16-желтоқсан «Тәуелсіздіктің дара жолы» дөңгелек үстел.
Қатысушылар МГ- 111.1, МГ- 211.1 топ оқушылары
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу.
Дөңгелек үстелдің барысы:
Армысыздар қадірменді оқушы қауым! Бүгінгі «Тәуелсіздіктің дара жолы» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын. Еліміздің Тәуелсіз екенінің бір айғағы ретінде әлемді шарлай әуелеп жүрген әнұранызбен ашайық. Қазақстан Республикасы бүгінде Тәуелсіз, демократиялы, зайырлы , егеменді мемлекет болып отыр. Қазақстан Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ел болып танылуында, әлемге әйгілі болуына зор ат салысып, көп еңбек терін төккен адам. Бірақ осы бүгінгі терезесі тең, аспаны ашық құбыласы түгел заманға біз Тәуелсіз Қазақстан жастары қалай қол жеткіздік?
(Оқушылар жауабы тыңдалады)
Ия, Тәуелсіздік жолы бізге оңай жолмен келген жоқ. Көптеген қан төгіспен, зор күштің арқасында егеменді ел болып отырмыз. Қазір біраз тарихқа тоқталайық. Сонау 18 ғасырдан бастап Қазақ хандығы басынан қилы замандарды өткерді.
Абылай атамыз үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қолында ұстап қалмақ болды. Бірақ ел басына күн туған заманда бұл мүмкін бе еді?!
Әрине ол қиын сұрақ. Абылай тарих сахнасынан кеткеннен кейін де көптеген қас батырларымыз ұлт-азаттықты аңсап, отаршыл саясатқа қарсы шыққан жоқ па? Әрине шықты, бірақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар заманда сатқындық, жеке бас мүдделігі бірінші сапқа шығып, ұлт мүддесі аяққа тапталды.
Қазақ атамыз басынан қилы замандарды өткере отырып, бүгінгі арайлы таңға қол жеткізді. 2012 жылдан бері 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып өтуде. Бұл мерекені атап өту туралы мәжіліс депутаттары ұсынып оң шешімін алған еді.
Президент туралы слайд көсетіледі.
МГ 111.1 оқушысы Каримов Айбол өлең оқиды.
Қазақстаным!
Тәуелсіздік басыма берген бағам
Байланысты оны мен болашағым
Қарасам жиырма жеті жыл содан бері
Өмәрдай сырғып өткен кірпік қағым
Мың шүкір бостандыққа жеткеніме
Мақтанам әрбір күнім өткеніме
Үмітпен алға қарай қадам басам
Қуанып болашақпен ертеңіме
Нұр отан Нұрлы бақып нұрлы жолы
Астана жарқыраған шамдар толы
Мінгені мамндардың Авто көлік
Бәрінде басқаратын аяқ қолы
Әр кеңседе желбіреп Көк байрағым
Қозғайын шабытты өлең тіл қайрағын
Орысша шала қазақ шүлдірлемей
Ана тілде сайрасын сөз қаймағын
Бостандығым бірлігім ойла қара
Қорғаған бабаларым ұлы дала
Береке бірлік сақтап қазақ сөйле
Болмайық қазақ тілі шұбар ала
Желтоқсаның он алтысы босандық күн
Ашылған шуақ шашып қаранғы түн
Бір мыңда тоғыз жүзде сексен алты
Жастарым бостандық деп шығарған үн
Бостандықты армандап қаза болып
Жамылған боздақтарым қайғы мен мұң
Намымчыл сол Қайрат Сәбиралар арқасы ғой
Болмағаны Ұлдарым құл Қыздарым күң
Бір мыңда тоғыз жүзде тоқан бірде
Бекіттік азаттық деп қымтап ірге
Көк туды желбіретіп биік үстап
Елбасын сайлап жүрдік дамып өрге
Қиыдыққа біз қазақ мойымады
Алғаш рет Түркия мойындады
Астана салып сарыарқаға
Бабамның армандарвн орындады
Мұғалім:
Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытуға деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы.
МГ-111.1 оқушысы Кенесова Зарина «Желтоқсандықтар» өлеңін оқиды.
