Мотивациялық- қозғаушылық | -Балалар, шеңбер болып тұрып, бір-біріміздің қолдарымыздан ұстайық. Мына гүл шоғын бір-бірімізге жылы сөз, жақсы тілегімізді айта отырып ұсынайық. | Балалар шеңбер болып тұрып, тәрбиешінің көмегімен бір-біріне тілектерін айтады. |
Ұйымдастырушы-лық- ізденістік | 1.Өлең оқу: А.Меңжанованың “Гүл» өлеңі немесе басқа да ақындардың гүл туралы жазған бір өлеңі оқылады. 2. Әңгіме жүргізу. -Балалар, өлеңде гүл туралы айтылған. Біз бүгін табиғаттың ғажайып байлығы- гүлдермен танысамыз, гүлдердің көптеген түрлері бар. Дала гүлдері,бөлме гүлдері, емдік гүлдер және т.б. Дала гүлдеріне қызғалдақ, бақбақ, түймедағы т.б. жатады.Бұл гүлдер далада өседі. Сондықтан дала гүлдері деп аталады. -Балалар бізге гүлдер не үшін керек? -Бөлмедегі ауаны тазартады, әдемі сән береді, гүл адамдарға қуанышсыйлайды. Мереке күндері анамызға, тәрбиеші апайларға әдемі гүл шоқтарын сыйлаймыз. -Егер де гүлдер болмаса не болар еді? -Гүлдің тамыры сабағы, жапырағы болады. -Бұл гүлдің аты-фикус. Кәне, менімен қосылып қайталаңдаршы. Фикус- әдемі жапырақты бұтақты өсімдік.Өсімдіктің діңі жуан болса да жапырағы майда ірі болып келеді.Фикустың шырмалап өсетін де түрлері болады. -Фикус гүлінің түсі қандай?Жапырағы қандай болып келген?Гүлдің жапырағы үлкен , әрі жалпақ.Бөлме температурасының тым ыстық болуынан және желде қалғандығынан жапырағы түсе бастауы мүмкін. Сергіту сәті. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Шарты; гүлге баратын жолды табу яғни фикус гүліне бағытталған бағдаршаны бастырып сызады. | Балалар тәрбиешімен бірге қайталап айтады. Балаларға ой тастау. Қайталайды. Балалар тәрбиешімен бірге жауап береді. Балалар қайталап айтады. -Көңіл күйіміз төмендейді. Балаларға ой тастау. -Жасыл. Балалар сұрақтарға тәрбиешінің көмегімен жауап береді. Тәрбиеші 2-3 баламен бөлме гүлінің шаңын қалай сүрту керектігін , оларды қалай су құю керектігін тәжірибе жүзінде көрсетеді. Музыка әуенімен жайқалып өскен гүлдер сияқты тербеліп билейді. Балалар тапсырманы тәрбиешімен бірге орындайды. |
Рефлексивтік- түзетушілік | Сұрақ- жауап арқылы пысықтау. Қандай бөлме гүлдерін білесіңдер? 2.Бөлме гүлдерін қалай күтеді? 3. Гүл атымен аталатын қандай қыздардың аттарын білесіңдер? | Балалар жауап беруге тырысады. |