Сабақтың тақырыбы: Тәтті тағамдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәтті тағамдар туралы мағлұмат беру және сусындар түрлеріне тоқталу.
Дамытушылық: Теориялық білімін сарамандық негізде дамыту; Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерін, іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, дастарханды әзірлеуге, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, видеороликтер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.
Психолиялық дайындық:
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. І топ «Ашытқылы қамыр», ІІ топ «Ашытқысыз қамыр»
Үйге берілген тапсырманы сайыс түрінде сұраймын. 2 топқа 10,20,30 ұпайдан тұратын ұяшықтар ұсынамын. Әр топ қалаған ұяшығын таңдап, сұрақтарға жауап береді.
10 ұпай ұяшықтарының сұрақтары :
Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды қайда қоюға болмайды?
Тамақ дайындайтын адамға қойылатын талаптар?
Тамақ әзірлеу алдында азық - түлікті не істейди?
Ыстық ыдыстың қақпағын ашқанда, оны қалай ұстау керек?
20 ұпай ұяшықтарының сұрақтары:
Қамырдың қандай түрлерін білесің?
Ашытқылы және ашытқысыз қамырдың қандай айырмашылығы бар?
Ашытқылы қамырдың құрамына не қосамыз?
Илеу тәсіліне қарай қамыр қандай болып келеді?
30 ұпай ұяшықтарының сұрақтары:
Ашытқан қамырдан дайындалатын өнімнің сапасы неге байланысты болады?
Ұнды електен өткізудің мақсаты?
Ұн өнімдерін неше топқа бөлуге болады және қандай?
Қамыр жасқсы ашуы үшін қандай жерде және неше сағат тұру керек?
ІІ. Жаңа сабақ
Тәтті тағамдар жеңіл сіңетін көмірсулар – қанттардың көзі. Бірақ қант есебінен адамның көмірсуларға қажеттілігінің 1/3 бөлігі, ал қалған 2/3 бөлігі крахмал есебінен қанағаттануы керек. Тағам құрамында тазаланған көмірсулар көп болса, организмде майлар жиналады, сондықтан бұл топ тағамдары рационда негізгі бола алмайды және әдетте десертке беріледі. Қант асқазан сөлінің бөлінуін тежейтінін ұмытпау керек, сондықтан тәтті тағамдар негізгі тағамдардан кейін біраз уақыт аралығынан кейін берілу керек.
Көптеген тәтті тағамдар құрамына майлар, сүт, жұмыртқа, кілегей, қаймақ кіреді, олар тағамды жоғары калориялы етеді. Бірақ тамақтануда тәтті тағамдардың орны оның калориялығымен емес, жоғары дәмдік қасиетімен анықталады.
Берілу температурасына байланысты тәтті тағамдар салқын, ыстық және балмұздақ болып бөлінеді. Тәтті тағамдармен көбінесе тәтті соустар мен қою шырындар беріледі.
Шуағын жайған жаз мезгілінің аптап күндерінде шөлімізді бастыратын таптырмас шешім - салқын сусындар. Ыстығымызды басатын керемет салқын сусындарды дүкен сөрелерінен сатып алғанша, үйден істеуге әбден болады.
Лимонад, морс, суық шай, шырын мен компот... Жаздың аптап ыстығында осыларға қол жеткізу үшін барымызды беруге даярмыз. Жаз - жеміс-жидектер, көкөністер, хош иісті шай түрлерінің молаятын кезі болатындықтан, олардан керемет сусын түрлерін әзірлеуге болады.
Суық шай. Қара немесе көк шәйға лимон және қант қосылып әзірленеді. Шайдың суығанын күтуге, не бірнеше кесек мұз қоссаңыз болады. Лимон орнына қалауыңызша қалампыр немесе жалбыз салыңыз.
Морс. Кез келген тосапқа салқын қайнақ суын қосып істелінетін бұл сусын жаз мезгілінде ерекше салқындату эффектісіне ие.
Жидек немесе гүл шайлар. Жидек шайлары денсаулыққа өте пайдалы, ерекше хош иісті болады. Жеміс-жидектердің құрғатылған қақтары қосылған, не иісін келтіретін жұпар ароматизаторлар қосылған шайлар шөлді жақсы басады. Мысалға раушаннан жасалатын каркаде шайы суыған кезде, шырындардан бетер дәмді әрі пайдалы болады.
Компот. Кішкентайымыздан дәмі таныс, кептірілген жемістерден әзірленетін сусын жемістердің суда қант қосылуымен қайнатылып әзірленеді.
Кисель. Жеміс-жидектер шырыны, тосаптар мен тіпті сүтке картоп не жүгері крахмалы қосылу арқылы әзірленетін бұл тәтті сусын жаз мезгілінде ерекше пайдалы.
Айран мен газдалған минералканың қосындысы. Дәмі шалап пен саумалға келетін бұл сусынның шөлді қандыру қасиеті жоғары. Газсыз минералкамен жасағанда су татып кететінін ескеріңіз. Жасаған бойда, газы шығып кетпей тұрып, ішкен жөн.
Сусындар сонымен қатар ыстық және салқын болып бөлінеді. Ыстық сусындарға шай, кофе, какао, шоколад, салқын сусындарға әртүрлі сүт сусындары, жеміс-жидек және ұлттық орыс сусындары жатады. Ыстық сусындарды беру температурасы 75оС, суық сусындардың – 7-14оС болады.
Біздің ағзамыздың 70 пайызды сұйық заттардан тұратыны белгілі. Ағзадағы дұрыс тұз-су айналымы – мықты денсаулықтың кепілі. Ғалымдардың пайымынша, дәруменді сусындар адам ағзасындағы қартаю процесін тежеп, ағзаның иммуниетін арттырады. Есімізде жүрсін!
Сергіту сәті:
Жұмбақтар шешу:
Сары теңіз толқиды. (Бидай)
Мұз емес, тәтті (Қант)
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан)
Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ. (Жұмыртқа)
Алтын алдым жапырақ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған. (Өсімдік майы)
Суға қайнап сорпасы шықпас. (Жұмыртқа)
ІІІ. Сарамандық жұмыс
Алғашқы нұсқау:
Жұмыс орнын ұйымдастыру
Ағымдағы нұсқау:
Оқушылар топпен жұмыс жасайды
Әр топ интернет желісінен 1 тәтті тағам және сусын рецептін, оны жасау жолын, және тағам дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жазады.
Оқушылардың қастарына барып, нұсқаулар беремін. Қателері болса, түзетемін.
Дайын болған топтын топ басшысы шығып, жинаған мәліметтерін қорғайды.
Қорытынды нұсқау:
Жұмыстарды аяқтау. Жұмыс орнын жинастыру, құрал-жабдықтарды ретке келтіру.
ІV. Сабақты бекіту
Не білемін, не білдім, нені білгім келеді? әдісі бойынша
V. Үйге тапсырма
Өз таңдаулары бойынша тәтті тағам пісіріп келу. Қосымша мәлімет әкелу.
VІ. Бағалау
Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.
VII. Жұмыс орнын жинақтау