СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Ауа.Ауаның қасиеті"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:"Ауа. Ауаның қасиеті" сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Ауа.Ауаның қасиеті"»

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауа. Ауаның қасиеті

Мақсаты

Мақсаты: а) Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
б) Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты игеру.
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: сызбалар, дидактикалық материалдар
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Табиғаттағы судың ластануы туралы айту.
2. Суға қандай зиянды қалдықтар түседі, олар ағзаларға қалай әсер етеді?
3. «Арал қасіреті » дегенді қалай түсінесің?

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту


























Мағынаны тану

1. Дүниетану пәнін нені оқытады 
2.Адам шөлдегенде не қажет? 
3.Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін не деп атаймыз? 
4. Ас атасы .... . 

5. Масштабпен жер бетін кішірейтіп бейнелеуді жергілікті ...... сұлбасы деп атайды. 
6. Белгілі бір заттың көлемін кішерейтетін санды не деп атайды? 
7. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды не деп атайды? 
8. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістікті қалай атаймыз? 
9. Кез келген заттың бейнеленген көрінісін не деп атайды? 
10. Адамдардың өзара қарым – қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі қалай атаймыз?
11.Еңбек етпеген .... – жемейді. 

«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.


Ал ауа маңызы туралы не айтуға болады? Оқушымен бірге санамаланады. 
- Дем алу үшін қажет 
-От жағу үшін қажет 
-Суға жүзу үшін қажет 
- Жылуды сақтау үшін қажет 
Жаңа тақырыпты бекіту. 
- Адам немен дем алады? Ауамен 
- Қызыл шарда қандай ауа бар? Түссіз ауа 
- Стақанмен жабылған шам не істейді? сөнеді 
- Бөлмеде өрт бола қалса не істейміз? Шупірекпен жабу 
Білемін Білдім 
Ауа түссіз, мөлдір. Ауа орын алады. Ауа сығылады, серпіледі. Ауа жануды қолдайды. 
Бүгінгі сабақта не білдік ? - Ауаның қасиеттерін білдік. 
Сығылады, серпіледі, түссіз, жануды қолдайды, көрінбейді мөлдір.

1. Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?
а) азот
б) оттегі
в) көмірқышқыл газы
2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
а) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жай өткізеді.
б) Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.
3.Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?
а) сутек, мыс, мырыш
б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.
в) хлор, фтор, йод.
4. Терезелерге жылу ұстау үшін екі қабат әйнек орнатады. Қандай қасиет пайдаланады?
а) Қыздырғанда ауа ұлғаяды.
б) салқындатқанда ауа қысылады.
в) Ауа жылуды жай өткізеді.

Ауа деген- газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ – яғни 78 ℅, оттегі - 21℅,
1 ℅ - көмірқышқыл газы. Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады