СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Та?ырыбы: «МЫСЫ? ЖІП ОРАМЫМЕН ОЙНАЙДЫ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек топтар?а арнал?ан о?у іс-?рекетін ?йымдастыруды? тенологиялы? картасы. 

Білім саласы: Шы?армашылы?.  

Кіші сала: М?сіндеу (сюжеттік).

Та?ырыбы: «Мысы? жіп орамымен ойнайды».

Ма?саты: Сауса? ар?ылы ж?мыс істеу да?дыларын ?алыптастыру. Ермексазды? т?сін ажырата білу, сауса? б?лшы? еттеріні? ?имыл ?оз?алысын дамыту. Тазалы??а, ??ыптылы??а, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «МЫСЫ? ЖІП ОРАМЫМЕН ОЙНАЙДЫ»»

№7 бөбекжай - бақшасы














Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тенологиялық картасы

Тақырыбы: «МЫСЫҚ ЖІП ОРАМЫМЕН ОЙНАЙДЫ»














Тәрбиеші: Мирманова Галина Едресқызы

Топ: ересек «Балапан»














Қостанай – 2016


Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тенологиялық картасы

Білім саласы: Шығармашылық.  

Кіші сала: Мүсіндеу (сюжеттік).

Тақырыбы: «Мысық жіп орамымен ойнайды».

Мақсаты: Саусақ арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Ермексаздың түсін ажырата білу, саусақ бұлшық еттерінің қимыл қозғалысын дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: мысық – кошка, тарғыл – полосатый, жіп орамы – клубок ниток.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлгі сурет, ойыншықтар, жіп, мысық.

Қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, тақтайша, сулы орамал, вермишель.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.  

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

 

 

 

Амандасу: Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Тосын сәт: - Бізге қонаққа бір жануар келді. Не екенін жұмбақ арқылы білесіңдер.

Жұмбақ:

- Дұрыс. Мысық келген.

- Мысық көңілсіз. Өйткені оның достары жоқ екен. Біз мысыққа ермексазбен достарын мүсіндеп берейік.

Балалар амандасады. 




Қызығушылық білдіреді.


Шешімін табады: мысық.


Мысық туралы әңгімелеседі.

Көмектесуге келіседі.

Ұйымдастыру- іздестіру

 

 

 

 

 

Мысыққа достарын жасау үшін жолдан өтіп бірнеше тапсырмаларды орындау керек.


Тапсырмалар:

1. Мысық туралы тақпақ айту.



2. Мысықтың жақсы көретін тағамы.

3. Пішіндерден мысықты құрастыру.

- Тапсырмаларды орындап, шеберханаға да жеттік.

Үлгімен таныстыру:
Тақтамен жұмыс: сурет «Мысық жіп орамымен ойнап жүр».

- Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

- Мысық немен ойнап тұр?

- Бізге келген мысықтың да жібі бар.

- Жібінің түсі қандай екен?

- Мысықтың түрі қандай?

Педагог мысықтың жасалу жолдарына балалардың назарын аударып түсіндіреді.

- Ермексазды жұмсартып, сопақтап, мысықтың денесін жасаймыз.

- Кішкене домалақ пішіннен басын жасап, денесіне орналастырамыз.

- Төрт кішкене бөліктерді сопақшалап аяқтарын жасаймыз.

- Бір кішкене бөлігін есіп, құйрығын орналастырамыз.

- Енді құлақтарын шымшу арқылы келтіреміз.

- Басқа түсті ермексазбен көзін, мұртын, аузын жасаймыз.

Қауіпсіздік ережесін есте сақта!
- Ермек сазды ауызға салмау.

- Сулы орамалды қолдану.
- Жұмыс орнынды таза ұстау.
- Жұмыс аяқталған соң қолды жуу.

-  Қане, балалар, мүсіндеуді бастамастан

бұрын жаттығу жасап, қолымызды қыздырып алайық.

Саусақ жаттығуы:
Мысық

Пеш түбінде мысық отыр,           

Екі көзін қысып отыр.                

Тышқан етін жегісі кеп,               

Тісі оның қышып отыр.

Мүсіндеу: қиынсынған балаларға жеке көмек береді.


Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық ,

Үлкен шеңбер құрайық,

Онға бір қарайық.

Солға бір қарайық

Алақанды соғайық.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

- Балалар, бізге қонаққа келген мысыққа ермексазбен неше түрлі домалақ жіп жасап берейік. Дайын болған мысыққа жіп орамын жасаймыз. Жіп орамын арқан сияқты есіп, ораймыз. Мысықтың екі аяғына орналастырамыз.  

1.Әне отыр мысық,

Өзі сондай қызық,

Қарайды ол маған,

Бір көзін қысып.

2.Беті қолын жуады,

Тышқандарды қуады,

Тазалықты сақтайды,

Анам оны мақтайды.

- Сүт.

Мысықты құрастырады.

 

 

Балалар тақтанын алдына барады.

 


- Мысықты.

- Домалақ жіппен.

 

- Қызыл.

- Тарғыл.

 

 Тәрбиешінінің түсіндіргенін мұқият тыңдап отырады.






 

 

 




Қауіпсіздік ережесін қайталайды.









Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі жұмылады. Ортантерек пен кішкене бөбек саусақтарды қимылдатады.

Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуін қозғалтады

Балалар үлгі суретке қарай отырып, педагогтің нұсқауымен мысықтың дене мүшелерін жасауға кіріседі.



Қимыл-қозғалыстар көрсетеді.








Өздеріне ұнаған түстен жіп орамдарын жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

 

Келген қонақ пен педагог балалардың жасаған жұмыстарын мадақтап, бағалайды.

Ойын: «Мысық пен тышқан»

Педагог ойынның көмегімен сабақты қорытады.

Балалар жұмыстарын аяқтап, келген қонаққа көрсетеді.

Жұмыстарын көрмеге қояды.

Күтілетін нәтиже:  

Ұғынады: жануарлардың дене бөліктері мен геометриялық фигуралардың ұқсастығын.

Түсінеді: мысықтың дене мүшелері және жіп орамын жасауды.

Қолданады: ермексазбен жұмыс істей білу тәсілдерін.








Ермек сазбен жұмыс
- Ермек сазды жұмсарту
- Ермексазды бөліктерге бөлу.

Түсіндіру
Мысық мүсінін жасау үшін ермексазды үш бөлікке бөлеміз.
1 - ші бөлігі үлкен болсын. Ол денесі болады.
2 - ші бөлігі орташа, ол басы мен құйрығына кетеді.
3 - ші бөлігі төрт аяғына кетеді.
Мүсіндеуді денесінен бастаймыз.
- Алдымен дөңгелектеп шар жасаймыз
- Содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз.
- Міне денесі дайын болды.
- Екінші бөліктен бас болатындай бөліп алып, дөңгелетіп бас пішінін шығарамыз.
Үш саусақтың көмегімен тұмсығын шымшып созамыз.
Екі құлағын да осы әдіспен шығарамыз.
Басы да дайын болды.
Үшінші бөліктен мысықтың аяқтарын созамыз. Аяғы төртеу. Сондықтан бөлікті тең төртке бөліп созып, жарты доға етіп иеміз.
Аяқтары да дайын. Қалған кесек ермексаздан құйрығын созамыз
Жасалған мүшелерді бір - бірімен біріктіреміз.
- Алдымен денесі мен басын
- Содан кейін аяқтарын, құйрығын біріктіреміз. Біріккен жерлерді саусақ ұшымен тегістейміз. Саусақтарыңды сулап отыруды ұмытпа. Енді мысығымызды әрлеу ғана қалды. Оған көз және мұртша жапсырамыз.