СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Қуыршақтың қамзолы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Қамзолдың суретін салуды жаттықтыру

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Қуыршақтың қамзолы"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қуыршақтың қамзолы.

Мақсаты: қамзолдың суретін салуға жаттықтыру, сурет салу іскерлік – дағдыларын меңгерту, жұмыстың нәтижесіне жете білуге, әсемдігіне мен беруге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: қамзаолдың суреті. Үлгі.

Қажетті құралдар.: сурет салудан жұмыс дәптері, түрлі түсті бояу,

қылқалам, су.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балалармен отбасы мүшелері жайнда сөйлеседі. Ұлттық киімдерге тоқтатылып, әртүрлі сұрақтар қояды. Ұлттық киімдердің ерекшілігін әңгімелеп, оның әдемілігіне тоқталады.

Балалар отбасы мүшелері жайында айтып береді.

Ұйымдастырушы-лық- ізденістік
























Ұлттық киімдерге, қамзол оюларына назар аударып отырғанда топқа кішкентай Әйгерім деген қыз кіріп, балалармен амандасып, не істеп отырғандарын сұрайды, балалар ұлттық киімдердің әсемдігімен танысып отырғандарын айтады.

Әйгерім:

-Балалар, қандай ою – өрнектерді білесіңдер?

-Менің қуыршағыма әдемі қамзол керек еді, балалар, сендер менің қуыршағыма әдемі қамзол жасап бере аласындар ма?

Педагог балаларға қамзолдың жеке суретін көрсетіп, балалармен бірге Әйгерімге де оның ерекшеліктерін сипаттап айтып береді.

Бәрі үлгіге мұқият қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін естеріне түсіреді. Педагог ою –өрнектерді салу жолдарын көрсетеді. Ботамойын өрнегін салғанда бір нүктеден бастап қолды үзбей екінші бөлігіне дейін сызып салуды қошқармүйіз өрнегін салған кезде симметрияны сақтау жолдарын көрсетеді.

Бояу түстерін таңдап, қағаз бетіндегі кеңістікті пайдалану, өрнектермен безендіреді.






Балалар қамзолдың суретін салуға кіріседі. Әйгерім қыздың айтқан өтінішін орындайды.














Рефлексиялық- түзетушілік


Дайын болған қамзолдарды тақтаға үлгімен қатар қойып, салыстырады. Педагог жақсы салынғандарын мақтап талдау жасайды.

Іс –әрекет соңында Әйгерім балалармен дүкенші ойынын ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық киімдер жайында мағлұматты, қамзолдың қай мезгілде киілетінін, киімдер киетінінғ қандай материалдардан тіккен дұрыс болатындығын біледі.

Игереді: қамзолдың суретін сала білу іскерлік – дағдыларын игереді.

Меңгереді: қамзол жайындағы түсініктері ұғады.