СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие жұмысының жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

сынып жетекшілерге арналған үлгілік тәрбие жұмысының жоспары

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие жұмысының жоспары»



ММ «№ 21 орта жалпы білім беретін мектебі»






«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН» Ә/Б отырысында ҚАРАЛДЫ

ММ «№ 21 ОЖББМ» директоры: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі Ә/Б жетекшісі

орынбасары:


____________ /Л.С.Шаркубенова/ ____________ / Т.Ж.Мутигуллина / ____________ / О.А.Гыска /


«_____» _____________ 2016 ж «_____» _____________ 2016 ж «_____» _____________ 2016ж











4 «А» сынып жетекшісі

Балагадинова Салтанат Бериковнаның

2016-2017 жылға арналған

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ























Орал – 2016 жыл


І. 2015/2016 ЖЫЛҒЫ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖҮРГІЗГЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ


Тәрбие – оқу процесімен бірге егіз жүретін, өте жауапты жұмыстар жүйесі. Сыныппен жұмыс барысында күрделі, бірмен – бірі байланысып жатқан тұтас оқиғаларға, оқушылардың әрқилы мінез-құлқына іс-әрекетіне тап болдым. Толық жатқан психологиялық толғаныстар кездесті.

Осы орайда өткен жылы 3 «А» сыныбымен біршама жұмыстар атқарылды. Ең алдымен оқушылардың өзін өзі бақылау дағдысы қалыптасқаны. Оқушылар өздеріне тапсырылған жұмысты орындай білді. Оқу барысында жоспарланған тәрбие жұмыстары өз мәнінде өткізіілді. Сыныпты барлығы 24 оқушы аяқтады. Сабақтан себепсіз қалған, тәртіп бұзған оқушылар болған жоқ. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, алдыңғы қатарлы сыныптың қатарынан көріне білді.

Тәрбиенің мақсаты: Отанға сүйіспеншілік пен ахзаматтық сана-сезім негізінде өз еліне пайда келтіру ынтасын/ талабын/ қалыптастыру, саяси және құқықты қатынастар жөнінде бастапқы түсінік, сынып қоғамын басқару іс-әрекетіне мораль және құқық нормаларын негізге ала отырып араласа білу қабілетін қалыптастыру, келелі мәселелері бар күнделікті өмірге дайын, адамдармен достасып, оларды сүйе және қуана білетін, яғни барлық жағдайда да бақытты бола білетін адамның жаңа мінез-құлық моделін қалыптастыру, салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігі туралы түсінікті қалыптастыру, адамның қоршаған ортадағы өзінің орнын түсінуге, табиғатты сақтауға ұмтылуға негізделген табиғатқа адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру.

Міндеттері: Отанға сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, мемлекеттік тлді үйренуге деген ынта мен ұмтылысты дамыту, мемлекеттік рәсіздерді құрметтеуді қалыптастыру, оқушылардың Отанның қазіргісі, өткені мен келешек дамуына қатысы бар екендігін жете түсінуге ықпал ету, сынып қоғамы деңгейінде баланың әр алуан байланыстар жасау қабілеттерін дамыту, отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері білімін қалыптастыру, сынып өміріне белсенді түрде қатынасу тілегін қалыптастыру, өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін дамыту, өз денсаулығының ерекшеліктері және жағдайы туралы білімін қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін деректер туралы білімін қалыптастыру, жағымды әдеттерді тәрбиелеу, спортпен шұғылдануға ұмтылушылықты дамыту, өз табиғаттың тірі бөлшегі ретінде және өзін әлемнің бір бөлігі мен ондағы орны туралы білімін қалыптастыру, табиғатты қорғаудың қажеттілігі туралы көзқарасты қалыптастыру, қарапайым экологиялық бақылаулар жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

Қыркүйек айында бірыңғай «Менің Отаным - Қазақстан» сынып сағаты, «Денің сау болсын десең», «Өзге тілдің бәрін біл- өз тіліңді құрметте», «Жол жүру ережелерін білеміз бе?», «Әкеге қарап ұл өсер.....» сынып сағаттары өткізілді. Жаңадан келген оқушылармен әңгіме жүргізіліп, сыныпқа тез бейімделуіне жәрдем көрсетілді. Сыныптың әлеуметтік төлқұджатын толтыру мақсатында үйлерді аралап, аз қамтылған отбасыларды, көп балалары отбасылард анықталды. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында «Қоғам және дің» сурет салу, «Дің және оның түрлері» видеороликтер көрсету, «Құрбан айт туралы не білеміз?» әңгімелесу, «Менің баламның қауіпсіздігі» ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Оқушылар өмірінің қауіпсіздігіне байланысты «Мектеп - Үй» сызбасын сызу, «Менің досым бағдаршам» сурет байқауы өткізілді. Сынып белсенділерін сайлау, спорттық секцияларға жазылуды ұйымдастыру, үйірмелерге жазылауды ұйымдастыру сынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.

Қазан айында жоспар бойынща «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», «Үлкендерді құрметтейік», «Сары алтындай сары күз», «Аулақ бол жаман әдеттен», «Кітап – сарқылмас қазына» сынды сынып сағаттар ұйымдастырылды. Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатынастым, әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың үйіне бардым. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында «Терроризм және оның зардаптары» әңгіме жүргізілді. Оқушылар өмірінің қауіпсіздігіне байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары, кешкілік уақытта оқушылардың жалғыз жүруін қадағалау жұмыстары жүргізілді. Сыныпты көгалдандыру қолға алынды.

