Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Сабақтың тақырыбы: Медициналық есептерді шығаруда «STATISTICS» пакетін қолдану
Сабақтың мақсаты:
білімділік –STATISTICS пакетімен жұмыс істеуді оның негізі көмегімен кесте тұрғызуды үйрету, оның негізгі мүмкіндіктерін таныстыру.
тәрбиелік – Студенттерді ақпараттық мәдениеттілікке өз ойын толық
жеткізе білуге, компьтерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
дамытушылық – Жаңа әрекеттермен таныстыра отырып логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: тәжірибелік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: репродуктивті, жартылай ізденіс
Сабақтың уақыты: 90 мин
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, үлестірме қағаздар
Пәнішілік байланыс:Microsoft Excel негізімен жұмыс жасау
Пәнаралық байланыс:Интернет, орыс тілі, ағылшын тілі, математика
Пайдаланылған әдебиеттер:
негізгі М.М.Ерекешова, М.Р.Дүзбағамбетова, З.Р.Мурзабекова, Ж.Қ.Убаева,
Н.Қ. Наурызова. «Информатика» оқу құралы, Ақтөбе, 2007
қосымша М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева «Информатика»
Оқушы білуі тиіс: «STATISTICS» дестесін қолдау: медициналық есептерді шығаруда
Оқушы істей білуі тиіс: Медициналық есептерді шығаруда «STATISTICS» дестесін қолдануды
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
І Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 15 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 20 мин
ІҮ Өзіндік жұмыс-30 мин
Ү Жаңа тақырыпты бекіту – 15 мин
ҮІ Қорытындылау – 5 мин
ҮІІ Үйге тапсырма – 2 мин
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу
Сабақтың мақсатымен мен жоспарын оқушыларға таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1) Медициналық өндіріс мекемелерінде жұмысшылар саны қанша?
А)200 В)300 С)4000 Д)2000 Е)170
2) Жай вариациялық қатардың неше түрі бар?
А)3 В)2 С)4 Д)6 Е)7
3)Статистикалық сараптаудың неше түрі бар?
А)3 В)2 С)4 Д)6 Е)7
4) Альгоритімді құрастырудың неше түрі бар?
А)3 В)2 С)4 Д)6 Е)7
5) Медициналық бірлестіктер қалай аталады?
А) мекеме В) санитарлық бөлім С)жеке емхана Д) бала бақша Е) емдеу
6) Статистикалық жиынның неше түрі бар?
А)3 В)2 С)4 Д)6 Е)7
7) Орташа шаманың неше түрі бар?
А)3 В)2 С)4 Д)6 Е)7
8) Жай вариациялық қатардың неше түрі бар?
А)3 В)2 С)4 Д)6 Е)7
9) "n" әріпі қандай сан?
А) бақылау В) қосындылау С) көбейту Д) бөлу Е) жауап жоқ
10)Қосындылау белгісі қалай белгіленеді?
А В) r С) R Д)y Е)x
Жауаптары:
1) А
2) А
3) В
4) С
5) Д
6) А
7) А
8) С
9) Е
10) А
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Барлық емдеу-профилактикалық мекемелерде күнделікті жүргізілетін біріңғай есептеу құжаттар қолданылады. Барлық есептеу құжаттарын мынадай топтарға бөлуге болады;
1. Оперативтік документатция. Олар дәрігерлердің күнделікті жұмысында қолданылатын құжаттар (стационарлық аурудың картасы, амбулаториялық аурудың картасы)
2. Оперативік есепке алу документатциясы. Олар емхананың күнделікті қызметінде қолданылатын құжаттар(дәрігерге қабылдау талоны, уақытша еңбекке жарамсыздық құжаты, үйгеру шақыру деректері)
3. Жұмыстың әр саласыны деректерін әр кезеңде сараптауға арналған құжаттар. Оларға дәрігердің күнделігі, диспансерлік есепке алу журналы.
4. Есеп беру құжаты –алдын ала емдеу мекемелерінің есеп беру құжаттары.
Статистикалық құжаттарды емхананың дәрігерлерімен орта буынды медицина қызметкерлері арнайы медициналық тіркеу және статистикалық бөлмесінде орта буынды медицина статистері жұмыс атқарады. Олар деректерді алғаш рет тіркеу құжаттарын толтыру сапасын бақылау. Алғашқы тіркеу құжатта орын өңдеу және емдеу профилактикалық мекемесінің есеп беру құжаттарын толтыру жұмысын жүргізеді.
Емхана жүргізілетін медициналық-статистикалық жұмыстың ең маңызды бөлімі учаскелік дәрігердің қабылдауымен және ауруға үйінде көмек беруін есепке алу.
Емхана дәрігерінің медициналық статистиканы қолданатын жағдайларына жататындар:
-тұрғындардың денсаулығын бағалау эжәне емдеу профилактикалық жағдайын анықтау.
-тұрғындардың денсаулығын жүйелі бақылау.
-дәрігердің жұмысын сараптау қызметін жоспарлауды және ұйымдастыруды жетілдіру.
-медицина қызметінің өзге салаларымен жұмысын тығыз байланыстыру.
Тіркеу және есеп беру құжаттарымен толық, бірыңғай статистикалық деректерді алу үшін мынадай ережелерді сақтау керек.
-тіркеу және жинақтау бағдарламасының бірыңғайлығы.
-көрсеткіштер мен оны есептеу әдістемелерінің бірыңғайлығы.
-құжаттарды құрастыру және есеп беру кезеңдерінің бірыңғайлығы.
-терминдердің, атаулардың, түсініктемелердің бірыңғайлығы;
- медицина мекемелерінде қатаң стаистикалық тәртіп сақтау.
Амбулаторлық – емханалық көмектің жағдайы туралы статистикалық хабар жеке емдеу – профилактикалқ мекемелердің, қалалық және облыстық есеп беру деректерінен алынады. Есеп беру деректері емхананың емдеу – диагностикалық және арнайы бөлмелері, қызметкерлері, емханаға қаралу және ауруға үйде көмектесу, профилактикалық тексеру және диспанцеризация туралы мәліметтерден тұрады. Есеп беру деректерінің негізінде емхананың қызметін көрсететін әр түрлі сапалық және сандық көрсеткіштерді, коэффиценттерді, индекстерді алуға болады.
Алынған деректерді сараптау үшін көрсеткіштерді бағалау, оларды бір – бірімен салыстыру, көрсеткіштердің арақатынасын анықтау және алынған мәліметтерге түсініктеме беру жұмыстары жүргізіледі. Емхананың қызметін сараптау арқылы тұрғындарға медициналық көмекті көрсетуді жақсарту шаралары жасалады. Сараптау мәліметтері денсаулық сақтау мекемелері мен орындарының органдарының профилактикалық және емдік шамаларының тиімділігін бағалау үшін қажет.
Статистикалық зерттеудің қорытындысын шығару үшін деректі материалды өңдеудің әдістемесін дұрыс таңдай білу керек. Егер статистикалық материалды өңдеу жөнді жүргізілмесе, онда аса көп емесстатистикалық мәліметтердің көмегімен өте маңызды ғылыми қорытынды алуға болады. Материалдарды өңдеу әдістемесі зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай келуі және ол зерттеудің бағдарламасын жасау барысында толық белгіленуі керек. Статистикалық зерттеу деректерін өңдеу үшін қарапайым қолдың күші немесе әртүрлі техникалық құралдар қолданылады.
Қолмен өңдеу барлық қимылдардың шамадан тыс ауыр да күрделі болуына алып келеді. Оның барысында құрастырылған құжаттар өңдеуде жарамды немесе жарамсыз болуы ықтимал. Статистикалық материалдарды қолмен өңдеуді зерттеу көлемінің аса үлкен болмауында қолданылады. Әсіресе оған деректерді топтастырғанда есептегенде және қорытындысын шығарғанд жүгінеді. Деректерді өңдеу бағдарламасы күрделіленгенде және бақылау санының ұлғайғанда қолмен өңдеу көптеген қателіктерге алып келеді. Осы жағдайда шеті тесілген перфокарталарды қолдану жұмысты анағұрлым жеңілдетеді. Күнделікті тәжірбиеде әртүрлі логорифмдік линейкалар, есептеу таблицалары, номограммалар кеңінен қолданылады.
Статистикалық зерттеу материалдарын өңдеуді әртүрлі есептеу машиналарымен жүргізудің маңызы өте үлкен. Есептеу машиналарын 3 классқа жіктейді :
Аналогты (АЕМ) ;
Цифрлы (ЦЕМ) ;
Гибридті (ГЕМ) .
Аналогты есептеу машиналары (АЕМ) – деректерді материалдарды тоқтаусыз керекті деңгейге дейін өңдей алады.
Цифрлы есептеуіш машиналары (ЦЕМ) – сандық түрде берілген статистикалық деректерді жекелей дәрежеде ғана өңдейді.
Гибридтік есептеуші машиналар (ГЕМ) – осы екі кластағы машиналардың конструкциялық ерекшеліктерін қамтылған.
Әлеуметтік гигиеналық зерттеулерде цифрлы есептеу машиналары кеңінен қолданылады. Электронды есептеу машиналары – қуатты деректерді материалдарды өңдейтін құралдар. Бұл машиналар көлемді деректерді материалдарды өңдейді және әртүрлі математикалық әдістерді қолдана алады. Қорытынды алу өте жылдамдайды және керекті шешімді алуға жағдай туғызады. Электронды есептеу машиналары материалды өңдеуді толық автоматтандыру және есептеу барысында жіберетін қателіктерді азайтады.
Электронды есептеу машиналары өте жылдам жұмыс істейді, оларды басқаратын бағдарламасы бар және енгізілген деректерді есінде сақтайды. Сонымен қатар бір мезгілде көптеген жұмыстарды қатар жүргізе береді. Олардың жылдамдығы бір секундта ағындайтын қызмет санымен анықталады. Ол секундына бірнеше мыңнан көптеген миллионға жетеді.
Электронды есептеу машиналары есінде әртүрлі деректерді сақтай алады және оның есінде сақтау көлемі байтпен есептеледі. Әрбір байт екі цифрды немесе бір әріпті, белгіні көрсетеді. Бірнеше байттан машинаның сөздерден сөйлемдер, сөйлемдерден көлемді материалдар түзіледі. Электронды машиналардың шексіз қуатын есепке ала отырып, олардың қуатын есептеу үшін килобайт, мегабайт деген түсініктер қолданылады. Кейбір жағдайда электронды машиналар есінде сақтау қуатын есептеу үшін деректердің ең аз мүшелері бит деген түсінік қолданылады. Бір байтқа 8 бит тура келеді. Қолданылатын саласына қарай электронды есептеу машиналар мәліметтік, есептеуге және басқаруға арналған түрлерге жіктейді.
Мәліметтік электронды есептеу машиналары статистикалық, ғылыми және әртүрлі күрделі математикалық есептерді шығаруға арналған. Басқарушы электронды есептеу машиналарын үнемі қозғалыстағы құбылыстарды басқару үшін пайдаланады.
Атқаратын қызметінің аумағына қарай электронды есептеу машиналарын ауқымды және арнайы қызметтік машиналар деп жіктейді. Есептеу жұмысын ұйымдастыру әдісіне қарай оларды бір бағдарламалы және мульти бағдарламалы немесе көп бағдарламалы деп бөледі. Бір бағдарламалы машиналар белгілі бір уақытта тек бір ғана тапсырманы орындай алады. Ал мульти бағдарламалы машина бір мезгілде көп тапсырманы шешеді.
Электронды есептеу машинасында тағы да басқа көмекші құрылымдар өте көп. Электронды машиналармен түрлі тапсырмаларды жіті орындау үшін мынадай жағдайлар керек:
жиналған статистикалық деректердің сапалы болуы;
керекті есептеу құралдарының болуы;
статистикалық деректерді өңдеу үшін қолданылатын алгоритмдер мен бағдарламалардың жоғары сапалы болуы;
ІY. Өзіндік жұмыс
Зертханалық жұмысты компьютерде Microsoft Excel ортасында есептеп шығарыңыз:
Демографиялық көрсеткіштерді бағалаудың негізгі әдісіне мысал ретінде динамикалық қатарды енгізіп, даму коэффицентін мен өсім жылдамдығын анықтаймыз.
І қатар
1.Ақтөбе қаласында 1993 жылы тұрғындар саны-80000 адам.
2.Емханалар мен амбулаторияға қаралғандар саны-81000
3.Дәрігерлер саны-220 адам
4.Ауруханадағы жату орны-800 орын, оның ішінде:
Онкологиялық ауруларға арналған орындар-150
Гинекологиялық ауруларға арналған орындар-110
5.10000 тұрғынға шаққанда дәрігерлер саны:
2012 жылы-6.6%
2013 жылы-8.8%
2014 жылы -10.1%
2015 жылы-12.0%
Есептің шығару жолдары
1.1000 тұрғынға шаққанда емханалар мен ауруханаларға қаралу деңгейі:
2.10000 тұрғынға шаққандағы 2009 жылғы дәрігерлер саны:
3.10000 тұрғынға шаққандағы ауруханадағы жалпы төсек-орын саны:
4. Онкологиялық төсек-орындар санының жалпы төсек-орындар санына қатынасы:
5. Гинекологиялық төсек-орындар санының жалпы төсек-орындар санына қатынасы:
V Жаңа тақырыпты бекіту.
1.Тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1.Медициналық статистикада жиі қолданылатын заңдылық?
А) Кіші сандар
В) Орта сандар
С) Үлкен сандар
Д) Ортақ сандар
Е) Қосындылар
2.Статистика ғылымы неше бөлімнен тұрады?
А) 3
В) 4
С) 6
Д) 7
Е) 5
3.Статистикалық зерттеу белгілі бір ғылыми түрде тұжырымдалған ережелерді және әдістерді қолданып өткізу?
