаты

25.04.2016

Тәрбие с.

2.

Табиғат - біздің анамыз

23.05.

Топсаяхат

Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін – өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру,тұлғаның қоғамдағы жалпы мәдени мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту

8. Дене тәрбиесі , салауатты өмір салты

Мақсаты :

Тақырыптары

Өткізу уақыты

Жұмыс түрі

1

Тазалық және түзу отыру ережелері

15.09.2015

Тәрбие с.

2.

Салауатты өмір салты деген не?

12.10.

Талдау

3

Менің күн тәртібім

23.11

Әңгімелеу

4.

Қыс айларындағы қауыпсіздік ережелері

21.12.

Таныстыру

5

Суық тию және жұқпалы аурулар

18.01.2016

Кеңес беру

6

Баст. сынып оқушысының физиологиясы, гигиенасы негіздері

15.02.

Таныстыру

7

Зиянды әдеттермен күресеміз

07.03

Тәрбие с.

8

Дұрыс тамақтану мәдениеті

04.04.

Тәрбие с.

9

Жаз айларындағы қауыпсіздік ережелері

16.05.

Тәрбие с.

Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орн





















































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Тәрбие сағаты

Тақырыбы : Оқушының құқықтары мен міндеттері.

Мақсаты : Оқушыларға оқушының құқықтары мен міндеттері тура-

лы мағлұмат беру, таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты : Оқушыларды құқықтарын қорғай білуге, өз

міндеттерін білуге, үлкендерді құрметтеуге, ізеттілікке

тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.

Көрнекілігі: «Ұлан» газеті №36 , 10 қыркүйек, 2002 жыл

Барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа тақырыпты хабарлау.

3 Сұрақтар қою. Құқық деген не? Ол туралы естідіңдер ме?

Оқушы құқығы дегенді білесіңдер ме? Оқушының міндеттері

туралы не білесіңдер?

4.»Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы жайлы түсінік беру.

5. Оқушылардың құқықтарымен таныстыру және талдау жасау.

. * Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар –намысын

құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, өзіндік ой – пікірлерін

білдіруге;

  • Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес

бағдарламалары мен курстарын таңдауға;

  • Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап,олардан көмек, түсінік, жауап алуға;

  • Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп

заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;

  • Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға

үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

  • Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан

сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;

  • Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.


  • Оқушылардың міндеттері .

  • Әрбір адамның ар –намысын құрметтей отырып, өзін кез – келген жағдайда лайықты ұстау.

  • Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын

кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу,

сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.

  • Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын ,

беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

  • Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметерлерін қадір тұту, мектеп директорының . мұғалімдердің педагогикалық ұжымның нұсқаулары

мен бұйрықтарына , сондай – ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен

мектептің қарарларына бағыну.

  • Мінез - құлық ережелерін сақтау:

  • Үлкендерді құрметтеу.

  • Басқа адамның ар – намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу.

  • Өзінің және жолдастарының денсаулыығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу, мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.

  • Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу.

  • Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет таныту, мұғалімдер мен ата – аналардың

заңды талаптарын орындау.

6. Бекіту.

Сұрақтар қою. Бүгінгі тәрбие сағатынан не білдік? Не үйрендік? Тәрбие

сағаты ұнады ма? Неліктен?



































Теректі станциясының № 6 негізгі орта мектебі








Тәрбие сағаты

Тақырыбы :

Әлемнің болашағы - халықтардың

достығы мен келісімінде.






1 -сынып жетекшісі Күйкенова К.Ө.











2015 -2016 оқу жылы.


Тақырыбы : Мен - мектеп оқушысымын.

Мақсаты : Оқушылардың мектеп табалдырығын аттаған күннен

бастап оқушы атанғандарын, оқушыға тән мінез - құлық,

әдеп ережелері қандай болуы керектігі туралы

әңгімелеу, таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты : Рухани – адамгершілік асыл қасиеттерді оқушы

бойына сіңіру, әдептілікке , мейірімділікке тәрбиелеу.


Барысы.

  1. Ұйымдастыыру кезеңі.

  2. Жаңа тақырып. « Мен - мектеп оқушысымын»

  1. Кіріспе.

  2. Сұрақ қою. Сендер кімсіңдер? Неліктен оқушы деп аталасыңдар

Оқушы қандай болуы керек? Қандай ережелерді, қағидаларды

білулерің керек? Сабақ үстінде өзін қалай ұстауы керек?

Көшеде қалай жүруі керек? Үзілісте оқушы өзін қалай ұстауы

керек?

3. Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

4. Білетін мақал - мәтелдерін, өлеңдерін тыңдау.

5.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушыларға арналған ережені оқу, талдау жасау.

  • Жақсы оқы. Оқу құралдарыңды таза ұста.

  • Тапсырманы тиянақты орында.

  • Көп еңбектен. Ата - анаңа, жолдастарыңа көмектес.

  • Денеңді шынықтыр. Спортпен шұғылдан.

  • Таза жүр. Таза, ұқыпты киін.

