СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Іздегенде табылатын қасыңнан"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Іздегенде табылатын қасыңнан"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары 12


Мектеп: «Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мерзiм:

Тақырып: Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілікке тәрбиелеу

Мұғалiм: Маратқызы Ж Сынып: 8 а,б,в -сынып

Мақсаты :

Оқушылардың өзара қарым – қатынастарын ( отбасында , аулада , сыныпта , мектепте , ұжымда ) сыйластыққа , сүйіспеншілікке құруға үйрету .

Міндеттері :

- оқушыларға жағымды , ізгілікті қарым – қатынас жасаудың мәнін , мағынасын түсіндіру ;

- жағымды қарым – қатынас жасай алу дағдыларын дамыту ;

- жағымды қарым – қатынас жасай алуға , ізгілікке тәрбиелеу .

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер,ақ қағаз,түрлі-түсті қалам

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәтi. « Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

үнтаспа

Үй тапсырмасын тексеру

Кешіре білу мәтінін оқу


Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

Рудакидің қанатты сөзі :

Өмір – теңіз

Жүзем онда демеңіз ,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз .


Мұғалімнің сыйы:

«Отан отбасынан басталады»

  1. Ата-ана қадірін бағалай білу дегеніміз не?

  2. Әңгімеден не түсіндіңдер?


Топпен ән айту:

Достар әнін орындау


Үй тапсырмасы:



Оқушылар шеңберге жиналып, М . Мақатаевтың « Аңса , жаным » өлеңін бірігіп айтады .







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!