СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Табиғаттағы өнер" көрке еңбек қысқа мерзімді жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.1.4.2

қоршаған ортаны және  жекелеген формаларды бейнелеу барысында, дамыған кеңістік түсінігін көрсету

1.2.2.1

қарапайым тәсілдер арқылы, материалдар,  процесстер және құралдарды пайдалана және тәжірибе жасай бастау, сурет салуға арналған құралдардың кейбір қасиеттерін  зерттей бастау

1.2.1.1

қарапайым тәсілдер арқылы өз идеялары мен сезімдерін білдіру және жеткізу үшін қоршаған  ортадағы   кейбір визуалды элементтерді  пайдалана және тани бастау

Просмотр содержимого документа
«"Табиғаттағы өнер" көрке еңбек қысқа мерзімді жоспар»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В-бөлім: Қоршаған әлем

Мектеп: «№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ

Сынып, күні: 1


Мұғалімнің аты-жөні: Габдулина Ш.Б.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Табиғаттағы өнер

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

1.1.4.2

қоршаған ортаны және жекелеген формаларды бейнелеу барысында, дамыған кеңістік түсінігін көрсету

1.2.2.1

қарапайым тәсілдер арқылы, материалдар, процесстер және құралдарды пайдалана және тәжірибе жасай бастау, сурет салуға арналған құралдардың кейбір қасиеттерін зерттей бастау

1.2.1.1

қарапайым тәсілдер арқылы өз идеялары мен сезімдерін білдіру және жеткізу үшін қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді пайдалана және тани бастау

Сабақ мақсаттары

  • оқушыларды қоршаған ортаның ерекшеліктеріне ұқсата отырып,

белгілі бір жүйеде көлемді модель жасайды;

  • сыныптасының ойымен бөлісіп жұпта жұмыс жасайды.

Тілдік мақсаттар


Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

  • Теңізді қалай салуға болады?

  • Жартастарды қалай жасайды?

Пән лексикасы және терминология

Пейзаж- пейзаж- landscape

Таңғажайып арал- фантастические острова- fantastic Islands

Құндылықтары дарыту


Құрмет- сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау;

Ынтымақтастық- сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Еңбек және шығармашылық-жұмыс барысында шығармашылық дағдыларын көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. Аралдар.


АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім


Оқушылар әртүрлі әдістерді пайдалана отырып ауа райы құбылыстарын бейнеледі

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  1. Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың

мақсаттарын қою.

Теңіз суреттері

http://www.monetpainting.net/painting_thumbnails.php?search_by=seascape


Аралдар мен теңіздер

http://travel.nationalgeographic.co.uk/travel/beaches-islands/


GoogleEarth

Теңіз дыбыстарының жазбасы



Бояулар, қаламдар, басып шығаруға арналған материалдар мен құралдар


Картон, фольга, азық-түліктердің қораптары сияқты модельдеуге арналған материалдар.


Қайшы, желім, бояу жаққыштар, шөткелер, ысқыштар



Сабақтың ортасы

33 минут


  1. Пейзаж тақырыбын қайталау. (3 минут)

Сабақтың басында оқушылардан «Пейзаж»-ды қалай түсінетіндерін сұрап, еске түсіру. Пейзаж суреттерін қарастыру.

  1. «Ізден» (4 минут) айдары. Шағын топта жұмыс.

Оқушылар аралдар мен теңіз суреттерін қарастырады және теңіз туралы әңгімелер мен әндер тыңдайды. Олар теңіздің әртүрлі күйлерін (тасқынды және тынық, өзгермелі) және ол суреттер мен дыбыстарда олардың қалай бейнеленгені туралы ойланады. Әр шағын топтан бір оқушы шығып, өз ойларын айтады.

  1. «Орындап көр» (26 минут) айдары тәжірибелік

жұмысқа арналған – Оқушылар 3D модель жасау үшін кескіндеме немесе әр түрлі материалдармен жұмыс жасайды. Шағын топтық шығармашылық жұмыс түрі.

Бұл шығармашылық жұмыс екі сабаққа созылатындығы жайында ескерту. Жұмыстарын жоспарлау, яғни осы сабақ пен келесі сабаққа шығармашылық жұмыстың кезеңін бөлу. Бұл арқылы оқушылар өз уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыланады және жұмыстарының аяқталуын жоспарлай алады.

Түрлі материалдардың көмегімен аралдар мен теңіздерді қалай жасауға болатынын көрсету қажет.

Төмендегі сұрақтарды қоюға болады:

  • Теңізді қалай салуға болады?

  • Жартастарды қалай жасайды?

  • Сіз қандай аралды жасағыңыз келеді?

  • Оны қалай қиял-ғажайып арал етіп жасай аласыз?

  • Мұнда қандай климат бейнеленеді?

  • Мұнда ыстық па әлде суық па?

  • Тау немесе шөл болама?

Топтарда оқушылар материалдарды өздерінің қиял-ғажайып аралын жасау үшін іріктей бастайды және сол материалдар ойындағыға сәйкес келетіндігі жайында ойланады.

Оқушылар топтарында жасайтын аралдарының эскиздерін сурет салуға арналған альбомдарында орындайды. Аралдың жанында не болады? арал қандай болады? аралды қандай жануарлар мекендейді? деген сияқты әр түрлі сұрақтарды негізге ала отырып екі оқушы бірігіп идея ойластырады. Сонымен қатар оқушыларға қайталама материалдарды қолдану керектігін ескеру, мысалы: баклашка, торттың сырты, фальга, кәмпиттің қағаздары, жұмыртқаның қағаздары, әр түрлі қораптар және т.б.) Оқушылар бірлесіп бөлшектерді қалай біріктіретіндері жайында ойланып қажетті құралдарды келесі сабақта алып келулері тиіс. Біріктіру құралдары: скотч, желім, ине мен жіп, степлер және т.б.

Шығармашылық жұмыс барысында оқушыларды бақылап, қажет болған жағдайда көмек көрсету керек.

Саралау үшін қабілеті жоғары оқушылар (шапшаң) мен қабілеті төмендеу немесе баяу жұмыс жасайтын оқушыларды бір шағын топқа қосуға болады. Немесе қабілеті жоғары оқушы тобына көлемді арал, ал кейбір оқушыларға 2D көлемінде таңғажайып аралды жасауға ұсынуға болады.


Сабақтың соңы

5 минут

  1. Кері байланыс.

Әр шағын топтардың жоспары бойынша оқушылар өз мақсаттарына қаншалықты жеткендігі жайында білу үшін, төмендегі сұрақтар қатарын қоюға болады:

  • Өз мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме?

  • Жұмыстарыңызды жақсарту үшін не істеу

керексіздер? Және келесі сабаққа сіздерге қандай құрал- жабдықтар қажет?


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау үшін қабілеті жоғары оқушылар (шапшаң) мен қабілеті төмендеу немесе баяу жұмыс жасайтын оқушыларды бір шағын топқа қосуға болады. Немесе қабілеті жоғары оқушы тобына көлемді арал, ал кейбір оқушыларға 2D көлемінде таңғажайып аралды жасауға ұсынуға болады.

  • Cұрақтар қатарын қою.

  • Оқушылар өз

жұмыстарының жақсарту жолын айтады.


Бояумен жұмыс кезінде үстіне, көзіне шашырап кетпеуін және ауызға салуға болмайтындығы жайында ескерту. Қайшы, резак сияқты өткір заттармен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу жолдарын айту.