Қараша айында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Сыйластыққа себеп көп», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты сынып сағаттар жоспарланып, өткізілді. Сынып бұрышы жаңартылды. Өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларға /аз қамтылған отбасы, анасымен тұрып жатқан қыздар, кеңес берілді. Оқушылардың қосымша сабақтарға қатысуын кестесін құрылып, қадағаланды. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар өмірінің қауіпсіздігіне байланысты күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулығы жүргізілді, «Қорқынышсыз балалалық шақ» суреттер байқауы ұйымдастырылды. Мектеп формасын сақтауды қадағалау және қиын оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.

Желтоқсан айында «Мен және мені қоршаған орта», «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»сынып сағаттары және «Қош келдің – Жаңа жыл!» жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. «Өзгеге қол ұшын бер» акциясы ұйымдастырылды. «Суицид –тығырықтан шығар жол емес» әңгіме жүргізілді. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында терроризмді алдын алу шаралары туралы айтылды. Қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздігіне нұсқаулық жүргізілді, «Менің қауіпсіз жолым» сызбасы сызылып, оқушылар таныстырып өтті, «Жас өрт сөндіруші» сайысы ұйымдастырылды. Аз қамтылған оқушылармен жұмыс жасалды, жаңа жылдық мүсіндер, плакаттар әзірленді, сынып белсенділерінің есебін тыңдалды /топ басшысы кезекшілікті атқарғандығы туралы, кітап жағдайы туралы, сыныптағы көгалдандыру жұмыстары туралы/

Қаңтар айында «Салауатты өмір салты», «Еңбек етсең ерінбей.....», «Адамгершілік – асыл қасиет» сынып сағаттары жоспар бойынша өтті. Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді /мектептен оқу құралдары берілді/. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында «Мұздағы қауіпсіздік» нұсқаулығымен танысты. Себепсіз сабақ қалдыратын оқушылардың үйіне барылды, «Жасөспірімдердегі зиянды әдеттердің алдын – алу» тақырыбында оқушылармен әңгіме жүргізілді.

Ақпан айында «Бабадан қалған асыл мұра», «Әдет пен әдеп», «Рәміздерім – мақтанышым» сынып сағаттары жоспар бойынша өтті. Пән мұғалімдерінінң сабақтарына қатынастым. Жаңадан келген оқушылармен жұмыс жүргізілді. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында «Дін және оның түрлері» әңгіме жүргізілді. Оқушылар өмірінің қауіпсіздігіне байланысты «Жас өрт сөндіруші» атты сынып сағаты, «Мұздағы қауіпсіздік» нұсқаулығы жүргізіліп, қол қойды. Сабақты себепсіз қалдыратын оқушылардың үйіне барып, ата-анасымен жеке әңгіме жүргізілді.

Наурыз айында «Айналайын анашым» атты сынып сағаты, және «Анаға қарап қыз өсер» атты қыз сыны, «Сөз анасы - сәлем» сынып сағаты және ата-аналармен бірлесе отырып, кең көлемде «Қош келдің, Әз Наурыз» атты іс-шара өтті. Толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылармен жұмыс жасалды, өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларға кеңес берілді, «Менің жаңа мектептегі достарым» сурет салу байқауы өтті. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында «Дің лаңкестігі» тақырыбында әңгіме жүргізілді, «Менің баламның қауіпсіздігі» ата-аналармен жеке әңгіме жүргілді. Оқушылармен бірлесе отырып «Жолды кесіп өтудің ережелері» туралы талқыланды. Көп балалаы отбасыларында тәрбиеленген оқушылармен жеке жұмыс және тәртібі нашар оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.

Сәуір айында құстар күніне орай «Құстар – біздің досымыз» сынып сағаты, Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлемі», «Мен табиғатты сүйемін», «Бірлігі күшті ел озады», «Олардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды» атты сынып сағаттарылды ұйымдастырылды. Аз қамтылған отбасылармен жұмыс жасалды. «Үйде жалғыз қалғанда не істеу керек?» тақырыбында оқушылармен әңгіме жүргізілді. «Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында практикалық сабақ өтті. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында «Ислам» діңі тақырыбында әңгіме жүргізілді. Оқушылардың мектеп формасын киюін қадағаланды.

Мамыр айында Ынтымақ, Бірлік күніне орай «1-мамыр Халықтар Бірлігі күні» шерудің ұйымдастыруы туралы, Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіске – 71 жыл» сынып сағаты, «Дені саудың – тәні сау» сынып сағаты, оқушылар арасында «Дарабоз сайысы» ұйымдастырылды. «Мен және мені қоршаған орта» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Діни эсктремизмді алдын алу мақсатында «Дің лаңкестігінен сақ бол!» әңгіме жүргізілді. «Абайлаңыз!» жолда өзің ұстау режелеріне кеңес берілді, «Жазғы каникул кезіндегі кауіпсіздік» нұсқаулығымен таныстырып, оқушылар қол қойды. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қайда болатынын туралы әңгіме жүргізілді, «Алақай жаз келді!» сурет байқауы ұйымдастырылды.

