Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 22.02.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Таным
Пән / Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Тірі және жансыз табиғат.
Тақырыбы / Тема: «Табиғат - біздің досымыз» және "Мейірімділік"күні
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқыту – обучающая : Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, табиғат құбылыстарынің суреттері,, қыстың суреті, тірі және өлі табиғат суреттері жеке тақтада,
Билингвалдық компонент : табиғат-природа,ағаш-дерево, гүл-цветок.су-вода,қар-снег.ауа-воздух
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар бізге хат келіпті. Хатта не туралы жазылғанын оқимызба?
(Тәрбиеші хатты ашып оқиды) Салеметсіңдер ме балалар!Қалдарың қалай?
Мен данышпан тасбақамын! сендерге қоятын тапсырмаларым бар,
1-тапсырма.
Мейірімділікті қалай түсінесің? сен біреуге миірімділік жасап көрдің бе?
2-тапсырма
Табиғат нешеге бөлінеді? табиғат құбылыстарын ата
жауабын жазып жіберіңдер
2негізгі бөлім
Балалар кәне данышпан таспақанын тапсырмаларын орындайық
Кәне мейірімділік деген сөзді қалай түсінесіңдер? балалар өз ойларын ортаға салады
Мейірімділік жасадыңдар ма? балалар өздерінің жақсы істерін айтады
Дұрыс айтасыңдар, аналарыңды силаңдар, бөпелеріңе қараңдар, ойыншықтарыңды беріңдер.
— Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
— Әке, ана ата, әже
— Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
— Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар).
— Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
— Ия, күн, су, ауа бізге керек.
— Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
— Табиғат.
Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне бәріміз қайталайық.
— Өлі табиғат және тірі табиғат.
— Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.
— Балалардың жауаптары: Жаңбыр, құм бұл өлі табиғат.
— Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат.
— Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар өсімдіктер, гүлдер жатады.
— Балалар міне, менің қолымдағы ыдыста не бар?
— Қар.
— Оның түсі қандай?
— Ақ.
— Қар, қай мезгілде болады?
— Қар, қыс мезгілінде болады.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ ( Су-вода)
2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды. (Күн-солнце)
3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағың тең болмайды ( Ауа-воздух)
Билингвалдық компонент : табиғат-природа,ағаш-дерево, гүл-цветок.су-вода,қар-снег.ауа-воздух
Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.
— Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.
Кім су туралы тақпақ біледі.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қанатты жазайық
Құс болып ұшайық,
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Жеке жұмыс: Николаева Линарамен қиын сөздерді буынға бөліп айту.
Тақтадағы табиғат көрінісін түсіндіру.
Суға құмды салайық ери ме? Ерасыл сен қалай ойлайсың?
Балалар құм бізге керек пе?
Сезім сен қалай ойлайсың?
Құмға ағаштарды отырғызамыз, құмда өсімдіктер, гүлдер өседі.
Ағаштардан не жасауға болады?
Сонымен су өлі табиғатқа, ағаш, құс, гүлдер, өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.
Балалар біз нені жұтып, дем аламыз?
Құстарды атуға бола ма?
Ағаштың талын кесуге бола ма?
Мына гүлді құмға қопсытып отырғызамыз да, суды құямыз. Ол сумен өседі, көріктенеді, оттегін шашады, ауаны тазартады.
Бұлар қандай табиғатқа жатады? балалардың жауабы.
3.Қортынды.
балалар бізге хат неден келді? данышпан тасбақадан.
Хатта не болды? -хатта тапсырмалар болды
-тапсырмаларды орындай алдық па?-балалардың жауабы.