Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Түрлі-түсті доптарды ұстап тұрып: Добым,добым,домалақ Қайда кеттің домалап Үстел үстін бүлдірдің Тәрелкені сындырдың,-деп сұқ саусағымен допқа ренжіген сыңай байқайды. Сөздік жұмыс:домалақ | Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады. |
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік Рефлексивтік- түзетушілік | Бүгінгі оқу іс – әрекетінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз – допты мүсіндейміз. Билингвальды компонент: Доптар – мячики. Тәрбиеші балалардың үлестірмелі материалдағы суретке назар аударуларын сұрайды. Суреттегі көк, қызыл, жасыл түсті доптарға қарай отырып, ермексаздан көлемі үлкен доптар сомдаймыз. Тәрбиеші жұмысқа кіріспей тұрып ұқыптылық ережелерін қайталатады: Мүсіндеу жұмысын бастамас бұрын кедергі келтірмеуі үшін алдымен жеңді түру керек; Ермексазды арнайы тақтайшаның үстіне қою керек; Жұмысты таза орындауды қадағалау және т.б. Сергіту сәті Қолды оңға созамыз, Қолды оңға созамыз, Бір орыңда секіріп, Біз демалып аламыз. Балалар, оң қолдарыңа ермексазды үзіп алып, сол қолдарыңмен ермексазды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен домалатыңдар. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. -Кім қандай түстерді пайдаланды? Тәрбиеші балалардың өздері жасаған доптарын барлығына көрсетіп, талдайды. Олардың жұмысын мақтап, марапаттайды. | Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар қолдарын оңға солға жайып, бір жерде тұрып секіреді. Ермексаздың өздеріне ұнаған түстерінен шымшу әдісімен үзіп алып, алдымен жұмырлау, одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, допқа ұқсатуға тырысып сомдайды. Балалар пайдаланған түстерді атайды. Мүсіндеген доптарын тәрбиешінің үстеліне әкеліп, барлығы бірге қарайды. Доптардың ұқсастығына тоқталады. Өздері жасаған әдемі доптарына қарап, балалардың көңіл- күйлері көтеріледі. |