А) Медициналық статистика
В) Клиникалық статистика
С) Статистикалық әдістеме
Д) Статистикалық жиынтық
Е) Статистикалық зерттеу
4.Статистикалық жиынтықтың түрлері?
А) Ерекше және толық
В) Таңдамалы және жеке
С) Дара және бірдей
Д) Біркелкі және толық
Е) Толық және таңдамалы
5.Сапасы жағынан бірыңғай деректердің,жағдайлардың және жаңалықтардың белгілі бір бағыттағы жиынтығы?
А) Клиникалық жиынтық
В) Статистикалық жиынтық
С) Медициналық жиынтық
Д) Әлеуметтік жиынтық
Е) Оперативтік жиынтық
6.Статистикалық жиынтықтың жеке деректері,көріністері қалай аталады?
А) Белгілер
В) Көрсеткіштер
С) Жиынтық
Д) Бақылау көрсеткіштер
Е) Жиналған деректер
7.Статистикалық зерттеудің ең маңызды кезеңі?
А) Құжаттарды жинау
В) Құжаттарды топтастыру
С) Құжаттарды сакқтау
Д) Құжаттарды іріктеу
Е) Келесі бетке көшу
8.Жинақтау дегеніміз не?
А) Арифметикалық қосу
В) Арифметикалық бөлу
С) Жай арифметикалық қосу емес
Д) Сандарды қосу
Е) Топқа бөлу
9.Статистикалық таблицаның неше түрі бар?
А) 5
В) 4
С) 2
Д) 3
Е) 6
10.Көріністің қайталау жиілігін көрсетеді?
А) Көрнекті көріністер
В) Қарапайым көріністер
С) Интенсивті көрністер
Д) Экстенсивті көріністер
Е) Арақатынас көріністер
Жауаптары:
1.С 2.А 3.С 4.Е 5.В 6.Д 7.А 8.С 9.Д 10.С



































































2.Сөзжұмбақты ойланып шешіңіз.
а
н
и
ц
и
д
м
е
Сұрақтары:
Медициналық статистика қандай тәжірибе?
Есепке алудың 3 түрінің бірі?
Статистика қазақша қандай мағына береді?
Қоғамдық салада қолданылатын әдіс?
Денсаулықты сақтау мекемелері мен басқару орындарының жинаған
материалдарына жүгінетін статистика?
Статистиканың қандай бөлімі деректі сандардың жиынтығынан тұрады?
Статистиканың сүйенетін теориялық негізіне жататын заңдылық?
Статистика латынша қандай мағына береді?
Жауаптары:
1. Қоғамдық
2. Оперативтік
3. Жағдай
4. Статистикалық
5. Медициналық
6. Материалдық
7. Экономикалық
8. Стато
3.Терминдермен жұмыс.
1.Оперативтік документатция-_____________________________________________
______________________________________________________________________
2. Оперативік есепке алу документатциясы__________________________________
______________________________________________________________________
3. Жұмыстың әр саласыны деректерін әр кезеңде сараптауға арналған құжаттар___
______________________________________________________________________
4. Есеп беру құжаты_____________________________________________________
______________________________________________________________________
5. Аналогты есептеу машиналары (АЕМ) – __________________________________
______________________________________________________________________
6. Цифрлы есептеуіш машиналары (ЦЕМ) – _________________________________
______________________________________________________________________
7. Гибридтік есептеуші машиналар (ГЕМ) – __________________________________
______________________________________________________________________
Жауаптары:
Олар дәрігерлердің күнделікті жұмысында қолданылатын құжаттар (стационарлық
аурудың картасы, амбулаториялық аурудың картасы)
Олар емхананың күнделікті қызметінде қолданылатын құжаттар(дәрігерге
қабылдау талоны, уақытша еңбекке жарамсыздық құжаты, үйгеру шақыру деректері)
Оларға дәрігердің күнделігі, диспансерлік есепке алу журналы.
Алдын ала емдеу мекемелерінің есеп беру құжаттары.
Деректерді материалдарды тоқтаусыз керекті деңгейге дейін өңдей алады.
Сандық түрде берілген статистикалық деректерді жекелей дәрежеде ғана өңдейді.
Осы екі кластағы машиналардың конструкциялық ерекшеліктерін қамтылған.
ҮІ. Қорытындылау
Тапсырманы орындаған, компьютерде жұмыс жасаған оқушыларды бағалаймын.
ҮІІ. Үйге тапсырма
Осы конспект бойынша тақырыпты оқып келу.