  • Күн режимін сақта. Бос уақытыңды мазмұнды өткіз.

  • Мектепте, үйде, көшеде өзіңді әдепті ұста.

  • Ұстаздарыңды сыйла. Айтқанын орында.

  • Мектепте оқушылармен тату бол.

  • Үлкендерге жол бер, сыйла.

  • Кездескен адамға жол бер.

  • Ата – анаңды сыйла, құрметте, айтқанын тыңда, орында.

  • Өзіңнен кішілерге қамқор бол.

  • Мектептің талабын орында.

  • Табиғатты сүй, қамқор бол, қорға.

6. Бекіту. Не білдік? Не үйрендік? Оқушы болу дегенді қалай

түсінесіңдер?


Тақырыбы : Салауатты өмір салты деген не ?

Мақсаты : Салауатты өмір салты жайлы мағлұмат беру, салауатты

өмір салтын ұстанудың маңызын, пайдасын ұғындыру,

сұрамақ - өлеңдерді оқу, талдау арқылы салуаттылық

жайлы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, салауатты

өмір салтын ұстануға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты : Салауатты өмір салтын ұстанған, дені сау

ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Спорт түрлеріне байланысты суреттер , спортшылар суреттері.


Барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен тақырыптарды пысықтау.

  3. Жаңа тақырып. «Салауатты өмір салты деген не?»

  1. Кіріспе. Тақырыпты хабарлау. Мақсатымен таныстыру.

  2. Сұрақтар қою. Салауатты өмір салты деген сөзді қалай түсінесіңдер? Салауатты өмір сүру үшін не істеу керек ?

Спорттың қандай түрлерін білесіңдер? Өзіңе қай түрі ұнайды?

Қандай спортшыларды білесіңдер?

  1. Оқушылардың жауаптарын толықтыру, шағын әңгіме.

  2. Сұрамақ - жауап өлеңдерді оқу, талдау жасау, оқушылардың пікірін тыңдау.


«Салауаттылық сабағы» - сұрамақ - жауап өлеңдер.

  1. Салауаттылық деген не ? Таза ауамен тыныстап,

Салауаттылық - сергек те , Бой қыздырып, тер шығар.

Таза жүру өмірде. Салауатты салтты ұғып,

Адамзаттық келбетке Таңда жолдың дұрысын

Дақ түсірмеу тегінде. Спортпенен жаттығып,

Бала болма тырысқақ, Жаз дененің құрысын!

Қылығыңды ел сынар,

  1. «Спорт деген немене?»

Спорт - сенің серігің Шұғылдансаң шын сүйіп,

Саулығың мен сенімің. Спорт - жеңіс, биік шың.

Спортпенен шыңдалар Етене өссең онымен

Жігерің мен ерлігің. Азаматсың, жігітсің.!

Жалаңаяқ құм басып, Қиындықты - тар өткен

Саяхатқа , шыңға шық. Төзімді боп әдеттен.

Табиғаттың көркіне Масаттанып жеңіске

Болғың келсе шын ғашық. Озба бірақ әдептен.

  1. Спорт түрлері, спортшылар туралы әңгімелеу.

  2. Спортқа, денсаулыққа байланысты мақалдар айту.

  3. Спорт құралдарының суреттерін салғызу.

9. Бекіту. Бүгінгі тәрбие сағатынан не үйрендік? Салауаттылық деген сөзді

қалай түсіндіңдер? Салауатты өмір сүру ұшін қандай зиянды әдеттен аулақ болу керек ? Тәңертеңгілік жаттығу жасайсыңдар ма? Оның қандай пайдасы бар?


Тақырыбы : Басқаларды ұмытпа ! 1 - қазан - Қарттар күні

Мақсаты : 1 – қазан - Қарттар күні мерекесі екені жайлы мағлұмат беру,

Еліміздің қарт, егде адамдарға жасап отырған құрметі, қамқорлығы

жайлы таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты : Үлкенді, қарттарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Мақалдар.

1. Қарты бар елдің - қазынасы бар.

2. Қарттарым - асыл қазынам.

3.Ауылыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең.

4.Суреттер


Барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа тақырып . «Басқаларды ұмытпа! 1 – қазан - Қарттар күні»

  1. Кіріспе.

  2. Сұрақтар қою Қарт адам, егде адам деген кім? Үйіңде қарт адам бар ма ? Ол кісі саған кім болып келеді? Қалай атайсың? Ата – әжеңді жақсы көресің бе? Қамқорлық жасайсың ба ? Қалай құрметтейсің?

Ата - әже туралы қандай өлең білесіңдер ? Ата - әжелердің мерекесі туралы не білесіңдер ? Қарттарға еліміз қандай құрмет көрсетіп отыр?

Ол туралы не білесіңдер?

  1. Оқушылардың жауаптарын толықтыру, бекіту.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қазақ қашанда қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды

мақсат тұтқан Елбасы « Қартын ардақтай білген елдің рухы үстем,

шаңырағы биік» деп еңкейген сәбиден , бойын түзеген әрбір азаматты қарияларымызды сыйлап , дәріптеуге шақырады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1990 жылғы 14 желтоқ-

сандағы №45/ 106 қарары 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп

қаулы етті. Біздің елімізде бұл мереке өткен ғасырдың 80 - жылда-

рының аяғынан бастап тойланып келеді.