Өткен оқу жылындағы тәрбие мақсаты мен міндеттеріне негізделе отырып құрылған сынып сағаттар жоспар бойынша өтті. Ата-аналармен бірлесе отырып біраз жұмыстар жүргізілді. 2015/2016 оқу жылында жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, 2016/2017 жаңа оқу жылындағы тәрбиенің жаңа мақсат-міндеттерін басшылыққа алдым.

Тәрбиенің мақсаты:

  • Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.

  • Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан – жақты дамуына отбасы мен жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып, ата – аналарға, оқушыларға оқу – тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру.

  • Балаларға салауатты өмір салтының машықтарын сіңіру және насихаттауға байланысты нақты шараларды жүзеге асыру. Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру.

  • Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиясы нашар аймақтармен таныстыру, жерге деген мейірім мен ықыласын, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.

  • Оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін, санаткерлікжәне жалпы даму көрсеткіші негізінде тілін дамыту. Отаншылдыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

  • Оқушылардың экономикалық білім негіздерін толықтыру, ата – ананы құрметтеуге, олардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу,

  • Оқушыларды отбасы бюджетін үнемді, ұқыпты, дұрыс жұмсай білуге тәрбиелеу.

  • Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушылардың әдеп әліппесі бойынша ықпал жасау

  • Әдет – ғұрыпты сақтайтын, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым – қатынас жасау дағдыларын арттыру.

Тәрбиенің міндеттері:

  • Отанымыздың тарихи құндылықтарын бағалау қабілеттілігін арттыру. Отандық қорғау-азаматтық борыш ұғымын қалыптастыру.

  • Адами іс-әрекет жасау тәжірибесін қалыптастыру,сыртқы келбет пен күнделікті тұрмыс тіршілік дағдыларын қалыптастыру

  • Эстетикалық құндылықтарды өн бойына игеруге қызығушылығын арттыру,қандайда бір көркем шығарма саласында өзінің бейімділігі мен қабілетін байқап көруге ұмтылысын қалыптастыру.

  • Табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру,жанашырлық сезімін қалыптастыра отырып,табиғат үйлесімін қорғауға көзқарасты нығайту

  • Өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде пікір айта алуына дағдыландыру.

  • Теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психологиялық, әлеуметтік және рухани саулық туралы түсінік қалыптастыру.

  • Нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдерінің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көздеген мақсатына жетудегі шыдамдылықты қалыптастыру.

  • Шығармашылық жұмыстарда оқушы өзінің ойын білдіріп,қабылдаған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білу және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру

  • Әрбір оқушының өзін өзі бағалау, өзін — өзі реттеу, өзін — өзі іске асыру қабілетін дамыту, өзіне деген сенім қалыптастыру, өз қадірін сақтай білу және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру.

  • Кәсіби шығармашылық танымын кеңейту,мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және адам белгілі бір еңбек іс-әрекетіне неіп,бір ізге түсуіне көмек беру.

  • Оқу процесінде алған білімдерін тереңірек жетілдіріп, жан – жақты дамыған, кешегіні білетін, бүгінгіні саралай алатын тұлға қалыптастыру.

 




ІІ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ:


1.Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие


Тәрбиенің мақсаты: құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылар арасында нашақорлық, жас полицей және жас инспекторлармен бірлесе отырып іс-шаралар өткізу.


Тәрбиенің міндеттері:

  • Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімді күшейту, мемлекеттік тілде сөйлеуге деген құлшынысты дамыту;

  • ұлттық намыс, ұлттық сана –сезімді күшейту;

  • халықаралық жағдайды, Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі мәселелеріне талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру;

  • өз елі мен халқының салт-дәстүрлерін, саяси тарихын білуге, өзінің саяси және құқықтық сауатын арттыруға деген құлшынысын күшейту;

  • тәрбиеленушілердің эмоционалдық-құндылық бағдарларын өз мемлекетінің тарихы мен мәдениетін ұғындыру арқылы дамыту;


Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

Білім күні.

мектепішілік іс шара

қыркүйек

сынып жетекші


2

«Мен өз елімнің патриотымын»

бірыңғай сынып сағаты

қыркүйек

сынып жетекші


3

«Уақытты текке өткізбе, тез хабар бер 101-ге»

сынып сағаты

қыркүйек

сынып жетекші


4

«Өнер алды - қызыл тіл»

сынып сағаты

қыркүйек

сынып жетекші


5

«Гүлден менің әр елім»

сынып сағаты

қазан

сынып жетекші


6

«Сен және төтенше жағдай»

сурет көрмесі

қазан

сынып жетекші


7

«Жол ережесін білу міндет»

сурет салу

қараша

сынып жетекші


8

«Құқықтық сауаттылықтың заман талабы»

ой талас

желтоқсан

сынып жетекші


9

«Бақытты сәт»

инттелектуалдық ойын

ақпан

сынып жетекші


10

Еске алу апталығы

«Ешкім де ұмытылмайды....»

бірыңғай сынып сағаты

мамыр

сынып жетекші


11

Суреттер байқауы «Мәңгілік алау жанында»

байқау

мамыр

сынып жетекші



Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ілңн сүюге, өз елінің тарихын сыйлауға үйренеді, оқушыларда патриоттық рух пайда болады, құқықтық санасы қалыптасады.










