СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Көжекпен ойналық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Көжекпен ойналық"»



«Құлыншақ» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу

қызметінің технологиялық картасы

Күні:17.10.2016ж.

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көжекпен ойналық»

Мақсаты: сөйлемді толық құрауға, етістік сөздерді қолдана білуге үйрету,дыбысты анық айтуға дағдыландыру.Ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар: сұр түсті қоян жұмсақ ойыншық.


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушы-лық

Ғажайып сәт: ойыншықтар сұр қоянды қонақ ретінде таныстыру.





Балалар қызығушылық танытады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Сұрақ-жауап:

-Балалар бұл не?

-Қане қайталаймыз.

(Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату)

Қо-қо-қо-қоян.

Құ-құ-құ-құлақ.

Қа-қа-қа-қалам.

Қы-қы-қы-қылыш.

Қу-қу-қу-қулық.

Қоянға сипаттама беру:

-Қоянның түсі қандай?

-Оның жүні қандай?

-Қоянның құлағы қандай?

Ұзын ба,әлде қысқама?

-Неше құлағы бар?

Сергіту жаттығуы:«Сұр қоян».

Ұзын құлақ,сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

(Т.Бердияров)



-Бұл қоян.


Тәрбиешінің сөзін қайталау арқылы, «қ»дыбысын анық айтуға тырысу.






-Қоянның түсі сұр.

-Оның жүні жұмсақ,мамық,үлпілдек.

-Қоянның құлағы ұзын.

Оның екі құлағы бар және оның екі көзі,тұмсығы,аузы,мұрттары, төрт аяғы,кішкентай құйрығы бар. Балалар орындарынан тұрып жаттығуды орындайды.



(Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалысы арқылы орындайды).

-Балалар,көжек деген не?

(К дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату).

Кө-кө-кө-көжек.

Кө-кө-кө-көже.

Кө-кө-кө-көкек.

Кө-кө-кө-көрпе.

(«К» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін,ауыздан кедергілерге ұшырап,қысылып шығатындығын түсіндіру).

-Балалар көжек қандай болады?

Дидактикалық ойын:

«Көжекпен ойналық»

Мақсаты:балалардың ойлау қабілетін дамыту және жылдамдыққа үйрету.

Ойын шарты: Сөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады. Көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет.

-Қоян жүзеді ме?Әлде ұшады ма?

-Ол қандай жабайы аңдардан қорқады?

-Жабайы аңдарға нелер жатады?

Мақалдың мағынасын түсіндіру.

Мал жуасы-қой,

Аң жуасы-қоян.

-Балалар,қой-үй жануары,ал қоян-жабайы аң немесе жабайы жануар деп те айтуға болады.

Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату.

Әдістің қолданылуы:

Бірінші жоғары дауыспен,

Екінші ортаңғы дауыспен.



-Көжек-қоянның баласы.





Жаттығуды қайталау арқылы,

«К» дыбысын анық айтуға тырысады.





-Көжек кішкентай,жүндері жұп-жұмсақ және сүп-сүйкімді болады.

Балалар орындайды.







-Жоқ,қоян секіріп жүгіреді.


-Қоян әсіресе түлкіден қатты қорқады.

-Жабайы аңдарға түлкі,қасқыр,аю т.б жатады.

Мақал-мәтелді тәрбиешініңкөмегімен жаттап алуға тырысады.

Рефлексия-лық- түзетушілік

Үшініші төмен дауыспен қайталанады.

Дыбыстарды анық айтуға ұсыныс білдіру, қорытындылап мадақтау.



Дыбысты анық айтуға тырысу.






Күтілетін нәтиже:

Біледі:жануарлар жайында мақал-мәтелдерді білу.

Игереді:дыбыстарды дұрыс айтуды.

Меңгереді:қоянның дене мүшелерін біледі.