СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Та?ырыбы: Мы? бір ма?ал , ж?з бір ж?мба?

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Мы?  бір ма?ал ,  ж?з бір ж?мба?  Ма?саты:

-Балаларды халы? ауыз ?дебиетін ??рметтеуге, білуге, орынды пайдалану?а ?йретіп т?рбиелеу;  - Оушыларды? тілдерін, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту;  К?рнекіліктер: жазыл?ан на?ыл с?здер, ребустар, логикалы?, шы?армашылы? тапсырмалар  Т?рі: сайыс  Барысы: ??рметті ?стаздар мен о?ушылар «Мы?  бір ма?ал ,  ж?з бір ж?мба? » атты танымды? ойын?а ?ош келді?іздер.

Ма?ал – м?тел, ж?мба?, шешендік ?нер ата-бабамыздан ?ал?ан ?шпес м?ра.К?лемі жа?ынан ша?ын бол?анымен, мазм?ны тере?, ??ны артып, ?ымбат ?азына?а айналып келеді. Ма?ал – м?тел, шешендік с?здерді? т?рбиелік м?ні зор, рухани байлы?.

Айт?ан ата – бабам да

Арпа бидай ас екен,

Ас болмайтын адам?а

Алтын к?міс тас екен.

 

Ал?ыс с?з к?п халы?та

Іле ж?рер ??ла??а,

Ізденген жетер м?рат?а,

Ізденуден жалы?па – деп б?гінгі бол?алы отыр?ан «Мы?  бір ма?ал ,  ж?з бір ж?мба? » ойынына ?атысатын ма?алшылар мен ж?мба?шыларды ?арсы алайы?;

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Мы? бір ма?ал , ж?з бір ж?мба?»

Тақырыбы: Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ 
Мақсаты:

-Балаларды халық ауыз әдебиетін құрметтеуге, білуге, орынды пайдалануға үйретіп тәрбиелеу; 
- Оушылардың тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
Көрнекіліктер: жазылған нақыл сөздер, ребустар, логикалық, шығармашылық тапсырмалар 
Түрі: сайыс 
Барысы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ » атты танымдық ойынға қош келдіңіздер.

Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

Айтқан ата – бабам да

Арпа бидай ас екен,

Ас болмайтын адамға

Алтын күміс тас екен.



Алғыс сөз көп халықта

Іле жүрер құлаққа,

Ізденген жетер мұратқа,

Ізденуден жалықпа – деп бүгінгі болғалы отырған «Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ » ойынына қатысатын мақалшылар мен жұмбақшыларды қарсы алайық;

Мақалшылар:

1) Маликова Айым

2) Бірлеспек Арай

3) Назарова Мерей

Жұмбақшылар:

1) Шотаева Диана

2)Бейсен Еркеайым

3) Бірлеспек Ақнұр

Ойынның ережесімен әр тур барысында таныстырамын.

«Адай» күйі би

1-тур

1-айналым

Мақалшылар менің оқыған мақалымды жалғастырады.Ең аз ұпай жинаған мақалшы, осы айналымнан кейін ойыннан шығарылады.

Мақалдар:

  1. Оқу білім бұлағы........(Білім өмір шырағы)

  2. Жаңбыр бір жауса,......(Терек екі жауады)

  3. Өнерлінің қолы алтын.......(Өлеңшінің сөзі алтын)

  4. Еңбек етсең ерінбей.......(Тяды қарның тіленбей)

  5. Отан – қуат ........(Отбасы шуақ)

  6. Ұланы бар елдің ........(Ұраны бар)

  7. Болат қайнауда шынығады ........(Батыр майданда шынығады)

  8. Ақылды адам айтқызбай білер,............

Ақсұңқар қаққызбай ілер

9)Адал еңбек аздырмас,............

Арамдық бойды жаздырмас

10Адам қатесіз болмас,.....................

Көл бақасыз болмас

11).Қатты жерде қақ тұрар,....................

Қайратты ерге бақ тұрар

12)Сөзің қысқа болсын,..................

Қолың ұзын болсын

13)Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,..................

Жаманмен жолдас болсаң,қаларсың ұятқа



Қалған екі мақалшы, бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан тобасынан басталады.Осындағы Отан, от, бас – деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады.Екі мақалшы бес – бес мақалдан айтады.Екінші айналымнан кейін ұпайы көп ойыншы жеңімпаз болады.



Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтамын, олар мақалды жалғастырады, көп тапқаны сыйлыққа ие болады.

  1. Ер жігіт ел үшін туады.......(Ел үшін өледі)

  2. Әдепті бала-арлы бала.......(Әдепсіз бала сорлы бала)

  3. Білекті бірді жығады,........(Білімді мыңды жығады)

  4. Атаңның баласы болма.........(Адамның баласы бол)

  5. Әдептілік белгісі.........(И»л»п сәлем бергені)

  6. Қыз өссе елдің көркі...........(Гүл өссе жердің көркі)

  7. Жері байдың .........(Елі бай)

  8. Жақсыдан үйрен........(Жаманнан жирен)

  9. Ердің атын..........(Еңбек шығарады)

2-тур.

1-айналым.

Ортаға жүмбақшылар шығады.

Мен жасырған жұмбақты шешесіңдер.Ең аз жұмбақ шешкен ойыншы осы айналымнан кейін ойыннан шығарылады.

1)Жерді көрдім қаласы бар

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көлді көрдім, өзен көрдім

Сулары жоқ терең дейтін (карта)



2)Жұмбақ шешкіш кім екен?

Сыртқа шықсам түн екен

Моншақтарын шашып ап,

Бір сары қыз тұр екен. (ай,жұлдыздар)



3)Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)



4)Жезге ұқсас сабағы

Дәні халық тағамы. (Бидай)



5)Екі аяқты бір басты

Жүгіреді тым қатты. (Велосипед)



6)Күндіз білінбейді

Түнде күлімдейді. (Жұлдыздар)



7)Балалар суға салған жіп

Тереңнен іліп алар жүк. (Қармақ)



8)Шөміші жоқ теңізді сапырады

Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)



9)Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)



10Жеген асы желкесінен шығады.

(Сүргі)

11)Бір аяқты,

Жалғыз басты.

Бастан ұрсаң жүреді,

Жүрген сайын кіреді.

(Шеге)

12)Арқасында азығы бар, бауырында қазығы бар.

(Үстел)

13)Он, он бесі жиылды, бір белдікке буылды.

(Сыпырғыш)

14) Оқу – білім бағдары,

Заманының бағбаны.

(Ұстаз)

2-айналым

Қалған екі жұмбақшы бір-біріне бес-бес жұмбақтан жасырады.Ұпайы көп жеңімпаз атанады.

1)

2)

Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге жұмбақ жасырамын, көп тапқан оқушы сыйлыққа ие болады.

1)Ақ жібек асыл көрпедей,

Қыс болса жерді жабады.

Жазғы тұрым болғанда

Су болсып сайға ағады. (Қар)



2)Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)



3)Асты тас, үсті тас

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)



4)Тіріден өлі туады

Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)



5)Тал басында түндіксіз отау. (Ұя)



3-тур.

Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.

1)

2)

Мен жұмбақ жасырамын, оны жұмбақшы шешеді,жұмбақтың шешуіне мақалшы мақал айтады.Ұпайы аз ойыншы жеңіледі.

1)Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр (Тіс)



Отыз екі тістен шыққан сөз

Отыз рулы елге тарайды.



2)Бір беткейде екі көл (Көз)



Көзің ауырса қолыңды тый

Ішің ауырса аузыңды тый.



3)Еш тесікте тұрмайды

Ол жоқта жер құрғайды (Су)



Тау мен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар.



4)Білімнің дәнін тереді

Балаға тәлім береді (Ұстаз)



Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.



5)Аспаннан домалап

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон алап

Терледі керілді. (Жаңбыр)



Жаңбыр жауса жер ырысы

Батыр туса ел ырысы.

«Қара жорға «биі

Сайыстың жеңімпаздарын анықтап марапаттау.

«Анамыздың ақ сүтінен боймызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген екен Б.Момышұлы атамыз. Ендеше өз тілімізді қастерлейік дей отыра бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз.Жеңісті күндеріміз көп болсын!