Тақырыбы: Наурыз – жыл басы
Мақсаты:Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру.Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету.Ұлттық сана сезімін ояту. Халқымыздың салт – дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Құрметті әріптестер , көптен күткен Наурыз мерекеміз ортамызға қайта оралды. Наурыз -жыл басы. Наурыз ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз ұй-ұйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, аталарымыз баталарын береді. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. 22-Наурызда күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Ендеше ортаға «Аққу» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық
Келіңдер Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық,
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз кеді,
Арқаңды кеңге созшы, уа хаайық – дей отырып келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Көктем»
Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік
Иясин Наурыз айы келгенде
Күн шуағы шашылып
Жылғалардан су ағып
Ақ әжелер құлпырып
Наурыз көже пісіріп
Қонақтарға тартамыз
Бәрің бері қараңдар
Наурыз думан басталды
Бір сәт зейін салайық
Мирас Жаңартып сана салтымды
Қуантқан барша халқымды
Наурыз тойы ел тойы
Ғасырдан асыр даңқыңды
Ақмарал Елім менің жеріме
Ырысын шашқан Наурыз
Күлімдеген көктемге
Шуағын шашқан Наурыз
Жеті түрлі дән салып
Дәм татқызған Наурыз
Жақсылық тілеп халыққа
Молшылық әкесін Наурыз
Жүргізуші: Балалар Наурыз мерекесінде әр елдің өздерінің ұлттық ойындары ойналады екен. Сендерде қазақтың ұлтық ойынын ойнағыларың келеме? Олай болса қыз куу ойынын ойнаймыз.
Ойын: Қыз қуу
Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның жанында,
Күй ойнайды қазағымның қанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дұрсілі
Күмбірлеген домбырасы бағында-деп тобымыздың мың бұралған биші қыздарына береміз
Би: «Қамажай»
Жүргізуші:балалар Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағам не екенін білесіңдерма? Ол тағам Наурыз көже деп аталады екен. Наурыз көже –ұлттық тағам. Келер жылға молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырықта міндетті түрде әзірленген. Халықтың дәстүрі бойынша оған бидай, тары, сүт ет, бұршақ, сүт, тұз, сиақты кем дег енде жеті түрлі азықтық заттар мінднтті түрде қосылуы тиіс. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық «ақ мол болсын» деген тілектер айтатын болған.
Ал енді балалар осы Наурыз туралы орысша таппақтарымызды айтайық:
Адия Главенство блюд коже
В пиалах пьют кымыз
Желаю счастья всем
С праздником Наурыз!
Игілік Ликует весь народ
Звучит поёт домбра
В весенный новый год
Желают лишь добра
Каусар Украшены дома
Богатый дастархан
Страна одна семья
Цветущий Казахстан
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Олай болса «Күш сынаспақ» ойынын ойнайық.
Ойын: «Күш сынаспақ»
Ойынның шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын үстелге тіреп қойып, қолдарының бастарын айқастырады. Кім білекті үстелге жықса сол бала жеңіске жетеді.
Жургізуші: Ал, құрметті халайық, балапанымыздың иткөйлегін тастау рәсіміне кезек берейік.Яғни қырқынан шығарамыз
Иткөйлек- сәбидің қырқынан шығарылғанша киген көйлегі. Ол көйлекке түрлі тәтті – дәмділер салып бір иттің мойнына байлап жібереді. Оны ауыл балалары қуып жетіп, тәттілерді өзара бөліп алады да, иткөйлекті иесіне тапсырады. Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес. халық итті « жеті қазынаның » бірі деп бағалауында.Сонымен бірге ит мінезі қалсын деген ырым да бар.
Жүргізуші: Ал енді балалар осы әжеміздің құрметіне арнап әже әнін орындап берейік:
Хор: «Дастархан»
Жүргізуші:Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен.
Көңіл гулдей жайнасын,
Наурыз тойы тойлансын -деп тағыда балалардың таппақтарына кезек берейік.
Мерей Сән қосылсын сәніңе
Ырысты боп Жаңа жыл!
Бақ дарысын ойыңа
Ой қосылып бойыңа
Аман есен жетейік
Келесі Наурыз тойына
Азат Ұлыс күні кәрі – жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып көріскен
Ұлыс күні қар еріп
Сай – салалар гүрілдеп
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп
Алтынай: Күн менен түн теңеліп
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Малика Келіңіздер, келіңіздер
Бізбен бірге еніңіздер
Ақ көженің дәмін татып
Тамсанып бір көріңіздер
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын Әз Наурыз
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық бала бақытты болсын!
Қош сау болыңыздар-деп №11 «Аққу» ересек тобының «Наурыз-жыл басы» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет.
«Бекітемін»
№22 «Ақбұлақ» балабақшасы
МКҚК – ның директоры
_______Джаманшалова Г.Н
«___» __________2017жыл
Мерекелік іс - шара
Тақырыбы: «Наурыз – жыл басы»
Дайындаған: №11 «Аққу» ересек тобының
тәрбиешісі: Нұрғожаева Г.С
2016-2017 оқу жылы