2. Рухани-адамгершілік тәрбие


Тәрбиенің мақсаты: кейінгі ұрпақты жоғары рухани және адамгершілік қасиеттерімен тәрбиелеу


Тәрбиенің міндеттері:

  • адамдармен қарым-қатынаста адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру;

  • мораль туралы білім қалыптастыру, оның мәнін аша білуге, мораль нормаларының әлеуметтік және психологиялық мақсатқа сәйкестігін түсіндіре білуге үйрету;

  • қарым-қатынас мәдениетін, күнделікті тұрмысты ұйымдастыру білу және адамгершілік мінез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • жалпыға ортақ мораль нормаларын сақтауға ұмтылысын қалыптастыру;

  • адамгершілікке жат мінез-құлыққа рухани жағынан белсенді түрде қарсы тұру қабілетін қалыптастыру;

  • өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруге негізделген адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;


Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

«Ұрлық түбі - қорлық»

сынып сағаты

қыркүйек

сынып жетекші


2

«Шындық шыңы – ақиқат»

ой талқы

қазан

сынып жетекші


3

«Тәртіп тәрбие бастауы»

дөңгелек үстел

қараша

сынып жетекші,


4

«Қонақжайлылық қандай қасиет»

сынып сағаты

желтоқсан

сынып жетекші


5

«Мен мейірімділікті қалай түсінемін?»

сынып сағаты

қаңтар

сынып жетекші



6

«Шешендік сөздер – құнды мұра, асыл қазына»

әңгіме сағаты

қаңтар

сынып жетекші,


7

«Әдептілік тәрбие бастауы»

өнеге сағаты

ақпан

сынып жетекші


8

«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын»

дөңгелек үстел

сәуір

сынып жетекші


9

«Имандылық – инабаттылық мұраты»

сынып сағаты

мамыр

сынып жетекші



Күтілетін нәтиже: оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықтарын сақтауға, әр істе сабырлы болуға үйренеді

















3. Ұлттық тәрбие


Тәрбиенің мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.


Тәрбиенің міндеттері:

  • этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;

  • мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;

  • өз халқының мәдени мұрасына;

  • қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;

  • Қазақстанның этномәдениетіне;

  • этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.



Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

ҚР Мемлекеттік гимнін іс-шараларда орындау


жыл бойы

сынып жетекші


2

«Рәміздерім - мақтанышым»

сынып сағаты

қыркүйек

сынып жетекші


3

«Талдырмай жүріп қанатын, жүрекке жол табатын ұстаздар»

сауалнама

қазан



4

«Мақал – сөздің маржаны»

буклет жинақтау

желтоқсан

сынып жетекші


5

«Жаңа жыл мерекесіне дайындық»

дайындық шаралары

желтоқсан



6

«Әдебіңді әрлей біл»

әңгіме сағаты

қаңтар



7

«Адамгершілік асыл қасиет»

сынып сағаты

ақпан



8

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

сынып сағаты

наурыз

сынып жетекші


9

«7 санының құпиясы»

сынып сағаты

сәуір

сынып жетекші


10

«Әдепті бала – арлы бала»

өнеге сағаты

мамыр




Күтілетін нәтиже: оқушы бойында ұлттық танымы кеңейіп, рухани құндылықтарды әсемдік арқылы көрсем мәдениет арқылы қалыптасады


















4.Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру


Тәрбиенің мақсаты: отбасы дәстүрін сақтауға және үлкен адамдар мен ата-анасын сыйлауға тәрбиелеу.


Тәрбиенің міндеттері:

  • отбасы құндылықтарын және баланың отбасындағы әлеуметтік рөлдерді орындай білу қабілеттерін қалыптастыру

  • отбасын құндылық ретінде сезіне білу қабілетін қалыптастыру

  • отбасылық міндеттерді орындаумен байланысты қолданбалы біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру

  • отбасында дау-дамайсыз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру

  • гендерлік айырмашылықтарға байланысты психологиялық, дүниетанымдық ерекшеліктер жөнінде білімдерін қалыптастыру


Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

Сыныптың әлеуметтік портреті

диагностика жасау

қыркүйек

сынып жетекші, әлеуметтік педагог


2

Үйдің тұрмыстық жағдайн тексеру мақсатында үйді аралау

әңгіме

жыл бойы

сынып жетекші


3

Ата-аналар жиналысы «Балаға үй тапсырмасын орындауға қалай көметесуге болады?»

пікірталас, әңгіме, сауалнама

қыркүйек

сынып жетекші


4

«Отбасы бақыты дегеніміз не?»

пікір алысу

қыркүйек



5

«Менің отбасым – менің байлығым»

дөңгелек үстел

қыркүйек

сынып жетекші, ата-аналар


6

«Қыз бала тәрбиесі»

сынып сағаты

қазан

сынып жетекші


7

Ата-аналар жиналысы «Қазіргі заманғы отбасындағы мадақтау мен жазалау»

пікірталас, әңгіме, сауалнама

қараша

сынып жетекші


8

Ата-аналар жиналысы «Оқушының оқу үрдісіндегі үй жұмысының маңызы»

пікірталас, әңгіме, сауалнама

қаңтар

сынып жетекші


9

«Ұл бала тәрбиесі»

сынып сағаты

қаңтар



10

«Айналайын анашым»

мерекелік шара

наурыз

сынып жетекші


11

Ата-аналар жиналысы «Оқушы өміріндегі оқулықтар. Оқушының оқу және көркем әдебиетке қарым-қатынасы»

пікірталас, әңгіме, сауалнама

наурыз

сынып жетекші


12

«Мен және менің анам»

сурет салу

наурыз



13

Ата-аналар жиналысы

«Оқу жылының қорытындысы. Жолда, суда өзің ұстау ережелері, өрт қауіпсіздігі.»

