Мотивациялық-қозғаушылық | 1. Балаларды шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірлерімен жылы лебіздерін білдіреді. Балаларға жұмбақ жасыру. Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. | Балалар бір- бірлеріне жылы лебіздерін береді. Түлкі |
Ұйымдастыру-іздестіру | Ас сөзінің басына т дыбысын қосу арқылы сөз құрату. Тас сөзі шығады. 2. Балалар суретте ненің бейнеленгенін сұрау. -Ненің суреті? - Тау сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? Т- Дыбысы дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді. Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату: «Т дыбысынан басталатын сөз ойла» тапсырмасы: Д/ойын: «Т әрпін тап» Шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен т әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мысал келтіреді. 3. Тіл ұстарту жаттағуын өткізу. Та-та-та Ата, берші бата. 4. Дәптермен жұмыс. Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Т дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу. Т және а дыбыстарын қатыстырып, буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау. Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау. Т әрпін ауада жазу. Т әрпін бастырып жазу. Т әрпінің кіші және бас әріптерін жазады. Торт, үстел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру. | Балалар сөзді құрайды, айтады. Таудың суреті. Т дыбысы та; -ата; - ат. Тай, тас, тос, тон т.б. Дидиактикалық ойынды ойнайды. Жаттауды орындайды. Дидиактикалық ойынды ойнайды. Жаттауды орындайды. Дәптермен жұмыс жасайды. Буынға бөліп, хормен қайталайды. |