СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тәуелсіздік мерекесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

балабақшадағы тәуелсіздік мерекесі. Сіздерге сәттілік

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік мерекесі"»

№63 «Әсем-Ай» балабақшасы «Алпамыс, Ақбұлақ» шағын орталығы «Бәйтерек» мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі Арзыкулова Роза Ширенбаевна



















«Тәуелсіз -Қазақстан!»

 

 Мақсаты: мектепалды даярлау тобының бүлдіршіндеріне Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға баулу.Балаларға патриоттық бағыт-бағдар беру.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, шарлар, мақал-мәтелдер.

 

Тәрбиеші:

 

-  Армысыздар, құрметті ұстаздар, балалар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерінің «Тәуелсіз -Қазақстан!» атты мерекелік ашық ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Отан деген сөзді күн сайын естіп жүрміз. Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын адамдардың атамекені.  Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны  Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз табиғаты таң қаларлықтай бай өлке болып табылады. Бірнеше кен байлықтарымыз бар: темір, көмір,мұнай, фосфорит, марганец, хромит, алтын, тұз т.б.  Қазақстан солтүстігінде Ресей, оңтүстік шығыс Қытаймен, онтүстікте Қырғызстан, Өзбекстан,Түркменстан, батысы Каспий арқылы Әзірбайжан республикаларымен шектеледі.1990жылы  26 қазанда Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Дүние жүзі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды. Кәзіргі кезде бүкіл мемлекет біздің елімізбен тығыз байланыста, шикі затты сатуда, сатып алуда қай мемлекетпен болсада, оң шешімін табуда. Біз осындай келешегін алда болжап, өркен жайған, татуы берік, құшағы кең, достығы мәңгі жайнаған тәуелсіз отанның ұландарымыз.Ендігі осы отанымыздың гүлденуін, өркендеуін жеткізетін мына сендермен , біздерміз. Сондықтан адал достықты, терең білімді ұрпақ болуымыз керек.

Енді Отанымыз туралы бір жырлайықшы:

            

Тәрбиеші:

- Желбірейді шарықта,

Қазақстан жалауы!

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады,

Қазағымның Әнұраны!

Қалықтаса аспанда,

Шежіресі айналады,

Ән-күй менен дастанға! (Әнұран орындалады)



Желтоқсан оқиғасы жайлы видеосы көрсетіледі





Ақсақалдар кіреді

-Ассалаумағалейкум, қарақтарым

Бұл жерде не болып жатыр, барлықтарың әдемі киініп алыпсыңдар, мереке болып жатыр ма?

-Ия, ақсақал. Бізде тәуелсіздік мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты болып жатыр. Құрметті қонағымыз болыңыздар, төрлетіңіздер

Балалардың өнерін көріп тамашалаңыздар





Таира

  Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

 

  Ақзере

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

 

Малика

Елтаңбасы елімнің,

Қандай сұлу, әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

 

   Жания

Құт,береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 Шахислам

 Менмін, Отан бөбегің,

Алты жаста өренің.

Ана тілден нәр алып,

Ұлан боп өсіп келемін.

Нұраят

Отан мынау,

Отанымның картасы.

Маған қымбат

 Отанымның әр тасы.

  Нұрасыл,

Көтерілген шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.

Айбарыс

Алтын ұяң — Отан қымбат, 
Құт - берекең — атаң қымбат, 
Аймалайтын — анаң қымбат, 
Асқар тауың — әкең қымбат. (Қазыбек би).

 Нурали:

Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз

Халқымызға пана болған данамыз

Әрқашанда мақтан етіп жүретін

Жазық мандай кең пейілді данамыз

 Келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымызға берейік.

Би: «Ақ көгершін»

 

Жарайсыңдар, балалар!

Ақсақал:  Енді Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Отан отбасынан басталады.

Туған жерге туынды тік.

Өз үйім – өлең төсегім.

Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Отан – оттан да ыстық

Отан – елдің  анасы,ел – ердің  анасы.

Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Ел болам десең, бесігіңді түзе.
Отанды сүю – отбасынан басталады.

Ел іші алтын бесік.

Жері байдың елі бай.

Туған жердің ауасы да шипа.

Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.

Ер елінде,
Гүл жерінде

Отан –қуат,
Отбасы – шуақ.

Ақсақал: Ал шырақтарым,     Мен сендерге сұрақ қоямын. Қаншалықты білімді екендеріңді көрсетіңдер.

1.     Қазақстан Республикасының президенті кім?

2.     Отанымыздың астанасы қай қала?

3. Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

4.     Тудың түсі қандай?

4.     Туда не бейнеленген?

Жақсы балалар, білімді екенсіңдер. Енді күштеріңді, ептіліктеріңді байқайын.

 Балалар қазақ халқының ұлттық ойындарының бір түрі

Ойын -  «Қамшы тастау» -ды білесіңдер ме? Ол шапшандықты, ептілікті қажет етеді.



Ән: «Көк тудың желбірегені»



Тәрбиеші:

    Тәуелсіздік – 11 әріп құралған

    Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман

    Талай дара, даналардың көз жасы

    Қаныменен атты таң боп бізге алдан

  

Тәуелсіздік деген сөз 11әріптен құралған. Ондағы әрбір әріп не мағына беретінін балалар талдап берсін.

Ал талдайық

Ортаға ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады

1 бала: Т – білдіреді теңдікті

2 бала: Ә – әдептілік, елдікті

3 бала: У – уайымсыз уақытты

4 бала: Е – егемен елдікті

5 бала: Л – дейді лаулап,

6 бала: С – сенімділік секілді ең

7 бала: І – ілтипат пен ізет қой

8 бала: З – зиялылық, тілек қой

9 бала: Д – шақырады достыққа

10 бала: І – ілкімді боп сақтыққа

11 бала: К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.



Ал қарақтарым жақсы өнер көрсеттіңдер. Өнерлеріңе, білімдеріңе көңілім толды. Сіздердей азаматтар барда, мемлекетіміз өркендей бермек. Олай болса, қош сау болыңдар балалар.



  Қорытындылау.

Тәрбиеші: Біздің тілегіміз – бейбітшілік,тыныштық. Сендердің әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін жақсы, әдепті, қайырымды, үлкеннің тілін алатын, кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің иесі, болашағы сендерсіңдер. Отанымыз жайнай берсін! Гүлдене берсін! -деген ниетпен ашық ұйымдастырылған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Құрметті әріптестер, келіп,қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын.