СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен "Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен тәрбиелік шара.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен "Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!"»

Тақырыбы: «Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!».

Мақсаты:

Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге, дамытуға білімді адамдар керек екенің түсіндіру; туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер, Желтоқсан құрбандарының суреттері.

Барысы.

І.Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Желтоқсанда мұзда жанған алауым, Желбіретті тәуелсіздік жалауын» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінің бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге өрледі.

ІІ. Жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұраны.

Енді ағайын көгінде қалықтасын!

Қазағымның қастерлі Әнұраны!

(Әнұран әні шырқалады).

І.Жүргізуші:

Өсер ұлдың қай сәтте де ерлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жанған алауы.

Өздеріндей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес елдің жалауы.

ІІ. Жүргізуші:

«Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды.

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды» деген төрт жол адамзаттың жүрегін селт еткізері анық. 1986 жылы болған оқиға халық жүрегінде мәңгісақталды. Біздің бүгінгі кешіміз елінің Тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл – қыздардың рухына арналады.

Ән: Орындайтын: : Эльмира Индира Дүйсенғалиевалар

Көркем сөз: Ажмұратов Тұрарбек

ІІ Жүргізуші:

Сол күндерді есіме мен көп алам,

Желтоқсанның он жетісі. Топ. Алаң.

Тоғышардың түсіне де кірмеген.

Басталды бір сұмдық, у - шу зобалаң.

І Жүргізуші:

Тұтқиылдан түскен суық мәлімет,

Тарап елге дейді «Күшпен қабыл ет».

Жаңа алаңға қалың жастар қаптады,

Қайда, қайда жариялылық, әділет?

ІІ Жүргізуші:

Тоңмойындар болжамайтын алысты

Менмендікпен таптап кетті намысты.

Санаспастан қонақжай кең қазақтың,

Қайтпас қайсар мінезімен танысты.


І Жүргізуші:

Жиналуда тұрған қандай бар айып?

Ойлары жоқ дейтін «Оңай тарайық»

Қоршап алған қалың әскер

Күтті кештің түскенін қас қарайып.

ІІ.Жүргізуші:

Желтоқсан бастауы- ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі.

І.Жүргізуші:

Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыргелді,Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді.

Радиодан диктордың дауысы естіледі.

1986 жылы 16 – желтоқсан. Тыңдаңыздар – тыңдаңыздар Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің төтенше пленумы болып өтті. Пленум Дінмұхамед Қонаевты хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына Ресейден Геннадий Васильевич Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.

Көрініс

(Сахна алдында ержүрек желтоқсан батырлары шыға бастайды, қолдарындағы плакаттарға «Колбин жойылсын, «Әр елге өз көсмі», «Қонаев жасасын» деген сөздер жазылған).

Ербол: Демократияны бұғаудан босатыңдар,

Әр елге өз көсемі керек .....

Ләззат:

Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз, күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл.

Сәбира:

Бұл дегенің - КП – да беделдің қалмағаны.

Тілің құрып барады білесің бе?

Гүлнар:

Өгей қозы біз болдық енемізге,

Келімсектер шықтығой төбемізге.

Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

(Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады).

Милиция: Жастар, студенттер! Тараңдар тезірек үйлеріңе, жатақханаларыңа қайтыңдар!

Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз! Соңғы рет ескертеміз, тараңдар бәрің!

Жастар даусы: Бізге Қонаев керек! Ақиқатқа жетпей кетпейміз!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Басқа жерден басшы келгені несі?

Милиция: Жасақшылар! Милиция! Тараңдар мыналарды! Алға!

(Алаңда ешкім қозғалмайды, осы сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, айқай – шу).

Сахнада көрініс көрсетіп жатқанда М. Шахановтың өлеңі оқылады.

Милиция: Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

(осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға сүйреп әкеліп тепкілей бастайды).

Ән: «Желтоқсан желі»

ІІ Жүргізуші:

Ия, тарихта бұл «Желтоқсан – 86» деген атпен мәңгі қалады.

І Жүргізуші:

«Желтоқсан оқиғасы» ешқашан көмескіленбейді, себебі тарихтантталар орны ерекше оқиға.

Көрініс: «Сол бір күн»

Көрініс:Үй іші қалаша жиналған. Дастархан басында Қайрат, нағашысы, жеңгесі отырады.

Нағашы: Қайрат – ау, тамақ алсаңшы! Студент болам деп бір ішек болып қалғансың – ау өзің.


Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп жатырмын ғой, нағашы.

(Осы кезде есік қағылып, үш – төрт милиция үйге кіріп келеді).

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға

келді.Прокурордың санкциясы бар. Міне!

Екіншісі:Қайрат, тез жинал, бізбен бірге кетесің!

Жеңгесі:Ойбай-ау, бұларың не Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?

Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция: Жеңеше,сабыр етіңіз! Бұл жігіт түнде бір төбелеске қатысыпты. Анық-

қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.

(Қолына кісен салып алып кетеді. Мұңды, қаралы музыка ойнатылады. Сахна жабылады.)

І-жүргізуші:

Жалалы боп қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма .

Жігіттер – ай, айтып – айтпай не керк,

Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым.

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне,абақтыға жабылдым, - деп көкірегі өкініштен өртенген албырт жас сол кеткеннен оралмады, нақақтан күйіп кете барды.

Көрініс:

Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Өте жүдеу. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап былай дейді:

  • Уһ, әбден шаршадым – ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков, на допрос! (Қайратты алдына салып тергеу бөлмесіне әкеледі).

Тергеуші: Айыпкер Рұсқылбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын.

Тергеуші: Сенің ұрып жыққаныңды біреулер көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік, жала!

Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді, еще! (Ұрып соғады есінен танған Қайраттың бетіне су шашады).

Тергеуші:Әй, Рысқұлбеков! Сен « Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа айта сал. Сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де түрмеге қамап соттаймыз. Білдің бе, сұмырай!

Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын! «Қазақ қыздарын жазықсыз ұрып – соғуда»

дегенді естіп араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын!

Атымды адам қойған соң

Қайтіп надан болайын?

Ортам надан болған соң

Қайда барып оңайын?

Тергеуші: Өй, мына күшік не деп тұр?

Қайрат:

Қинамайдаы абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр солардың да бәрінен

Өз аулымның иттері үріп қапқаны.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозтарғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең атыңдар!

Тергеуші: Ақымақ, сен өлтірдің! Әктіңдер, көзін құртыңдар! (Сүйреп әкетеді)

ІІ Жүргізуші:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

І Жүргізуші:

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыды – ау жанды батпан мұң.

Енді қайта келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн!

ІІ Жүргізуші: Желтоқсанда жарқырап мезгілсіз аққан жұлдыздар ең биікте тұруы тиіс. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету – қазақ азаматтарының игі борышы.

І Жүргізуші: Барлығы 99 адам сотталды, оның ішінде Қазақ ССР Жоғары соты 11, Алматы қалалық соты 59 адамды жазаға тартты. 2 адам ату жазасына кесілді. 83 адам 1 жарым жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

1992 жылдың 1- қыркүйегіне дейін 46 адам ақталды.

ІІ Жүргізуші: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып олардың рухына тағзым ету - парызымыз!

(Сахнаға шырақ жаққан 4 оқушы шығады. Олар сөздерін айтып шырақтарын кезектестіріп сөндіреді).

1 – оқушы: 1986 жылы 19 –желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақатталған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 – желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды.

2-оқушы: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар – намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі жаңғырып тұрғандай, бұл дауыстың ішінен Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі. Сен тірі болсаң қазағымның мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосар едің - ау!

3- оқушы: Сәбира Мұхамеджанова бар – жоғы 16 жаста еді. 26 – желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар – намысына, анасына масқара сөздер айтып балағаттаған қорлығына шыдай алмай Өскемен педучилищесінің І курс студенті жатақхананың 5 – қабатынан құлап өлді.

4- оқушы: Бостандық пен жарық сәуле үшін жан аямай арпалысып жатқанда оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрді.

500 күннен астам өлім жазасының камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенет Семейден бір – ақ шықты.21 – мамырда 21 – жасында Семей түрмесінде 21 – камерада қаскөйлік әрекетпен қаза тапты.

ІІ Жүргізуші: Бұл қыршын кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары болатын.

Еске алып құрметейміз құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да, бі үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!..

Қазақ халқында «Өлінің рухы разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Желтоқсан құрбандарына арналған иіс нанымыз қабыл болғай!...

(Ұлттық киім киген екі қыз көрермендерге жеті наннан ауыз тигізеді).




І Жүргізуші:

Жастық жалын әлі маздап алаулар.

Боздақтарды еске алғанда

Жасқа толар жанарлар.

Құрбан болған бостандықтың жолында

Айтылмаған әлі талай боздақ бар,

Естен оны шығармаңдар, ей адамдар!

Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүниежүзіне танымал ел болдық!

ІІ Жүргізуші:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан.

Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлын – Тәуелсіз Қазақстаным!

І Жүргізуші:

Егемендік иесі – мен деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз.

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өссе көрген көз.

Егемендік – ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егемендік деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

ІІ Жүргізуші:

Бақыт құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне, Тәуелсіздік, ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

ӘН:

І Жүргізуші: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» деп Ілияс Жансүгірұлы айтқандай, Желтоқсан құрбандарына қазіргі уақытта қандай құрмет көрсетілсе де ертық емес.

Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы. Сондықтан тындырылған іс орынды деп бағалаймыз.

ІІ Жүргізуші:

Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9- желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, ата – анасына «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.

І Жүргізуші:

Сәбира, Ләззат, Ерболдарға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді.

ІІ Жүргізуші:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

ІІ Жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігі биік болсын деп тілейік!

Ән: «Қазағым менің»





.