пікірталас, әңгіме, сауалнама

мамыр

сынып жетекші


14

«Қош бол, бастауыш мектеп!»

мерекелік шара

мамыр

ата-аналар комитеті, сынып жетекші


Күтілетін нәтиже: отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасы нығая түседі

5. Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі


Тәрбиенің мақсаты: еңбек қатынастарында әлеуметтік мәнді мақсаткерлікті тәрбиелеу, оқушыларға еліміздің байлықтарын, табиғатын және өлкемізді қорғау мен сақтауға тәрбиелеу


Тәрбиенің міндеттері:

  • өз-өзіне қызмет ету дағдысын дамыту;

  • тапсырылған іске жауапкершілікті тәрбиелеу;

  • материалдық құндылықтарға құрметпен қарауын қалыптастыру;

  • кәсіби және жекелік тұрғысынан мәнді негізгі құзырлылықтарын қалыптастыру (арнаулы, бағдарлы, коммуникативтік, әлеуметтік, интеллектуалдық, ақпараттық, дербестік);

  • оқушыларды кәсіби қоғамдастықтың дәстүрлері мен құндылықтарына араластыру, кәсіби этика мен корпоративтік мәдениет нормаларын бұлжытпай орындауға үйрету

  • экономика негіздерін, нарық заңдары мен механизмдерін, кәсіпкерлік қызметтің мәнін білу, түсіну және еркін түрде пайдалана білу қабілетін қалыптастыру

  • кәсіби ұтқырлық дағдыларын қалыптастыру

  • өзіне-өзі қызмет ету біліктілігі мен дағдысын, еңбек қызметінің сан алуан түрлеріне адал, жауапкершілікті және шығармашылық қатынас қалыптастыру;

  • ұжымда, командада жұмыс істей білу, қажетті ресурстарын ұтқыр пайдалана отырып өз бетінше, белсенді түрде және жауакершілікпен іс-әрекет ете білу біліктіліктерін қалыптастыру;

  • экологиялық этика нормаларын білуін қалыптастыру;

  • тұлғаның рухани дамуының көрсеткіші ретінде өскелең ұрпақтың бойында экологияға лайықты мінез-құлық тәрбиелеу;


Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

«Жердің жеті белдеуі»

сынып сағаты

қазан

сынып жетекші


2

«Құмырсқалар өркениеті»

сынып сағаты

қараша

сынып жетекші, тәрбиеші, ата-аналар комитеті


3

«Өмірдегі ең маңызды ақша ма?»

пікірсайыс

қараша

сынып жетекші


4

«Тәуелсіз елдің төл теңгесі»

сынып сағаты

желтоқсан

сынып жетекші


5

«Еңбек бәрін жеңбек»

сынып сағаты

қаңтар

сынып жетекші


6

«Табиғат – тал бесігім»

сынып сағаты

ақпан

сынып жетекші


7

«Табиғат құпиялары»

өнеге сағаты

ақпан

сынып жетекші


8

«Бұдан былай ақы сұрамаймын, ана»ой талқы

ой талқы

наурыз

сынып жетекші


9

«Үш санындағы ұшқыр ой»

сынып сағаты

наурыз

сынып жетекші, тәрбиеші, ата-аналар комитеті


10

«Каспий экологиясы»

дөңгелек үстел

сәуір

сынып жетекші


11

«Дәрілік өсімдіктер дәрумені»

сынып сағаты

мамыр

сынып жетекші



Күтілетін нәтиже: табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсінеді табиғаттың тылсым сырына үңіле бастайды, белгілі бір еңбекте іс-әрекет саласына енуге ұмтылысы қалыптасады

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие


Тәрбиенің мақсаты: мінез-құлықтың тұрақтылық ұстанымын қалыптастыру, рухани және эстетикалық құндылықтарды, сенім мен мінез-құлық моделін тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту


Тәрбиенің міндеттері:

  • қарым-қатынасты ұйымдастырудағы құндылықтар, идеалдар, нормалар жүйесін қалыптастыру, шығармашылық қызметте өзінің жекелігін сақтап қалу үшін басқалармен байланыс орнату, оларды дамыту, келістіру, қалыпқа түсіру және түзетіп отыру

  • ашық ақпараттық, білімдік, іс-әрекеттік, коммуникативтік, әлеуметтік және тұлғалық кеңістік құру

  • балалар мен жастарда дербес және жауапкершілікті тұлға болуға деген қажеттілік қалыптастыру

  • қарым-қатынас жасауға деген қажеттілігін, шығармашылық қызметі мен өзін-өзі ұйымдастыруын қалыптастыру

  • қоғамның рухани мәдениетін сақтау және дамыту, отбасылық, ұлттық дәстүрлерді жалғастыру

  • сезім мәдениетін қалыптастырудың негізі ретіндегі баланың эмоционалдық өрісін дамыту

  • көркемдік және эстетикалық талғамын, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру



Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

«Өз ісіміңе сай бол»

топтық шығармашылық жұмыс

қыркүйек

сынып жетекші


2

«Сабырлы болу қиын ба?»

сынып сағаты

қыркүйек

сынып жетекші


3

«Менің досым кім?»

пікір алысу

қазан

сынып жетекші


4

«Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт»

сынып сағаты

қазан

сынып жетекші


5

«Кешірімділік – көңіл кеңдігі»

ой талқы

қараша

сынып жетекші


6

«Айналамдағылар менің қандай қасиетімді бағалайды?»

дөңгелек үстел

қаңтар

сынып жетекші



Күтілетін нәтиже: шығармашылық қызметте өзің дербестігін көрсетуге, әр түрлі топ өкілерімен қарым-қатынас жасау мәдениеті қалыптасады
















7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі


Тәрбиенің мақсаты: тұлғаның әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық сияқты сапаларын қалыптастыру, ақыл-ой қабілетін, білімқұмарлығын дамыту


Тәрбиенің міндеттері:

  • әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі мінез-құлықтың өзіндік стилін, шығармашылығы мен дербестігін, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге орай тез және адекватты түрде әрекет ете білушілігін, белсенді өмірлік ұстанымын дамыту.

  • заманауи ғылыми дүниетанымды қалыптастыру және базалық құндылықтарды игерту;

  • оқушылардың белсенді ойлау қызметін дамыту, олардың санасын қолжетімді, элементарлық білімдермен байыту;

  • танымдық қызығушылықтарын дамыту үшін жағдай туғызу;

  • оқушылардың ой еңбегін ұйымдастыру дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру

  • оқушылардың жеке қабілеттерін зерттеу


Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

«Оқушы портреті».

тұлғаның мінездемелік ерекшелігін зерттеу

жыл бойы

сынып жеткші, психолог


2

«Мұражайлар тарихынан мәлімет»

сынып сағаты

қазан

сынып жетекші


3

«Тапқыр топтар»

танымдық сайы

қараша

сынып жетекші


4

«Отан сүйер ұлан бол»

сынып сағаты

желтоқсан

сынып жетекші


5

«Дарындылар додасы»

зияткерлік сайыс

желтоқсан

сынып жетекші


6

«Логикалық сұрақтар тауып келу»

танымдық ойын

ақпан

сынып жетекші


7

«Алтын қақпа»

зияткерлік ойын

ақпан

сынып жетекші


8

«Әкем, шешем және мен, сөз сөйлеймін мәтелмен»

сайыс

сәуір

сынып жетекші


9

«Сынып дарабозы»

сайыс

мамыр

сынып жетекші


10

«Мен қандай мектепті армандаймын?»

тренинг

мамыр

сынып жетекші



Күтілетін нәтиже: ақыл-ойы жан-жақты дамыған, білімді азамат тәрбиеленеді














8. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру


Тәрбиенің мақсаты: салауатты өмір сүруге және зиянды әдеттердің алдын алуға қажеттілік қалыптастыру


Тәрбиенің міндеттері:

  • адамгершілік және гуманистік бағдарларға ие, психикалық және дене жағынан сау, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптасуы үшін қолайлы жағдай туғызу

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту және өмірін қорғау.


Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

Жас өспірім және темекі

сынып сағаты

қараша

сынып жетекші


2

ЖҚТБ туралы не білеміз?

сынып сағаты

желтоқсан

сынып жетекші


3

«Өз денсаулығыңа зиян келтірме»

қабырға газетін шығару

қаңтар

сынып жетекші


4

«Салауатты өмір сүру дегеніміз не?»

сынып сағаты

ақпан

сынып жетекші


5

«Тәуелсіздік тұткасы бізге аманат»

спорттық ойындар

наурыз

спорт секторы


6

Әуелгі байлық - денсаулық

сынып сағаты

сәуір

сынып жетекші


7

Спорттық секциялардың жұмысы

секциялар

жіл ішінде

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі




Күтілетін нәтиже: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттыдығын түсінеді, денсаулықты сақтаудың өмірлік дағдарысы мен жауапкершілік тәртібінде дағдыланады




























9. Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру


Тәрбиенің мақсаты: коммуникативтік мәдениетін, жеке қасиеттері мен өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін өалыптастыру.


Тәрбиенің міндеттері:

  • жаңа білім алуға, жағдайды сын көзбен бағалауға деген құлшыныстарын қалыптастыру

  • өз бетінше білім алу қабілетін қалыптастыру

  • әлеммен ақпарат алмасу, ақпараттық қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру

  • салыстыру және талдау дағдыларын қалыптастыру

  • адам-адам, адам-қоғам, адам-техника, адам-табиғат жүйесіндегі фундаментальдық білімдерін қалыптастыру

  • жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарағандағы қоршаған әлемді түсінуін, өзін соның бір бөлшегі және сол үшін жауапкершілікте екендігін сезінуін, өзінің өмірлік тұғырнамасын анықтауын, қоршаған ортаға деген өзінің көзқарастарын бір жүйеге келтіру


Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

«Бақыт дегенің өмір сүру екен ғой»

психологиялық трениг

қыркүйек

сынып жетекші


2

«Менің сыныбым – менің ұжымым»

сынып жиналысы

қыркүйек

сынып жетекші


3

«Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында»

рөлдік ойындар байқауы

қазан

топтық шығармашылық жұмыс


4

«Өзіңді танығаның – әлемді танығаның»

тренинг

қараша

сынып жетекші


5

«Кикілжің және оны болдырмау жолдары»

ой талқы

желтоқсан

сынып жетекші


6

«Достық неден басталады?»