Жыл сайын әлемдік қауымдастық 1 - қазанда Халықаралық егде адам-

дар күнін мерекелейді. Бұл мереке аға ұрпаққа деген құрметтің, соғыс

және еңбек ардагерлеріне деген құрметтің , қамқорлықтың белгісі.

Қазақстанда Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың даналық басшылығы-

мен жүргізіліп отырған жүйелі мемлекеттік саясаттың арқасында қарт адамдардың бақуатты өмір сүруіне жағдай жасауға зор мән беріліп келеді. Бүкіл қоғамның және біздің әрқайсысымыздың парызы-

мыз - аға ұрпақ өкілдеріне құрмет қарау, себебі олар біздің мемлеке-

тіміздің алтын қоры, салт - дәстүрді сақтаушы, патриотизмнің жарқын бейнесі , іске берілгендік пен төзімділіктің , өмірге құштарлықтың өнегесі болып табылады. Тұла бойы тұнған шежіре , өнегеге тұрарлық

салиқалы мінезді қазақтың көнекөз қарттары - ұлтымыздың сарқылмас

қазынасы. «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» дегендей ата - бабаларымыздың өсиеті, бізге жол сілтер ақ жол.

«Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі атпен тең. Ауылыңда

Ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген халық даналығында. Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің, алаңсыз күлкі, тәтті ұйқымыздың да сақшысы бола білген, самайларын қырау шалған

жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерімізге денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейміз.

  1. Өлеңдер оқу, талдау жасау, жаттату..

Отбасы.

Ата - үлкен кәріміз. Мейірімді апалар

Қуат берер дәріміз. Балалар кеп бата алар.

Сен бақытты ұлансың Қалтасына кәмпит сап

Бәрі саған қуансын. Немереге апарар.

Ата. Әже.

Айтады ертек жан атам. Атам айтса « ұлым» деп,

Ақ сақалын салалап. Әжем айтар « күнім» деп.

Құмарымды тарқатам Екеуінен қаймығып

Жер мен көкті аралап. Айтады әкем «інім» деп.

Ертегілер еліне Ықыласы бір менде

Бір шегетін сапары Бір шытпайды қабағын

Ардақтаймын өмірде Үйде, түзде жүргенде

Асқар таудай атамды. Соған ұқсап бағамын.

  1. «Менің атам және әжем» Оқушылардың өз ата – әжелері туралы әңгімелеуі.

  2. Бекіту. Бүгінгі тәрбие сағаты кімдерге арналды? Ата – әжелерімізді

қалай құрметтеуіміз керек ? Қарттарға қандай қамқорлық жасаған

болар едің ? Тәрбие сағатынан не үйрендік?





















Тақырыбы : Ана тілім - ардақтым.

Мақсаты : Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі екендігін

ұғындыру, өзінің ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге үйрету,

ана тілі туралы жазылған өлеңдерді оқып , талдау жасау, ана тілі

туралы өлең үйрету.

Тәрбиелік мақсаты : Ана тілін сүюге, ана тілінің жанашыры болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : ҚР Конституциясы, Суреттер, мақалдар.

Барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа тақырып. « Ана тілім - ардақтым»

  3. Кіріспе.

  4. Сұрақтар қою. Ана тілі деген не ? Біздің ана тіліміз қандай тіл? Тағы

басқа қандай тілдер бар ? Неліктен тілді ана тілі деп анаға теңейді?

Тіл туралы, ана тіілі туралы қандай өлеңдер, мақалдар білесіңдер?

Тіл туралы өлең жазған қандай ақындарды, тіл жанаашырларын білесіңдер?

  1. Тіл туралы білетін өлеңдерін , мақалдарын айтқызу.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Қазақ тілі -- қазақ халқының ана тілі.

Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы

ретінде қызмет етіп келеді.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия және т.б. шет елдерде тұра-

тын қазақтардың ана тілі.

Жалпы 6000 – ға жуық тілдің 100 - ғана мемлекеттік деген статусқа

Ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

Қазақ тілі - өте бай, әрі көркем тіл. Халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов « Ана тілін ұмывтқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген.

  1. Ана тілі туралы өлеңдер.


Ана тілі арың бұл, Ақыл - ойын дананың

Ұятың боп тұр бетте. Ана тілден аламын.

Өзге тілдің бәрін біл, Ана тілі ардақты

Өз тіліңді құрметте. Ақ сүтіндей ананың.


Өсірген ой білімді Ана тілі - біздің туған анамыз

Сүйемін туған тілімді. Анамыздай сыйлап бағып қағамыз.

Мақсат етем әр сөздің Ана тілін бағаласақ қалай біз

Мәнін терең білуге. Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

  1. Тіл туралы мақалдар

  2. Бекіту.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя