Тақырыбы: Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мақсат.
Мақсаты: Тәуелсіздіктің 24 жылдығы қарсаңында оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының суреті, Қазақстанның картасы, Қазақстан туралы суреттер мен буклеттер, слайдтар. Туған жер туралы, Отан туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта, әріп-плакаттар (сайыс бөліміне).
І жүргізуші:
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Сенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Ұшқан құстың қанатын талдыратын, жүгірген аңның тұяғын талдыратын шетсіз, шексіз сайын дала Қазақстан жерінде тәуелсіздіктің таңы атып, егемендіктің желі есіп, Азаттықтың асқақ туы желбірегеніне 24жыл.
«Өткенге топырақ шашсаң, келешек саған тас атады.» деген халық даналығын еске алсақ, бұл тәуелсіздік қазақ еліне оңайлықпен келмеді, қазақ халқы тәуелсіздік жолында қаншама қиындықтан өтті, қаншама боздақтарынан айырылды. Биыл тәуелсіздіктің 24 жылдығы болса, екіншісі тәуелсіздік әперген желтоқсан оқиғасына 29 жыл.
Желтоқсан желі әніне бейне клип. Ә. Тінәлиев
1986 жылы желтоқсан айында қазақ жастары алаңға шықты Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова. Сәбира Мұхамеджанқызы тағы-тағы көптеген жастарымыз осы оқиғаның құрбаны болды. Олар елім, жерім деп күресті. Осындай Отанын, елін сүйген аға, апаларымыздың арқасында біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз.
Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Тәуелсіздік –ежелгі арман, қол жеткен мұрат» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
- Егеменді, тәуелсіздің белгілері не?
- Дұрыс. Олар: Елтаңба, Ту, Әнұран, Елбасы…
- Қазақстан қашан тәуелсіз ел боп жарияланды?
- Содан бері 24жыл өтіпті . Біз бүгінде неге қол жеткіздік ?
- Тәуелсіздік – ол халқымыздың ежелден аңсаған арманы болса , бүгінде қол жеткен мұратқа айналды.
Әнұран орындау
ІІ жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Бәйгеге қатысып көріңдер.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер табыспай,
Тәлім-тәрбие алар ма?
ІІ жүргізуші:
Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін
Келді міне азаттығым, теңдігім
Бостандықта байлығым мен елдігім
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім – деп, ортаға бүгінгі сайысымызға қатысушы «Жалын» және « Дарын » тобын шақырамыз!
І жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызды 6 кезеңнен тұрады.
1.Таныстыру.
2. Блиц –турнир " Кім жылдам? "
3. "Мақал - сөз атасы"
4. Тапсырмалар (Суырып орындау, І топқа –көрініс, ІІтопқа-сурет құрастыру)
5. Ойлы болсаң, озып көр (топ басшылар сайысы)
7. Жүйрік болсаң, шауып көр
Сайысты сарапқа салатын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
І.Таныстыру
1-топ « Жалын»
Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
Сәлемдесуі: Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Сол үшін де маңдай терді төккенбіз.
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
2-топ «Дарын»
Ұраны: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп»
Сәлемдесуі: Жарыс десе алғырлықты ұштаймыз,
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Осындай тапқыр достар кез келгенде,
Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не.
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де.
ІІ.Блиц-турнур. «Кім жылдам?»
1-топ сұрақтары:
1. ҚР тұңғыш президенті? (Н.Ә.Назарбаев)
2. Дүйсенбіден кейін қай күн? (сейсенбі)
3. 1 жылда қанша күн? (365күн)
4. Біз білім алатын орда (мектеп)
5. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5ел)
6. Қазақтың бас ақыны? (Абай)
7. Қазақстан конститутциясы қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз)
8. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4 маусым)
2-топ сұрақтары:
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Т.Әубәкіров)
2. Жұманың алдынды қай күн? (бейсенбі)
3. Жеті жарғыны жазған кім? (Тәуке хан)
4. Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды? (1998 ж. 6 мамыр)
5. Рәміздерді ата (ту, елтаңба, әнұран)
6. Кел, балалар, оқылық өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)
7. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42 әріп)
8. Қазақстанда қанша облыс бар? (14 облыс)
ІІІ. "Мақал сөз атасы" дегендей мақал сайысына шақырамыз.
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар.)
2. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
3. Адамның қай мүшесі қорқақ, қайсысы батыл? (Көз қорқақ, қол батыр)
4. Инемен не қазамыз? (Оқу инемен құдық қазғандай.)
ІV. Тапсырмалар
І топқа-көрініс
ІІ топқа- сурет құрастыру
Жауабы: Тәуелсіздік –желтоқсанның жемісі
V. Ойлы болсаң, озып көр (Топбасшылар сайысы)
1. Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатты? (Түркия астанасы Анкарада)
2. Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып шуақ түсе ме? (жоқ, бұл түн мезгілі)
3. Қазақстан картасы тәрізді парк қалай аталады? (Атамекен)
4. Қазақстанда неше астана болды, аттарын ата? (4. Орынбор, Қызылорда, Ақмола, Астана)
VІІ. Жүйрік болсаң, шауып көр
(әріптер киген оқушылар сөзді табу арқылы орындарына тұру керек. «Елім менің» сайысындағы ойын)
1-топ сұрақтары: (А,П,Н,Л)
1.Өзен аңғарындағы үнемі су ағып жататын ойыс? (Арна)
2.Тропиктік дақыл? (Анар)
3.Жапанда жалғыз ағаш ... болмас (пана)
4.Қасқырдың іні? (Апан)
5.Айналасы сумен қоршалған, құрлықтың кішігірім бөлігі? (Арал)
6.Жер шарының үстіңгі жағынан кішірейтіліп түсірілген сызбасы? (план)
2-топ сұрақтары:(А,С,О, Й, Ы, Р)
1.Құрлықтағы барлық жағынан су қоршалған бөлігі? (Арал)
2. Ресей халқы? (орыс)
3.Түс атауы? (сары )
4.Мұғалжар қай таудың жалғасы? (орал)
5.Сырдарияға құятын өзен? (Арыс)
6.Сай, жыра сияқты жер бедерінің төмен бөлігі (Ойыс)
Сабақ соңында постер қорғату
Қазақстан
Ірі мемлекет, жері кең, табиғи ресурстарға бай, көпұлтты, егеменді, тәуелсіз….
Тәуелсіздік
Дербес,егемен, азат, ерікті,еркін,.....
І жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын?
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың әділдігін шешіп берер, әділ қазылар алқасына сөз берелік.
І жүргізуші:
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі, - деген тамаша өлең жолдарымен бүгінгі тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат» танымдық сайысымыз аяқталды.
ІІ жүргізуші:
Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі әрқашан бақыт нұрын шашсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.
А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы
«Тәуелсіздік – ежелгі арман, қол жеткен мұра»
(Сайыс сабақ)
Өткізген: Г.Т. Сугралиева
1а сынып