Іздену ұйымдастыру | -Бір жылда неше жыл мезгілі бар -Олар қалай аталады? -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар?
-Олар қалай аталады? -Күз туралы кім тақпақ біледі? Тәрбиеші: Өте жақсы. Балалар,бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізде тіл дамыту сабағы тақырыбы «Менің отбасым», бүгін біз отбасы мүшелерін атап үйренеміз .Отбасы дегеніміз ол үйіміздегі ең жақын адамдар. Ата,әже,ана,әке,аға,әпке,қарындас іні,осылардың барлығын біз бір сөзбен отбасы деп атаймыз. Отбасы мүшелерінің суреттерін көрсету. Тәрбиеші: Отбасы мүшелері туралы кім тақпақ айтады? Тәрбиеші. Өте жақсы,балалар,ал енді отбасы туралы мақал-мәтел кім айтады? Сергіту сәті: . «Көңілді доп»ойыны. Экраннан отбасы суреттері көрсетіледі ,балалар өз отбасылары туралы әңгімелейді. | 4 жыл мезгілі бар Көктем,жаз,күз,қыс -Күз -Күз мезгілінде үш ай бар Қыркүйек,қазан,қараша 1-бала: Алтын сары,қызыл көк Алуан алуан жапырақ, Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап Балалар мұқият отырып тыңдайды 1-бала: Әкемізге еркелеп, Анамызды тыңдаймыз, Әжем айтар ертек көп,Атамызды сыйлаймыз. 2-бала:Әкем-шешем және мен Тату-тәтті тұрамыз. Сыйластықпен,махаббатпен Сауық-сайран құрамыз. 3-бала: Отбасы бар әрбір кісіде. Отбасы бары шуақ қой, Қуанышпен қуат қой 4-бала:Ана-пан Ана-дана Өмірді әкелетін Ана ғана 1-бала:Әке –асқар тау, Ана-шалқар көл, Бала-жағадағы құрақ. 2-бала: Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі. Атамның алып күрегін, Ауланың қарын күредім, Әжеме мен құдықтан Су әкеліп беремін, Еденді де жуамын,Шаң-тозаңды қуамын. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар сурет бойынша әңгімелейді. |