Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы.Бағдаршам»
Тақырыбы: Абайла жол!
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін түсіндіру. Тақырып бойынша сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол ережесіне байланысты белгі суреттер, ойын машиналары, велосипедтер, самокаттар. т.б
Шаттық шеңбері: Армысың асыл күн
Армысың асыл жан
Армысың көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым.
Кіріспе бөлім.
Жұмбақ жасыру: Жоқ өзінде баста, аузыда, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ тоқта, жүр дейді
Тәрбиеші: Олай болса балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу- іс әрекетіміз Айналамен таныстыру, тақырыбы « Абайла жол »
Бағдаршам- бізге дұрыс жол бағыттайды.Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп, тілін алуымыз керек.
Жаяу жүргіншілер жолымен таныстыру.
Біздің көшелер бойында, жаяу адамдарға, жолаушыларға арнайы жүретін зебра жолы бар. Сол ақ жолақты жолмен өтуіміз керек. Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолаушылардан тек қана жедел-жәрдем, полиция, өрт сөндіруші көліктері өтуге болады.
Олай болса бағдаршам туралы тақпар айтайық, кәне кім біледі?
Жанасыл: Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Аружан: Қызыл көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
Толғанай: Жасыл жанса демде
Алға кетем лезде
Сары жанса сабыр
Сақтай тұрам әзір
Қызыл жанса, шоқтай
Қаламын кілт тоқтай.
Ұлдай: Ескерту белгісі
Қып-қызыл үш бұрыш
Тәрбиеші: Шаршадыңдарма балалар.Сергіп алайық.
Сергіту сәті: Үш түсті көрсету: Қызыл көрсеткенде тұрады, сары көрсеткенде бір аяқты көтереді, жасыл көрсеткенде аяқ соғады.
Тәрбиеші: Кәнекей балалар жұмбақ жасырайық.
Құндыз: Үлкендер де кішілерде
Жол белгісіне қарады.
Мысықтар да, күшіктер де,
Батыл жүріп барады.
Бірақ бұл жер
Жиек жол емес
Құпиясын кім табады.
Гүлнұр: Бір ғажабы бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді
Отырады біреуі
Тік тұрады біреуі
Неғылған жер бұл өзі
Айтыңдар кім біледі.
Әсел: Аудан, мектеп, үй, стадион
Салынып жатқан жерлерде
Тура жүрсең түсетін
Шұңқырлар бар жерлерде
Жүйіткіген жол үстінде
Қандай белгі тұрады?
Ойын: Бағдаршам құрастыру ойыны ойналады.
Қорытындылау: Балалар бүгінгі сабақта не үйрендік, не өттік?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Ендеше деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап аман-есен жүрейік.
МКҚК № 22 «Ақбұлақ» балабақшасы
Бағдаршам
(ашық сабақ)
Дайындаған: Абдуллаева С.Э
2014 ж