«Тәуелсіздік дара жолым» туралы слайд көрсетіледі.
МГ-111.1 оқушысы Маулет Нуртилек «Желтоқсан әкелген Тәуелсіздік» тақырыбында баяндама оқиды.
МГ 111.1 оқушысы Қуанова Қарақат өлең оқиды.
Қазақстан тәуелсіз ел!
«Жауына табынбаған ,
От болып жалындаған…»
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары,
Иені жоқ даласында
Әнұраны шарықтаған.
Бәріне құшақ ашып,
Ешкімді жатсынбаған.
Көңілі ашық қашанда,
Бар елмен туыс болған.
Дұшпаны тұрса күліп,
Қиып түсер қылыш болған,
Дәстүрін ұмытпаған,
Ұлыларын ұлықтаған.
«Көздерінде от ойнар»
Ұлдары батыр кілең..
Қисынынан сөз табар
Өр халқы ақын кілең.
Осындай бар ма ел десе,
Ойланбастан айтар ем
Қазақстаным бұл менің!
- Біздің елбасымыз – Н. Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.
МГ 111.1 оқушысы Айберстиев Асылжан «Тәуелсіздіктің дара жолы» тақырыбында баяндама оқиды. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне __ жыл. Осы аз уақыт ішінде еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді.
1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер — Әнұран, Елтаңба және Туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.
1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.
1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады.
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
1996 жылы Қазақстанның араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылды. Осы ұйымның құрылуына сол кезде біраз жұрт күмәнмен қарағанымен, ШЫҰ өзінің шынайылығын, қажеттілігін танытты. Бүгінде бұл ұйымның әлемдегі беделі айтарлықтай жоғары.
1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу рәсімі өтті. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда Премьер-Министрдің кеңсесі Ақмолаға көшті.
1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Сондай-ақ осы жылы елімізде зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартты.
2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Аталған қоғамдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттері қол қойды. Кейін Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, қоғамдастық алынып тасталды.
2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.
2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Сонымен қатар осы жылы киелі Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.
2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы өтті. Тарих жүзінде бұған дейін дәстүрлі үш бағыттағы дін басшыларының бір жерде бас қоспағанын ескерсек, бұл Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі саналары анық.
2004 жылы 24 желтоқсанда «Ақорда» резиденциясыны ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы 36 720 шаршы метр. Сонымен қатар осы жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонат бар.
2005 жылдың желтоқсанында Конституция шеңберінде Президенттік сайлау өтіп, ел өзінің басшысын таңдады. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев қатысушылардың 91 пайыз дауысын алып, ел сеніміне ие болды.
2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне Ж.Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы Әнұран мәтініне Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың енгізген өзгерістерін Парламент қабылдады. Әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев;
2007 жылы Қазақстан халқы үшін аса маңызды «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік бюджеттен аталған бағдарламаны жүйелендіруге, сақтап және дамытуға 4 миллиард теңге бөлінді. Алғашқы кезеңге 2,7 миллиард теңге, соңғысына 5 миллиардтан аса бөлінді.
2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы «Қазақ елі» монументі ашылды.
2009 жылы Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтті. Ел тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны 16 миллион 4 800 адам болғандығын көрсетті.
2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді.
2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і — қола.
2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
2013 жыл Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті.
2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді. Бұдан өзге энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.
2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.
2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
Мұғалім:
- Президентіміздің жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы Республиканы дамытуға бәсекеге қабылетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті етіп көрсетеді. Сөзіміздің соңында Н.Ә.Назарбаевтың сөздерімен аятайық: «біздің жалпы ұлттық идеямыз Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» дей келе бүгінгі жиынымыз аяқталды.
БҚОӘББ " Жоғары аграрлық-техникалық колледжі" МКҚҚ
«Бекітемін»
Тәрбие ісі жөніндегі
директордың орынбасары
___________Н. Г. Хайруллина
«___»_______2020ж.
Дөңгелек үстел тақырыбы:
"Тәуелсіздіктің дара жолы"
МГ 111.1 топ кураторы: Себепова А.Ғ.
МГ 211.1 топ кураторы: Мурзагалиева А. К.
Орал- 2020ж.