дөңгелек үстел

қаңтар

сынып жетекші


7

«Жан сұлулығы – үлкен байлық»

сынып сағаты


ақпан

сынып жетекші


8

«Іздегенде табылатын қасыңнан»

сынып сағаты

сәуір

сынып жетекші



Күтілетін нәтиже: оқушы өздік «Мен»-іне жақындап, өзін-өзі анықтайды



















10. Кәсіби-шығармашылық тәрбие


Тәрбиенің мақсаты: оқушыларды кәсіби қоғамдастықтың дәстүрлері мен құндылықтарына араластыру, кәсіби этика мен корпоративтік мәдениет нормаларын бұлжытпай орындауға үйрету


Тәрбиенің міндеттері:

  • еңбек қатынастарында әлеуметтік мәнді мақсаткерлікті тәрбиелеу;

  • өз-өзіне қызмет ету дағдысын дамыту;

  • тапсырылған іске жауапкершілікті тәрбиелеу;

  • материалдық құндылықтарға құрметпен қарауын қалыптастыру;

  • мектеп түлегінің өзін-өзі кәсіби анықтауына ықпал ету, мамандығын саналы түрде таңдауға дайындау;

  • кәсіби және жекелік тұрғысынан мәнді негізгі құзырлылықтарын қалыптастыру (арнаулы, бағдарлы, коммуникативтік, әлеуметтік, интеллектуалдық, ақпараттық, дербестік);


Іс-шаралардың тақырыбы

Жұмыс формасы

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1

«Ұстаздың кәсіптің нәсібі»

шығармалық жұмыс

қазан

сынып жетекші


2

«Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы»

сынып сағаты

қараша

сынып жетекші


3

«Кесте тігу – мол өнер»

өнеге сағаты

желтоқсан

сынып жетекші


4

«Мың мамандық бәрі бар, таңдап талғап бірін ал

өнеге сағаты

ақпан

сынып жетекші


5

«Сәулетші қандай мамандық?»

әңгіме сағаты

мамыр

сынып жетекші


6

«Қазақтың ұлттық ойындары»

сынып сағаты

мамыр

сынып жетекші



Күтілетін нәтиже: маңызды кәсіби қасиеттерді меңгеруге деген ұмтылысы қалыптасады
























Қыркүйек


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие

«Мен өз елімнің патриотымын»


«Уақытты текке өткізбе, тез хабар бер 101-ге»


«Өнер алды – қызыл тіл»


Рухани-адамгершілік тәрбие




«Ұрлық түбі - қорлық»

Ұлттық тәрбие


«Рәміздерім - мақтанышым»



Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру





Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі





Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие





Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі





Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру





Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру





Кәсіби-шығармашылық тәрбие





Әлеуметтік бейімділік

Жаңадан келген оқушылармен әңгіме жүргізу

Сыныптың әлеуметтік төлқұжатын толтыру

Аз қамтылған отбасыларды анықтау

Көп балалы отбасыларды анықтау

Діни эсктремизмді алдын алу


«Құрбан айт туралы не білеміз?» әңгімелесу


«Менің баламның қауіпсіздігі» ата-аналармен әңгіме жүргізу

Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі

«Мектеп - Үй» сызбасын сызу

Жүргіншілер қауіпсіздігі

Еңбекке баулу сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Біз жолда жүру ережелерін білеміз бе?

Оқушылармен жеке жұмыс

Сынып белсенділерін сайлау

«Отбасы бақыты дегеніміз не?» пікір алысу

Спорттық секцияларға жазылуды ұйымдастыру

«Өз есіміңе сай бол» шығармашы-лық жұмыс


Қазан


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие




«Гүлден, менің әр елім»

Рухани-адамгершілік тәрбие

«Шындық шыңы ақиқат»

ой талқы




Ұлттық тәрбие





Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру

«Қыз бала тәрбиесі»




Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі


«Жердің жеті белдеуі»



Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие



«Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт»


Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі




«Мұражайлар тарихынан мәдлімет»

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру





Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру





Кәсіби-шығармашылық тәрбие





Әлеуметтік бейімділік

Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру

Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатынасу


Мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынас

Діни эсктремизмді алдын алу



«Терроризм және оның зардаптары»

әңгіме жүргізу

Күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік

Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі


Жолда жүру ережелері туралы білімін тексеру


ЖЖЕ-нің негізгі ережелері мен терминдері

Оқушылармен жеке жұмыс

«Сен және төтенше жағдай» сурет көрмесі

«Менің досым кім? » пікір алысу

«Талдырмай жүріп қанатын, жүрекке жол табатын ұстаздар» сауалнама жүргізу

«Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында» рөлдік ойындар




Қараша


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие





Рухани-адамгершілік тәрбие





Ұлттық тәрбие





Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру





Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі


«Құмырсқалар өркениеті»



Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие





Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі





Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру



«Жасөспірім және темекі»


Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру





Кәсіби-шығармашылық тәрбие




«Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы»

Әлеуметтік бейімділік


Сынып бұрышын жаңарту


Оқушылардың қосымша сабақтарға қатысуын қадағалау

Діни эсктремизмді алдын алу



Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар туралы әңгімелесу


Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі


Ескерту белгілері


Оқушылардың топтардағы және колоннадағы қозғалысы

Оқушылармен жеке жұмыс


«Өмірдегі ең маңызды ақша ма?» пікір сайыс

«Тәртіп тәрбие бастауы» дөңгелек үстел

«Кешірімділік – көңіл кеңдігі» ой талқы




Желтоқсан


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие





Рухани-адамгершілік тәрбие


«Қонақжайлы-лық қандай қасиет?»



