|
Тест тапсырмалары:
- «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?
А) М.Мақатаевтың Ә) Ж.Аймауытовтың
Б) Ж.Смақовтың В)С.Жүнісовтің
2. «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі ... түтіннің иісі» деген жолдар кездесетін мәтінді ата.
А) М.Мақатаев. Отан туралы. Ә)Ж.Смақов. Отан
Б) Ж.Аймауытов. Қартқожаның туған жері.
В) Ө.Тұрманжанов. Туған өлкем.
3.Ж.Смақовтың өлеңі қалай аяқталады: Өйткені ол Отан ...
А) Ұлы Отан Ә) Сол Отан
Б) Жан Отан В) Бұл Отан
4.С.Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір. Өзі тар, әрі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені?
А) құмырсқаның Ә) құрбақаның
Б) тышқанның В)жауынқұрттың
5. С.Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір. Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ ненің мекені?
А) құрбақаның Ә) көкқұтанның
Б) құмырсқаның В) тышқанның
6. С.Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін есіңе түсір. Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке ненің мекені?
А) көкқұтанның Ә) құмырсқаның
Б) тышқанның В) құрбақаның
7.Бөлімдегі М.Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады:
Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке ...
А) Ұнатамын Ә) Мақтан етем
Б) Сүйіп өтем В) Жырлап өтем
8.Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?
А) М.Мақатаевтың Ә) Ж.Смақовтың
Б) Ө.Тұрманжановтың В) К.Ахметованың
9.Астанаға жыр арнаған ақынды ата.
А) М.Мақатаев Ә) Ж.Смақов
Б) К.Ахметова В) Ө.Тұрманжанов
10.Ө.Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады:
Неткен сұлу, неткен көркем,
...
А) Көгінде күн нұрын сепкен
Ә) Жеріндег гүл жұпар сепкен
Б) ел еркіндей бақыт тапқан
В) Осы менің туған өлкем
|