СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Табиғат құбылыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды табиғатта болатын құбылыстармен таныстыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат құбылыстары»






Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в среней группе

Өткізу күні / Дата проведения: 15.03.2018

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область:Әлеуметтік орта

Пән / Предмет: Қоршаған ортамен танысу

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Табиғат әлемі

Тақырыбы / Тема: «Табиғат әсемдігі»

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная: Балаларға табиғатта болатын құбылыстарды түсіндіру, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Табиғат бізді қоршаған орта, оның табиғат байлықтары адамзаттың материалдық игілігі, әр бөлшегі адам өмірінің қорғаушысы және денсаулығының кепілі екенін түсіну жол ашу.


3. Оқыту – обучающая : Дамытушы ойындарды пайдалана отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызу арқылы ой – өрістерін дамыту

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, көктемнің суреті, Лэтбук"Табиғат құбылыстары"

Билингвалдық компонент : найзағай- бұлт-жаңбыр, жел қар-

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырды

1.Қанаты жоқ болса да,

Көкке барып,тірелді.

Түнерді де соншама, Көз жасын төгіп жіберді. (бұлт)

2.Ағаштарды шайқайды, Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (жел)

Балалар енді көзімізді жұмып терең тыныс алайық,(осы кезде табиғат құбылыстарындағы әуендер қосамын)

балалар әуенді тындаңдаршы, ненің дыбысы?(желдің дыбысы,)

желдің дыбысы қалай шығады?(балалар желдің дыбысын салады ууууууу)

Ал мынау ненің дыбысы? (боранның,судың,найзағайдың дыбыстарын айтады)

Жарайсындар балалар,тамаша сендердің тындаған дыбыстардың бәрі табиғат құбылыстары болып саналады.Қыста не жауады?(қыста қар жауады)

жазда не жауады? (жазда жаңбыр жауады)Дұрыс айтасыңдар, жыл мезгілдері өзгерген сайын табиғат құбылыстары да өзгеріп отырады

   Жарайсыңдар балалар ,біреу есік қаққандай болдыма?
 Кім болды екен?
-Ендеше есікті ашып көрейік.
Топқа Дымбілмес келеді.
-Сәлеметсіздер ма? Мен Дымбілмеспін, сендердің сабақтарына қатысуға болама?
-Мен сендерге мына гүлдерді алып келдім, бұл жай гүл емес, сиқырлы гүл, ішінде бірнеше маған қойылған сұрақтар бар мен сол сұрақтардың жауабын қанша ойлансамда таба алмай келемін, маған көмектесіңдерші балалар?
-Жарайды Дымбілмес қош келдің сенде мына біздің балалардың қасына отырып бізге қонақ бол!
-Біздің балалар өз білгендерін аянбай ортаға салады сенде осы балалардан сабақ ал.
-Алдымен балалар мен сендерге табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырайын. Осы жұмбақтардың жауабы біздің жаңа оқу іс-әрекетімізге байланысты.
1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең 
Ұшқан құс, жүйріген оқ бәріне тең 
Адамзат, жан жануар соның арқасында 
Мәңгілік өсіп өнеген. (Жер)
2. Таңмен көзін ашады
Әлем нұрын шашады
                                             (Күн)
-Балалар адамдар күннің жарығы және жылуынсыз өмір сүре алама?
-Ал жануарлар мен өсімдіктер ше?
-Әрине жоқ жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне сәуле, жарық,жылу өте қажет балалар.

3. Дәміде жоқ, түсіде жоқ
Пайдаланбас кісіде жоқ.
4. Бір нәрсе жермен көктің арасында
Көрмейді өзі түгіл қарасыда
Білінбей жер бетінде жүрсе дағы 
Пайдалы адамзаттың баласына
                                  (ауа)

-Ал ауасыз тіршілік етуге болама?
-Жарайсыңдар балалар  

Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар?
-Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы 
"Табиғат құбылыстары" деп аталады.
-Ендеше біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған , қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз.
-Табиғат екіге бөлінеді
-Өлі табиғат жәнетірі табиғат
 -Өлі табиғатқа ауа, су, күн, жер,тау, тастар жатады.Жел, қар,жаңбыр,найзағай,боран,аяз да табиғаттың бір бөлігі
-Тірі табиғатқа -адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады.

Балалар қоректенбейтін , тыныс алмайтын, ештеңені сезбейтін, өспейтін нәрселерді біздер өлі табиғатқа жатқызамыз.
-Балалар бізге Дымбілмес екі жасанды гүл әкеліпті оның өтініші бойынша 1-ші гүлінде сан түрлі сұрақтар бар екен, ал екінші гүлін жасанды гүлін сендерден оны топырақ салынған ыдысқа отырғызуды сұрайды.
Тірі бөлме өсімдіктермен жасанды гүлдерді салыстыру.

Ия дұрыс балалар бұл жасанды гүш ешқашан өспейді. Тірі бөлме өсімдігіне қараңдаршы қалай жайқалып бой көтеріп келе жатыр.
Бұл гүлдергеде күтім керек, оған су құю, түбін қопсыту, оғанда жарық, сәуле , ауа керек.
Егерде сендердіде ата-аналарың күтіп баптамаса, сендерге жақсы киім кигізбесе, жақсы тамақ бермесе сендерде бұлай үлкен болып өспес едіңдер.
Бұл гүлдердіде күту керек, оларды ескерту керек екен балалар. 
Сендер сияқты өсімдіктер өміріндеде арнайы тәртіп сақталады. Дәні жерге түскеннен кейін, тамыр жайып өседі. Оны жаңбыр суарып, күн шуағы өсіреді. Ал өсіп үлкейгенде адамды табиғаттың түрлі құбылыстарынан жауыннан желден қорғайды, жемісін береді, ыстық күні көлеңкесіне демаламыз. Егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса , суармаса ол өсіпей қояды.
Ал балалар біздер мына бөлме өсімдігін топырақ салып ыдысқа отырғызып Дымбілмеске сыйға тартайық,

3.Қортынды

Балалар енді қолымызға лэпбукті алып жұмыс жасайық.суреттен табиғат құбылыстарын көрсетіп, аттарын атайық. (балалар суреттерден табиғат құбылыстарын тауып, аттарын атайды). Жарайсындар балалар, өте жақсы, бәріңе көп рахмет.
-