Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғау(Оңаша және ортақ тәуелдеу)
Мақсаты: оңаша және ортақ тәуелдеу жалғауларының түрлі сипатын ажыратуға үйрену.
Күтілетін нәтиже: Тәуелдей алады,
жаңа пікір ұсына алады.Мысалдар келтіре алады,тәуелдеуді түрлендіре алады, жалғауларын өзара салыстыра алады.
Психологиялық ахуал: тренинг «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі»
Бүгінгі топқа бөліну біздің оқудан кейінгі каникул, яғни демалыс мерзімдеріне байланысты. Біздер жыл мезгілдерінің қай кезеңінде каникулға шығамыз. Иә, дұрыс айтасыздар: Күз, Қыс, Көктем.
Үй тапсырмасын қайталау:
Қозғалмаңыз, қатып қалыңыз стратегиясы (шеңбер бойымен айналып жүріп «Қозғалмаңыз қатып қалыңыз» дегенде ішкі шеңбер оқушылары сыртқы шеңбер оқушыларына сұрақ қояды, сыртқы шеңбер оқушылары жауап береді, шеңберлер бір-бір біріне сұрақ беріп, жауап алып отырады )
Ой шақыру: 1. Меншіктеу, тәуелдеу,иелік ету, иелену –деген сөздердің мағынасын сарала
2.Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
3. Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі .
Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер . деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.
Тақтаға: Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер.
Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғау :оңаша және ортақ тәуелдеу
Жекеше түрі көпше
І жақ - м,- ым,- ім Менің добым, доптарым
ІІ жақ - ң,- ың, - ің,Сенің добың, доптарың
- ыңыз,- іңіз, Сіздің добыңыз, доптарыңыз
- ңыз, - ңіз
ІІІ жақ - сы, - сі, - ы, - і Оның добы, доптары
Ортақ жекеше көпше
І жақ - мыз, - ымыз, Біздің кемеміз,Біздердің кемелеріміз
- міз, - іміз
ІІ жақ - ың, - ің, Сендердің кемең, кемелерің
- дарың,- дерің,
- ларың, - лерің,
- тарыңыз, - теріңіз,
- дарыңыз, - деріңіз,
- ларыңыз, - леріңіз Сіздердің кемеңіз, кемелеріңіз
ІІІ жақ - сы, - сі, - ы, - і Олардың кемесі, кемелері( Қорытынды щығару)
Берілген сөздерден сөйлем құрастыру:
• 1. Менің, жерім, туған, Отаным, Қазақстан
2. Республикасының, Қазақстан, азаматымын, мен.
• 3. Еліміз, бай, біздің.
4. Қазақстан, ел, мәдениетті, білімді.
• 5. Мен, мақтан, өз, етемін, елімді.
6. Біздің, Қазақстан, Отанымыз
Мәтіннен тәуелденіп тұрған сөздерді іріктеп жаз
1.Ел басшысы – президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Еліміз күннен –күнге гүлденіп келеді. Республикамызда 100 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
2.Республика астанасы – Астана қаласы. Астана жыл санап өсіп келеді. Ол мәдени және саяси орталық.
3.Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – ел болашағы, менің болашағым. Сондықтан мен қазақ тілін жақсы меңгеруім керек.
.
Жұптасып суреттеу стратегиясы
- Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді
1. суретші
2. идея беруші
3. бақылаушы немесе реттеуші
4. жазушы
Күз
Тамыз айының аяқ кезінде күн салқындайды. Оны, әсіресе, таңертең ерте сезуге болады. Қырқүйекте кейде жеңіл аяздар да болып қалады. Ертеңгісін шөптер мен үй шатырына қырау түседі. Дала барған сайын жалаңаштана береді. Гүлдер қурап,шөптер сола бастады. Ағаштардың жапырақтары түрлі - түсті. Тек қарағай, шыршалар ғана жап – жасыл. Күздік бидай даланы көркейтіп барқыттай жайқалып тұр. Уақытында бәрі де солады. Бірақ күздік егін үсімейді. Ақша қардың астында қауіпсіз көктемге шейін жатады. Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті. Адамдар құстармен қимай қоштасты. Көктемге дейін оларды сағынышпен күтеді.
Күз – жыл мезгілдерінің ең бір тамаша уақыты. Күзгі табиғат адамның көңіл күйіне де көп әсер етеді.
Көктем
Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді. Балалардың қуанышы қойнына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді. Ауылды жерде егін салу басталды. Мен соқаға отырып жер жырттым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн ашылды, жұмыс қыза түсті. Күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Көмекке басқа адамдар келді. «бірлік бар жерде, тірлік бар»- дейді халық. Бірігіп үлкен жұмыс істедік.
Қыс
Биыл қыс өте салқын да емес, тым жылы да емес, өте жақсы болып тұр. Қар қалың, ауа таза. Демалыс күні далада бірнеше сағат жүріп келсең, қандай тамаша! Балалар да қыстың жақсы күндерін көңілді өткізеді. Олар ақ қала жасап, бір-біріне қар лақтырып, ойнайды, үсті –бастары ақ қар. Бірақ балалар оған көңіл бөліп жатқан жоқ. Қыста Кәрім екеуіміз аңға шығатынбыз. Оның жасы менен үлкен. Ол мені аңшылыққа үйретті. Бір күні бізге үлкен қасқыр кездесті, біз оны соғып алдық.
АКТ
Сәйкестендіру( иесі мен затын байланыстырып, сөз тіркесін құр)
Гүлдің тұтқасы
Ағаштың бұрымы
Бөлменің сөзі
Қыздың сабағы
Астың бауы
Жердің жапырағы
Кітаптың топырағы
Есіктің дәмі
Тымақтың ауасы
Сиырдың тәртібі
Батырдың тізбегі
Тырнаның төлі
Оқушының найзасы
Кітаппен жұмыс:22 –жаттығу:
1-топ.Кітабың-кітаптарың,дәптері-дәптерлері.
2-топ.үстеліңіз-үстелдеріңіз,мектебіміз-мектептеріміз.
3-топ. Ұстазың-ұстаздарың, туысқанымыз-туысқандарымыз.
Кері байланыс
Кубизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)Оңаша/ортақ
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)қосымшаландағы айырмашылықты
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?) Сөйлем құра
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін) Жалғаулары болмаса…?
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)дайын сөйлем беріледі қосымшаларын анықтайды
Диалог құр(бұл неден жасалған?)
| Бағалау парағы Топтың № |
| Топтың аты- |
| Оқушылардың аты-жөні | Толық жауабы | Пікір айту дағдысы | Тәжірибе жұмысындаығы белсенділігі | Топ мүшелері өзін-өзі бағалауы | Мұғалімнің бағалауы | Қорытынды баға |
| 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Үй тапсырмасы