СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Та0ыыбы "Нысандармен жұмыс істеу"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та0ырыбы "Нысандармен жұмыс істеу"

Просмотр содержимого документа
«Та0ыыбы "Нысандармен жұмыс істеу"»

5 сынып Бекітемін оқу-және тәрбие

жөніндегі орынбасары

________________

12 –сабақ 20 жыл


Сабақтың тақырыбы: Нысандармен жұмыс істеу


Сабақтың мақсаты: Windows нысандарымен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру. Іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлықтар атауларын өзгерту жұмыстарын сауатты орындаудың дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлық атауларын өзгерту тәсілдерін; «алмастыру буфері» түсінігін, себет (корзина) қызметін. Құжатты іздеу, көшіру, жылжыту, файлдардың аттарын өзгерту, өшіру, қапшықтар мен таңбашаларды, себетті (корзина) тазалау.

Оқушылар үйренуі тиіс: қойылған талапқа байланысты ыңғайлы, оңай көшіруді, жылжытуды, файл, бума, жарлықтар атауын өзгерту, өшіруді, қалпына келтіруді.


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

  3. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Білімді өзектендіру

  2. Бағалау


Сұрақтар:

1. Файлға, бума және жарлыққа анықтама беріңдер.

2. Белгілер мен жарлықтар арасында қандай айырмашылық бар?

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Оқушылар нысанды (объектіні) көшіруді, жылжытуды, файл атын өзгертуді және өшіруді білуі мүмкін. Сондықтан мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіруді олардың зерттеушілік әрекетіне ауыстыруы мүмкін.

Ол оқушыларға мәселелі (проблемалық) сұрақтар қояды:

  1. Нысандарды қалай көшіреміз?

  2. Нысандарды қалай жылжытамыз?

  3. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба? Қалай?

Мәселелі (проблемалық) сұрақтар шешілген соң, алмасу буфері мен нысандарды жүйелі көшіру, жылжыту ұғымы енгізіледі (оқулық бойынша). 3-мәселені шешу үшін жапсарлас және көршілес нысандарды бөлуге ұсыныс беріледі.

Мәселелі сұрақтар:

  1. Нысанға қалай жаңа атау береміз?

  2. Нысанды қалай көшіреміз?

  3. Себет (корзина) не үшін керек?

  4. Нысанды қалай қалпына келтіреміз?

  5. Дискіден файлды себетке алып тастағаннан кейін, дискіде орын босай ма?

  6. Дискіден өшірген нысандар, себетте (корзинада) сақталмай, бірден өшіп қала ма?

  7. Соңғы мәселелі сұрақтарға ерекше тоқталу керек.

VI. Сабақты бекіту. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

VII. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалау

VІІІ. Үй тапсырмасы §12 оқу, сұрақтарға жауап беру.

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

D

А

C

В

В