Апта: 7 Күні: 12.10.15 | Пәні Информатика | Мұғалім аты-жөні Қали Айжан Сағынбайқызы | Т.Жанұзақов орта мектебі 5 - сынып | Бекітемін________ |
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрлымы |
Сілтеме: | 5-сынып оқулығы; Стендтер. Видеосабақтар слайд |
Сабақтың мақсаты: |
Білімділік мәні: | Оқушыларға дербес компьютердің (ДК) құрылымымен таныстыру, және жұмыс жасауға үйрету. |
Дамытушылық мәні: | Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын ой-өрісін , қабілеттерін қалыптастыру. |
Тәрбиелік мәні: | Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу. |
Нәтиже: | |
Түйінді идеялар: | Дербес компьютердің құрылымы ДК құрылымының маңыздылығы мен міндеттері |
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ |
Әдіс-тәсілдері: | СТО, АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту |
Пәнаралық байланыс: | Математика |
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.) |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сәлемдеседі, түгендейді. Ынтымақтастық орнату мақсатында өз есімінің бірінші әрпімен байланыстырып, ыстық тілек арнайды. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу. Компьютер құрылғылары арқылы топқа бөлемін. «Алтын ережені» қабылдатамын. | |
Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.) («Серпілген сауал» әдісі бойынша сұрақтарды лақтыру арқылы жүзеге асырылады. ) |
Компьютер деген не? Компьютер қандай функцияларды орындайды? Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма? Компьтердің қандай түрлері болады? Нотбуктер мен алақан компьютерлерді не үшін пайдаланылады? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
Қызығушылықты ояту (2 мин.) |
Bilimland.kz index. php \kz\ catalog/lesson/11892-zhanga_tekhnologiya_degenimiz_ne cайтындағы білім беретін фильмдер бөліміндегі «Жаңа технологиялар»  бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды |
Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) |
ББҮ (2 мин.) |
ББҮ-ны толтыру | ББ бойынша флипчартта жазу |
Білемін? | Білгім келеді? | Үйрендім? |
Сабақтың негізгі бөлімі (13 мин.) |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1.Компьютердің құрылымы тақырыбын «Джиксо» әдісі бойынша сұраймын. 2. «Егер мен компьютер маманы болсам ...» тақырыбы бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіру керек. | Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Топпен постерде жұмыс жасайды. |
Сергіту сәті (2 мин.) |
Bilimland.kz index. php \kz\ catalog/lesson/11892-zhanga_tekhnologiya_degenimiz_ne Bilimland cайтындағы білім беретін фильмдер бөліміндегі «Жаңа технологиялар»  видеофильм көрсетіледі. | Фильмді пайдалану арқылы жаңа технологияны пайдаланатын салаларды мамандықтардың атын жазады. |
Деңгейлік тапсырма (15 мин.) |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І-Деңгей Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін белгіле. Құрылғылар | Орналасуы | Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде | Жүйелік блоктың ішінде | Жүйелік блоктың артқы панелінде | Монитор порты | | | | Қатқыл диск | | | | Компьютердің қосу/өшіру батырмасы | | | | Аналық тақша | | | | Микрофонмен колонкаларға арналған кірістер | | | | Бейнетақша | | | | Дискіжетек | | | | Процессор | | | | Электрмен қоректендіргіш бауы | | | | CD-ROM | | | | Модем мен сканерге арналған порттар | | | | Дыбыс тақшасы | | | | Компьютерді қайта жүктеу батырмасы | | | | Принтер порты | | | | Маус пен пернетақта порттары | | | | Жедел жады | | | | Желілік тақша порттары | | | | ІІ-деңгей Өздеріңе белгілі программалардың бірінде компьютер түрлері сызбасын сызыңдар? ІІІ-деңгей Мәтіндік редакторда жүйелік блок құрамын жазып шығыңдар? | Топтың көшбасшысы топтың жұмысын бағалайды. |
Жинақтау (9 мин.) |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Тест арқылы сұрақтарына жауап беру. | Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. |
Кері байланыс (2 мин.) |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Бүгінгі сабақ туралы пікірім | Осы сұрақ бойынша стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі. |
Бағалау кезеңі (2 мин.) |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Білім пирамидасы парақшалары таратылады. | Пирамиданың ішіне тақырып бойынша білген ақпараттарын жазады. |
Үйге тапсырма (1 мин) |
Үй тапсырмасын беру. | Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады. |