СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Білімнің -бұлағы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Барлық адамдар-ақыл да, ғалым да, ақын да бәрәде мектептен, балабақшадан білім алатын балаларға айту.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Білімнің -бұлағы"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Білімің - бұлағың» (өлеңмен танысу)

Мақсаты:балабақшаға, мектепке барған балалардың қуанышты сәттерін әңгімелеу; «Білімің – бұлағың» өлеңін оқып-үйретіп, сөздердің мағыналарын түсіндіру; Барлық адамдардың – ақын да, ғалым да, бәрі мектептен, балабақшадан білім алатыны туралы балаларға айтып беру; Өлең арқылы ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: Білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі-сыртқы көрінісінің суреттері, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар

Сөздік жұмыс: талмайды, самғайды.

Билингвальді компонент: білім - знание, ұстаз –учиетль.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балаларды шеңберге тұрғызады.

– Шеңберге тұрғанда бір-бірмізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір-бірімізге бүгінгі Білім күні мерекелік көңіл күй және жылылық сыйлайық.

Балалар шеңбер болып тұрып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Армысың, асыл Күн,

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Қолдарымен бір-біріне жылу береді.


-Балалар , бүгін – ерекше күн! Бүгін – Білім күні!

Барлық балалар мектепке, балабақшаға барды.

Балабақша - бұл екінші үйіміз. Сендер ақылды, тәрбиелі, ұқыпты, жақсы азамат болып өсулерің үшін

балабақшада, мектепте көп нәрсе

үйреніп, білім аласыңдар.

Балабақшада және мектепке барғанда көптеген дос табасыңдар.

Педагог апайларың сендерді өзінің баласындай мәпелеп тәрбиелейді,

білім береді.

-Енді, балалар, ақын Ақылбек

Балабақшаға деген жақсы тілектерін айтады.

Сурет бойынша балабақша, мектеп туралы, өздерінің достары, ұстаздар туралы өз ойларын әңгімелеп береді.

Слайд арқылы балабақшаға немесе мектепке бара жатқан балалардың, ұстазына гүл беріп жатқан балалардың , достардың бір-бірімен кездескенін, алғашқы қоңырау соғылғанын, балалардың қуанышты сәттерін көріп

Ұйымдастырушы-лық-ізденістік












Шаяхметовтың «Білімің-бұлағың» деген өлең жолдарымен танысамыз.


Қанатым талмайды,

Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да

Ұстазсыз болмайды.

Мереке күніңмен

Құттықтап бүгін мен.

Ойыма ой қосам

Сен берген біліммен.


Сөздік жұмыс

Педагог балаларға қиялымда, самғайды сөздерін 2-3 рет қайталатып, түсіндіреді. Қиялым самғайды сөзі елінің өркендепөсуін армандау мағынасын білдіреді.

Білімді деп кітапты көп оқитын, кітапты ұқыпты ұстайтын, көп ізденетін адамды айтамыз.

Қанатым талмайды – ерінбей іздену. Ақын да, ғалымда мектептен білім алып шыққандығын түсіндіру.


Билингвальді компонент:

білім – знание,

ұстаз – учитель.


Сергіту сәті

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Өлең шумақтарындағы сөздерді қайталату.

Білім, бұлағың деген сөздердің мағынасын түсіндіріп қайталау.

-Білімді деп қандай адамды айтамыз?

-Сендерді кім оқытады?

-Нені үйретеді?

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.



Дидактикалық ойын:

«Ғажайып қоржын».

Ойынның шарты: ғажайып қоржынның ішінде бірнеше заттар: ойыншықтар, оқу құралдары бар. Сол заттардың ішінен оқу құралдарын бір бөлек, ойыншықтарды бір бөлек жинап алу керек.

Мақал жаттау

«Білім – таусылмайтын қазына». Мақал мағынасын түсіндіру жаттату.

тамашалайды.




Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды. Балалар балабақша, білім туралы өздерінің білетін тақпағын еске түсіріп, айтып береді.

Балалар түсінгендерін өз ойларымен жеткізеді.









Талмайды, самғайды сөздерінің мағынасын түсінеді, қайталайды.

Ақын да, ғалым да мектептен білім алады.




Балалар қайталайды:

білім – знание,

ұстаз – учитель.




Қимылмен көрсетеді.

-Көп оқып, еңбектенетін, ізденетін адамды.

-Педагог оқытады.

-Тәртіпті болуды, сурет салуды үйретеді, ертегі, әңгіме оқып береді, өлең жаттатады.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды, дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып, бөлек жинайды.







Балалар мақалды қайталап, жаттап алады.


Рефлексиялық-

түзетушілік

-Білімді болу үшін не істеу керек?

-Ақын да ғалым да білімді қайдан алады?



Бүгінгі алған әсерлерін көңіл күй (смайлик) арқылы белгілейді.

-Білімді болу үшін көп оқып, іздену керек.

-Мектептен жақсы білім алса, ақын да, ғалым да бола алады.

Балалар қағаз бетіне өз ойларын, көңіл күйін (смайлик) түсіреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлең шумақтарымен танысады, балабақшаға, мектепке бара жатқан балалардың қуанышты сәттерін әңгімелеп береді.

Игереді:білімді болу үшін көп оқып, ізденіп, еңбек ету керектігін, ақын да, ғалым да мектептен, ұстаздан білім алғанын түсінеді.

Меңгереді: Білім күніне арналған өлеңді тындай отырып, алған әсерлерін көрсетеді. Дидактикалық ойын арқылы оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратады.