СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Біздің балалар қайда екен?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларды топпен таныстыру.Сұрақтарға жауап беруді үйрету

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Біздің балалар қайда екен?»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы: Біздің балалар қайда екен?

Мақсаты: топпен танысу,бөлмелердіңаттарын үйрету.Сұрақтарға жауап беруге

үйрету. Ұқыптылыққа баулу.

Әдіс –тәсілдер:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Көрнекіліктер: балабақшаның суреті, орамал.

Сөздік жұмыс:жиһаз


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

Балалар өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушы-лық- ізденістік







- Балалар,біз таңертең қайда келеміз?

- Балабақшада не истейміз?

Балабақшаны суреттен таныстырады.

-Балабақшамыз үлкен,әдемі,ауласы кең.Балалар,біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп,балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады.

- Біздің тобымызда не бар?

Топтағы заттарментаныстырады.

Балалардың көңілін орамалғааударады. «Орамал кімді жасырады екен»,-деп, бір баланың бетіне бір сәтке жабады.Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды.Әрқайсысына өз аттарын айтқызады.Тәрбиеші тағы да сұрақтар беріп, балаларды көңілдендіріп, сұрақтарға жауап беруге, сөйлетуге үйретеді.

Мысалы:

-Сен қайда тұрасың? Сен атыңды айтшы?

-Кімнің қасында тұрсың?Ол баланың атын білесің бе? т.б.




«Біздің балалар қайда екен?» дидактикалық ойыны.Үлестірмелі материалда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу.

- Балабақшаға келеміз.


- Ойнаймыз, сабақ оқимыз, ұйықтаймыз.







Балалар топ бөлмесінде көріп тұрған заттарды атайды.




Заттармен танысуға құлшыныс танытады.Тәрбиешіні тыңдайды.Орамалға күлімдей

қарайды.Көңілді болуға тырысады.


Сұрақтарға жауап беруге талпынады.Орамалмен беті жабылған бала өзінің атын айтады. Қасында тұрған баланың атын айтады.

-Асқар үстелдің астында тығылып жатыр.

-Марат үлкен ойыншық қонжықтың артында отыр.

Рефлексивтік-түзетушілік



Тәрбиеші балалардың көңіл күйлеріне қарап мақтап,мадақтайды. Балаларды сөйлетуге үйретеді.


Балалар қуыршақ сезімін танытады.Балалар сөйлеп үйренеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өздерінің, көршілерінің аттарын айтуды.

Игереді: топ туралы түсінікті.

Меңгереді: сұрақтарға жауап беруді.