Тақырыбы: Менің елім Қазақстан.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Бүгінгі"Балапан " тобының "Менің елім Қазақстан" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Күндер өтті кешегі
Жігер құм боп жасыған
Несіне оны жасырам
Әнұранымыз бүгінгі
Баға жетпес асыл ән,- дей отырып бүлдіршіндеріміздің орындауындағы әнұранды қабыл алыңыздар!
Хор: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
Менің елім Қазақстан
Сөзі: Ж. Нәжмединов; Н.Назарбаев.
Әні: Ш. Қалдаяқов.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Енді біздің бүлдіршіндеріміз туған еліне арналған мақал- мәтелдерін ортаға шығып айтады.
Гүлнұр: Туған жердей-жер болмас,
Туған елдей-ел болмас.
Ғибрат: Елі байдың- жері бай.
Дәурен: Отан – оттанда ыстық.
Жанасыл: Отан үшін отқа түс күймейсің.
Әлия: Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Жүргізуші: Көйлектері тал бойына жарасқан
Сымбаттары Аймен күнге таласқан
Бүлдіршіндер ортада би билейді
Қимылы мен әуені үйлесін тапқан,- дей отырып ортаға сымбатты да сұлу бүлдіршіндерімізді көбелек биімен шақырамыз.
Би: "Көбелек".
Жүргізуші: Жарайсыңдар әдемі көбелектер. Енді тақпақтарға кезек берейік.
Мейірімжан: Ен даласын егін жапқан
Бар баласы бақыт тапқан
Менің жерім туған елім
Күн сәулелі Қазақстан
Айжан: Астана арман қала
От болып жанған қала
Тұрады жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да
Рамазан:Қазақстан ғажап өмір байтағым
Күндей күліп, гүлдей өсіп жайқалдың
Барлық ұлтпен бауырласып достасып
Қазағымның әнұранын айтамын.
Жүргізуші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Оның тәтті оралған мені оятар
Күйі сауық, күйі мың дертін қозып
Жас балаша көңілді жақсы оятар,- дей отырып Мейіржан, Кәмила, Айжан атты бүлдіршіндерімізді қасиетті домбыра әнімен ортаға шақырамыз.
Ән: Қасиетті домбыра.
Жүргізуші: Басты алға азат ел- анамыз
Бастауда Нұрсұлтан данамыз
Гүлденді кең байтақ даламыз
Түрленген сәнді сан қаламыз.
Қане балалар біз Қазақстанның қандай қалаларын білеміз,атайықшы. Балалардың жауабы.
Жүргізуші: Тағы да ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырамыз.
Би " Вальс ".
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Ал ендеше тақпақтарымызды жалғастырайық.
Камила: Ел сенімін ақтайды
Деп ұстазым мақтайды.
Ұлдай: Ұстазымның әр сөзін
Көкейімде сақтаймын
Рамазан: Өз ісімнің маманы
Болам іскер саналы
Азамат: Ертең өсіп толамыз
Жұлдыздарды шоламыз
2030 мақтаны-мына біздер боламыз!
Жүргізуші: Рахмет балалар!Бүгін керемет өнер көрсетттіңдер.Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажарлы еңбегімізбен сүйікті Отанымыз- Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін! Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
«Балапан» тобының тәрбиешісі:Абдуллаева С.Е.