«Тәуелсіздік тұғыры биікте»
Тәрбие сағатының мақсаты: а)Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты.Тәуелсіздік қазақ халқының ежелгі арманы еді. Тәуелсіздік үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғыры биіктеп,тамаша табыстарға жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Мектепалды даярлық сыныбының өнерлерін тамашалаңыздар.
2-сынып «Алға, Қазақстан» биі
4-сынып Арнұр «Кең дала» әні
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Дастан:
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Қақаған күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз Қазақ қыздарын
Омондар бастан тепкен күн,
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір дауа
Ер қайрат қыршын кеткен күн.
Аяулы:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәтті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып
Бұғаудағы боздақтарды кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
2-сынып Какимжанова Дана «Он алтыншы желтоқсан» әні
Жүргізуші: -Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Жанель:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
4-сынып «Туған ел» хор
1-сынып Мухитбекова Айдана «Тәуелсіздік» әні
Аяна:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
4-сынып Данажан «Туған жер»
Алихан:
Тәуелсіздік –
Айналайын құныңнан
Түсе көрме тұғырдан
Отаныма мәңгілігің үшінде
Садағаң болсын шыбын жан
Тәуелсіздік –
Пейіл сыйы қазақтың
Арамыздан арылғаны азаптың
Батыры көп, ақыны көп халыққа
Алла жар боп туа қалған ғажап күн.
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін
Жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік!
4-сынып Томирис пен Айда «Жаса, Қазақстан»
Айзат:
Ертеңіне бұрғанда бетінді
Ұлы ерлікке буған белің бекінді
Тәуелсіздік хабаршысы Желтоқсан
Тарихыңның жаңа беті секілді.
Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға тартқан тұмары
Тәуелсіздік түнектерде тұшығып
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы
Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Зарина:
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
2-сынып хор
Жүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі. Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік тұғыры биікте сыныптан тыс сабақ»