Ұлттық тәрбие





Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру





Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі




«Тәуелсіз елдің төл теңгесі»

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие





Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі



«Отан сүйер ұлан бол»


Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру

«ЖҚТБ туралы не білеміз?»




Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру





Кәсіби-шығармашылық тәрбие




«Қош келдің – Жаңа жыл!»

Әлеуметтік бейімділік

«Өзгеге қол ұшын бер» акциясы

Мектеп формасын сақтауды қадағалау


«Суицид –тығырықтан шығар жол емес» әңгіме

Діни эсктремизмді алдын алу



Терроризмді алдын алу шаралары


Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі

Адам тасымалы


Оқушыларды жүк автомобильде-

рінде тасу

Қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздік

Оқушылармен жеке жұмыс

«Дарындылар додасы» зияткерлік ойын

«Мақал – сөздің маржаны» буклет жинақтау


«Жаңа жыл меркесіне дайындық»









Қаңтар


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие





Рухани-адамгершілік тәрбие


«Мен мейірімділікті қалай түсінемін?»



Ұлттық тәрбие





Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру



«Ұл бала тәрбиесі»


Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі




«Еңбек бәрін жеңбек»

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие





Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі





Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру





Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру





Кәсіби-шығармашылық тәрбие





Әлеуметтік бейімділік


Мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынас

Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету


Діни эсктремизмді алдын алу




«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі


Реттелмейтін көше қиылыстары

Мұздағы қауіпсіздік

Автомобильдерді арнайы аспаптармен жабдықтау

Оқушылармен жеке жұмыс


Себепсіз сабақ қалдыратын оқушылардың үйіне бару

«Өз денсаулығыңа зиян келтірме» қабырға газетін шығару









Ақпан


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие





Рухани-адамгершілік тәрбие





Ұлттық тәрбие

«Адамгершілік - асыл қасиет»




Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру





Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі


«Табиғат – тал бесігім»



Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие





Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі





Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру



«Салауатты өмір сүру дегеніміз не?»


Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру




«Жан сұлулығы үлкен байлық»

Кәсіби-шығармашылық тәрбие





Әлеуметтік бейімділік

Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатынасу

Жаңадан келген оқушылармен жұмыс



Діни эсктремизмді алдын алу



«Дін және оның түрлері» әңгіме


Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі


Жүргізушінің еңбегі


Жолдағы жағдайларды мектепте талдау

Оқушылармен жеке жұмыс

«Әдептілік тәрбие бастауы» өнеге сағаты

«Табиғат құпиялары» өнеге сағаты

Сабақты себепсіз қалдыратын оқушылардың үйіне бару

«Мың мамандық бәрі бар, таңдап талғап бірін ал» өнеге сағаты










Наурыз


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие





Рухани-адамгершілік тәрбие





Ұлттық тәрбие



«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»


Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру





Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі


«Үш санындағы ой ұшқыр»



Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие





Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі





Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру





Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру





Кәсіби-шығармашылық тәрбие

«Қазақтың ұлттық ойындары»




Әлеуметтік бейімділік

Толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылармен жұмыс

Өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларға кеңес

«Менің жаңа мектептегі достарым» сурет салу


Діни эсктремизмді алдын алу


«Дің лаңкестігі» әңгіме жүргізу


«Менің баламның қауіпсіздігі» ата-аналармен әңгіме жүргізу

Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі

Жол белгілері


Теміржол өтпелері


Оқушылармен жеке жұмыс

«Мен және менің анам» сурет салу

«Бұдан былай ақы сұрамаймын, ана» ой талқы

«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» спорттық ойындар






Сәуір


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие





Рухани-адамгершілік тәрбие





Ұлттық тәрбие


«7 санының құпиясы»



Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру





Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі

«Құстар әлемінің құпиясы»




Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие





Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі





Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру



«Әуелгі байлық байлық»


Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру




«Іздегенде табылатын қасыңнан»

Кәсіби-шығармашылық тәрбие





Әлеуметтік бейімділік

Аз қамтылған отбасылармен жұмыс



Мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынас

Діни эсктремизмді алдын алу



«Ислам» діңі әңгіме


Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі


ЖКО-да зардап шеккен балалар жарақаттарының негізгі түрлері мен себептері


Қан аққан кездегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге дағдылану

Оқушылармен жеке жұмыс

«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын» дөңгелк үстел

«Каспий экологиясы» дөңгелек үстел

«Әкем, шешем және мен, сөз сөйлемін мәтелмен» сайыс








Мамыр


Бағыттары/апта

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие

«Ешкім де ұмытылмайды»




Рухани-адамгершілік тәрбие


«Имандылық – инабаттылық мұраты»



Ұлттық тәрбие





Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру





Еңбек және экономикалық, экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі



«Дәрілік өсімдіктер дәрумені»


Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие





Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі





Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру





Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру





Кәсіби-шығармашылық тәрбие





Әлеуметтік бейімділік


Өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларға кеңес

«Мен және мені қоршаған орта» әңгіме


Діни эсктремизмді алдын алу

«Дің лаңкестігінен сақ бол!» әңгіме




Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі


Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсете білуге дағдылану

Жазғы каникул кезіндегі кауіпсіздік


Оқушылармен жеке жұмыс

«Әдепті бала – арлы бала» өнеге сағаты

«Сынып дарабозы» сайыс

«Мен қандай мектепті армандаймын?» тренинг






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!