СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тәрелкені әшекейлеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

тех карта для дошкольников по теме "Тәрелкені әшекейлеу"

Просмотр содержимого документа
«"Тәрелкені әшекейлеу"»

Мектепке дейінгі ортаңғы топтарына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:18.11.15.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Тәрелкені әшекейлеу.

Мақсаты: Балаларды белгілі бір тұтынатын бұйымдардың пішініне сәйкес ою- өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті қабылдай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тәрелкенің суреті. Қазақтың ұлттық ою- өрнегінің суреттері және қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдарының суреті.

Қажетті құрал- жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су,сүлгі,тәрелкенің үлгісі.

Сөздік жұмыс: тамшы оюы.

Іс –әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық – қозғаушылық

“Көрме” ойыны.

Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір- бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың ою өрнектеріне мән беру.

Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады.

Ұйымдас-тыру, іздену

Педагог балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап ,ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын “омыртқа “, “тышқанізі”, “ толқын”, “құсқанаты” оюлары туралы түсіндіреді (“құсқанаты” оюы құстың екі қанатына ,ұқсайды т.б.).

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Бойымызды жазайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

- Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою “сутамшысы” деп аталады Су тамшысы- су судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер пішіндес) сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шетшетіне айналдыра кішкентай тамшылар -судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. ( Әртүрлі трафарет –үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады) “Тамып –тамып” деген сөзді қаттыақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі. - Өрнегімізді жіңішке қылқаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді.

- Қазақтың ұлттық ыдыстары- кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке. Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол қазақтың ұлттық ою- өрнектері – “қошқармүйіз”,

“құс қанаты”.


Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды.

-Бұл ою “су тамшысы” деп. Аталады.


Балалардың жауабы анық және толық болуы

қажет.

Рефлексивті – түзету енгізу


Педагог мақтау, мадақтау жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі.


Әдемі әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: белгілі бір тұтынатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою өрнектермен әшекейлеуді.

Игереді: қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.

Меңгереді: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.