Мотивациялық- қозғаушылық | Құстардың дауысы мен бұлақтың сылдыры жазылған үнтаспа ойналады.Кенет құстар адам дауысымен сөйлеп кетеді: «Көмектесіңдер,табиғатқа қауіп төнуде.Біз құрып бара жатырмыз.Көмектесіңдер!» Залға орманшы жүгіріп кіреді: «Балалар, не естідіңдер!»деп сұрайды. | Балалар үнтаспадан құстардың дауысын тыңдайды. Балалар:Табиғатқа қауіп төніп тұр екен,-дейді. |
Ұйымдастырушы- лық-ізденістік | Орманшы:-Менің көмектесуге жалғыз шамам жетпейді.Маған көмектесіңдер.Орман көлде табиғатты бүлдіретін балалар пайда болыпты. Балалар орманға кіреді.Сынған ағаштарды,шашылған саңырауқұлақ,жаңғақтарды көреді.Балалардың алдынан Тиін шығып, Орманға сотқар балалардың кіріп,бұтақтарды сындырып,саңырауқұлақтарды жұлғанын айтады. -Балалар,олар қандай ережені бұзды? -Достар,рақмет!Орманшы екеуіміз әрі қарай кеттік. Олар өзенге келеді.Оның айналасындақоқыстар,шыны ыдыс сынықтары мен жағылған оттың күлі шашылып жатыр. Орманшы:-Орманда демалған кезде осылай шашып кетуге бола ма?Оларға не айтасыңдар? Қолында кірпі салып алған қорабы бар сотқар бала шығады. Орманшы:-Сенің қорабыңда не бар? -Мен тірі ойыншық тауып алып,қорапқа салып алдым.Ол ұйықтап қалды. -Тірі кірпі ойыншық емес.Балалар,не айтасыңдар? Орманшы:-Сен табиғатқа көп зиян келтірдің.Барлық құстар шырылдап көмек сұрап жатыр.Ал біздің балалардың саған айтар ақылы бар. «Табиғатта өзіңді қалай ұстау керек?» Дидактикалык ойыны: Мақсаты:сурет бойынша орманда өзін дұрыс ұстау ережесін сипаттай білу;туған өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. | Балалар орманға қарай аттанады.Жолда табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін еске түсіреді. -табиғат аясында шулауға,айғайлауға болмайды. -ағаштарды сындырма. -құстарға,жануарларға,жәндіктерге тиіспе. -қоқыс тастама. -саңырауқұлақтарды тек қана кесіп ал т.б. -Орманға демалуға барғанда,артынан отырған жеріңді тазалап,жинап кету керек. -Орманнан тауып алған кірпіні үйге алып кетуге болмайды.Ол орманда тіршілік етеге үйренген. -Адамдар табиғатқа бүлдіру үшін емес,демалу үшін барады.Сондықтан мұнда барлық адамдар өзін дұрыс ұстап,табиғатты сұюі керек.Балалар адамның табиғатқа келтіріп жатқан зиянды әрекеттерін бейнелейтін карточколарды қарайды.Әр бала өзіне берілген сурет бойынша адамдардың теріс қылықтарына баға береді. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Музыка ырғағымен Тиін шығады. -Балалар,сендерге рақмет!Сендер сотқар баланы өздеріңмен ертіп жүріп,табиғатқа қамқор болуды үйреттіңдер.Ол да сендер сияқты табиғат қамқоршысы болсын.Орман тұрғындарының атынан сендерге «Орман қорғаушылар» деген төсбелгі таратып берейін. | -Рақмет саған,Тиін.Бізге саясын сыйлаған орманға да үлкен алғысымызды білдіреміз. |