Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткелі отырған «Отаным -Әнім» атты патриоттық әндер байқауының сценарийі
(Сахна мерекеге сай безендірілген, ән ойналып тұрады. Ортаға екі жүргізуші шығады)
Динара:Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ, ұстаздар!Құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға 0-10 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Отаным - Әнім!» — атты патриоттық әндер байқауын ұсынамыз. Бүгінгі байқауға қош келіпсіздер!Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не?
Жұпар:Әрине, ән.
Динара: Дұрыс айтасың!Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі.
Жұпар:Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы.Кешегі желтоқсанда Менің елім әні жастарға ерекше рух беріп, намыстарын шыңдады емес пе?
Динара: Иә.Патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.
Жұпар: Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата - бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын,зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек.
Динара: Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім - ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды.
Жұпар: Олай болса Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына орай өткелі отырған «Отаным - Әнім» атты әскери - патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Динара: Байқау шарты бойынша оқушылар «отан», «туған жер» тақырыбында ән шырқаулары керек және орындаушылық шеберліктері, сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы және тәуелсіз сарапшылар арасындағы келісім бойынша анықталады.
Жұпар: Шарамызды бастамас бұрын байқауға қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.
(Үміткерлер ортаға шығады)
1.Қалибек Нұрасыл, 5Асыныбы
2.Төлеуғазы Гүлшат, 3Б сыныбы
Мағауиянова Дария
3. Рамазанова Алуа, 4В сыныбы
4. Рашитова Нұрай, 2Г сыныбы
5. Мұқанова Жанерке, 7Ә сыныбы
6. Қарсыбаев Арлан, 6Б сыныбы
7. Құтбаев Рустам, 4Б сыныбы
8. Жүнісбекова Мадина, 7А сыныбы
9.Тұрсынов Ералы, 5Б сыныбы
10. Жұмағалиев Бекнұр,6Б сыныбы
11. Төлеуханова Ақбота, 4Ә сыныбы
Махмутова Нигара
12. Қанатқызы Аружан, 6А сыныбы
Мейрамханова Аяулым
13. Аубакиров Тамирлан, 4В сыныбы
Мейрамғалиев Диас
Мукай Азамат
14.3 Ә сыныбы қыздары
Медальгазина Гаухар
Смагулова Ақерке
Сайлауова Анел
Қапез Гүлдана
Құтпаева Элианора
Динара: Осы байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.Зейнелов Т.З.
2. Қойжанова А.Х
3. Сагынбае,ва Б.Қ
4. Нарманбетқызы Е
Жұпар: Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін ән орындау шеберлігі және сахна мәдениетін меңгеру критерийлері бойынша бағалайды. Жоғары ұпай 10 балл.
Динара:Жас таланттарды анықтамас бұрын,мектебіміздің мүдірі Тоқтарбек Зейнелүлына сөз кезегін ұсынамыз!
Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған
ЖұпарҚазақстан-көк байрақты нұрлы елім,
Сендегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Өзің менің тынысым да тірегім
Динара:
Қазақ деген пейілі кең бай халық
Толды арманы егеменге айналып
Бейбітшілік қорғанындай сенімді
Сарбаздары сап түзеді сайланып
Жұпар:
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Динара: Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында
Жұпар: Ел құрадық шаттық, құйып көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде
Іргетасың жатыр берік қаланып
Бетті бұрдың алға-жарқын өмірге!
Динара:
Арайлы ақ тілекпен,
Ән жолдаймын өзіңе.
Сағыныш сазды жүрекпен,
Сыр арнаймын өзіңе.
Жұпар:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығын ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсеңде көре азаппенен
Динара:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..
Жұпар:
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
“Бірлік барда – тірлік бар” деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз
Динара:
Туың қандай?
Ту қандай!
Тура аспаннан туғандай.
Ал аспанды
Қазақтың
Көңілімен жуғандай!
Туың қандай?
Ту қандай!
Таң нұрынан туғандай
Қыран құсын
Самғатып
Күн құшақтап тұрғандай!
Жұпар:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Динара:
Аман боп халқымыз мәңгілік,
Жүрейік достықта сән құрып.
Бірлік пен ынтымақ нығайса,
Атады арқашан таң күліп.
Жұпар:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Динара:
Тәуелсіздік мәңгіге алаулай бер!
Сен деп соғар дүрсілдеген жүректер,
Сен 1000 жасасаң аспан көкте.
Қыран құсың мәңгіге самғай берер!
Жұпар:
Құрметті ұстаздар және оқушылар және қадірменді қонақтар!Осымен бүгінгі байқау өз мәресіне де келіп жетті. Сайыскерлерді ортаға шақырамыз!
Динара:
Қазылар алқасы дайын болғанша сынып оқушысыны ән шашуларын қабыл алыңыздар!
(Ән шашу)
Динара: Қазылардың шешімі дайын болған сыңайлы, олай болса сөз кезегін өздеріңізге ұсынамыз! ( Шешімін жариялап, марапаттайды)
2-жүргізуші:
Екі жүргізуші бірге:
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!
Алтындай уақыттарыңызды бөліп, тыңдағандарыңызға рахмет! Біз сіздермен қоштаспаймыз. Келесі көріскенше сау болыңыздар дейміз!
«Отаным-Әнім» патриоттық-әндер байқауының сценарийі
Музыка пәні мұғалімі: Жумаханова Динара
№ 21 ЖОББМ
Семей қаласы, 2-наурыз, 20
«Екі жұлдыз» ән байқауы
Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, «Жас Ұлан» жазғы лагерінде ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!! Біз бүгін әр топтың жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін қазылар алқасымен таныстырып кетсек.
1. ____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
Жүргізуші: Байқаудың шарты екі айналымнан тұрады:
Патриоттық әндер
Балаларға арналған әндер
Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық.
__________________________________________________________________
-Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?
Жүргізуші: Келесі жұбымыз да өздерінің бағын осы әннен іздемекші. Әннің қалай шығатынын мына сіздермен бірге тыңдап көрейік.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат
__________________________________________________________________
-Қазылар сөз сіздерде
-Тағы да керемет жұбымыз өз өнерлерін көрсетпекші.
__________________________________________________________________
-Тағы да бір тамаша жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын.
__________________________________________________________________
-Қазылар не айтасыздар?
Жүргізуші: Сахна төрінде өздерінің тамаша әндерімен
__________________________________________________________________
қол соғып қолдап отырыңыздар.
-Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
Жүргізуші:__________ әнін осы жұбымыз орындап көрмек. Сахна төрінде
__________________________________________________________________
-Қазылар сөз сіздерде
Жүргізуші:
Осымен алғашқы айналым патриоттық әндер бөлімі аяқталды. Бірінші болып ән шырқаған жұлдызды жұбымыз дайын сияқты. Ендеше қарсы алайық
__________________________________________________________________
-Жұптарымызға айтар сөздеріңіз.
Жүргізуші: Келесі екінші номерлі жұбымызды қарсы алайық!
__________________________________________________________________
-Қазылар сөз сіздерде
Жүргізуші:
__________________________________________________________________
Жүргізуші: Құрметті көрермендер кешіміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын жұлдызды жұбымыз__________________________________________________________
-Қазылар сөз сіздерде
Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.
Музыкалық номер. Қазылар ойланғанша.
Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Екі жұлдыздың әнұраны.
ЕКІ ЖҰЛДЫЗ
(«ЖАС ҰЛАН»ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНДЕ ӨТЕТІН ӘН БАЙҚАУЫ)
Музыка пәні мұғалімі: Жумаханова Динара
№ 21 ЖОББМ
Семей қаласы, 13 маусым,2016ж