СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Пейзаж жанрының өркендеуіндегі импрессионист – суретшілердің рөлі"

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың   тақырыбы:  Пейзаж  жанрының  өркендеуіндегі импрессионист – суретшілердің  рөлі.

Сабақтың  мақсаты: Қоршаған  ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі  мен  табиғат сұлулығын сезіну, табиғат  әсемдігін тамашалау, бейнелеу. Табиғатқа шығып сурет  салуды үйрету. Импрессионист – суретшілер жайлы  оқушыларға  түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Пейзаж жанрының өркендеуіндегі импрессионист – суретшілердің рөлі"»



Пейзаж  жанрының  өркендеуіндегі импрессионист – суретшілердің  рөлі.

Сабақтың   тақырыбы:  Пейзаж  жанрының  өркендеуіндегі импрессионист – суретшілердің  рөлі.

Сабақтың  мақсаты: Қоршаған  ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі  мен  табиғат сұлулығын сезіну, табиғат  әсемдігін тамашалау, бейнелеу. Табиғатқа шығып сурет  салуды үйрету. Импрессионист – суретшілер жайлы  оқушыларға  түсіндіру.

Көрнекілігі: Түрлі – түсті борлар, табиғат көріністері,пейзаж өнеріне үлес қосқан  ақынның  және суретшілердің  портреттері.

Әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау,тақтамен  жұмыс, сұрақ – жауап.

Сабақтың  түрі: Аралас  сабақ.

                      Сабақтың  барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен  сәлемдесіп, түгелдеу, бүгінгі сабаққа дайындығын  тексеру

Ә) Үй тапсырмасын  тексеру

Б) Өткен тақырыпқа  шолу

1 . Пейзаж  дегеніміз не?

2. Пейзаж  бейнелеу  өнерінің  қандай түрлерінде кездеседі?

3. Пейзажшы – суретшілерден  кімдерді атай  аласың?

 

Сергіту  сәті:

Тербеледі  ағаштар,

Алдымнан  жел еседі

Кіп – кішкентай  ағаштар,

Үп – үлкен  болып  өседі

Жаңа  сабақ:

Егер сен өз  суретіңде  табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орманды, алыстағы елдерді бейнелеген  болсаң, онда сені  пейзажшы – суретші  деп атауға  болады. Ал  сенің  шығармаң пейзаж  деп аталады. Пейзажды  салып  үйрену  үшін табиғат  аясында  жиі болған  дұрыс. Жан – жағыңда  болып жатқан  өзгерістерге  назар  аударып, көңілге  тоқи  білу керек. Суретші  басқалар көңіл  аудара бермитін дүниелерді  көретіндей  сезімтал, байқағыш  болуы керек. Импрессионизм

Импрессионизм (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды.

Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Олардың шығармаларынан өмірдің немесе табиғаттың бір сәттілік бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін, жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Дегенмен импрессионизм адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, құбылмалы шақтарын, жарық пен атмосфераның ықпалынан зат түсінің өзгеруін дәл де нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Олар белгілі бір идеялы тақырыптарға немесе қатып қалған әдістемелі заңдылықтарға бой ұрмай, еркін, өздерінің қалауынша жаза білді. Кескіндемедегі құрылымды (композицияны) еркін құра білді. Импрессионизм образды сомдауда солқылдақтыққа, екі ұштылыққа ұрынып, суреттегі үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек “таза түстерді” пайдалануды талап ететін пленэр жүйесін жасады. Бұл әдістер импрессионизмнің жалғасы неоимпрессионизм (нео – жаңа) мен постимпрессионизмнен (пост-кейінгі) айқын сипат тапты. Неоимпрессионизмді өмірге әкеліп қалыптастырған Жорж Сера (1859 – 1891). Бұл бағыттағы суретшілер өзіндік жазу техникасын ойлап тапты. Олар кенепке қоспасыз таза бояуларды тең түсіру арқылы (Ж.Сера. “Гранд-Жат аралығындағы жексенбілік серуен” картинасында) жазды. Мұндай кескіндемелер мозаикамен түрлендіргендей әсер қалдырды. 19 ғасырдың аяғында импрессионизмге қарама-қарсы постимпрессионизм тарих төріне шықты. Оның ірі өкілдері, ұлы суретшілер Винсент Ван Гог (1853 – 1890), Поль Гоген (1848 – 1903), Поль Сезанн (1839 – 1906) болды. Импрессионистер, негізінен, кескіндеген затының сыртқы бейнесін шыншылдықпен бір сәттік сезімде жазса, постимпрессионистер өздерінің ішкі әлемін, жүрек сезімін бейнелеуге тырысты. Олар, көбінесе, таза ашық түсті бояуларды жиі қолданды (Ван Гог, Гоген). Ал Сезанн айнала қоршаған ортаны (заттарды, адамды, жан-жануарды, т.б.) геом. заттарға балай қабылдады (мысалы, тауды – үшбұрышқа, адам басын, алманы – шарға, т.б.). импрессионизмнің бір сәттік әсерлерге құру принциптері кескіндемеде Ван Гог, Дж.Уистлер, М.Либерман, К.А. Коровиннің, мүсін өнерінде М.Россо, П.П. Трубецкий және О.Роденнің шығармаларынан көрініс тапты.

Сабақтың тақырыбы: ИМПРЕССИОНИЗМ Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Импрессионизм бағытымен таныстыру. Импрессионизм бағытында сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену. ә) Дамытушылық: Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту; жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту; өнерге қызығушылығын арттыру. б) Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру; суретші шығармалары арқылы әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Сабақтың жоспары: 1.Импрессионизм түсініктері 2. Импрессионизм өкілдерінің шығармаларына сипаттама беру 3.Импрессионизм суретшілерінің шығармаларын талдау 4. Тест тапсырмалары арқылы екі топқа жарыс ұйымдастыру 5. Студенттермен бірге ой сергіту


Сабақ тақырыбын баяндау: Импрессионизм туралы жалпы не білеміз ол қандай ағым? Импрессионизм (франц.әсер) алғаш рет францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизмнің алғашқы белгілерін айтып бере аласындар ма? Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды. Импрессионизмнің алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делекруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері қалады. Олардың шығармаларында өмірдің немесе табиғаттың бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Ия XIX ғасырдың 80-ші жылдары Францияда импрессионизм идеясы пайда болды. Импрессионизм францияда 1870ж. бастап көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Бертін келе импрессионизм образдарды бейнелеуде екі ұштылыққа ұрынып, суреттері үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек «таза түстерді» пайдалануды талап ететін плэнер жүйесін жасады. Импрессионизмнің принциптері кескіндемеде Ван Гог, Дега, Сезанн, ДЖ.Уисчтлер, Серов шығармаларынан, мүсін өнерінде Россо, Трубецкой, Роденнің шығармаларынан көрініс тапты. Ал Импрессионизм деген кандай мағынаны білдіреді. Кім айтады? Француз тіліндегі «imрrеssіоn» деген сөздің мағынасы «әсер» дегенді білдіреді. Импрессионист суретшілер өмірдегі өз түсінігімен қас-қағымда әлемнің мың құбылған сәттерін қарапайым түрде әсерлі етіп көрсетуге тырысты. Париж Корольдігінің кескіндеме және мүсін академиясы XVII ғасырдың ортасында құрылды. Академия классикалық дәстүрдің бұзылмауын қатты қадағала-ды. Олар техникалық орындалуы мен сюжеті жағынан классикалық канонға келмеген шығармаларды қабылдады. Жыл сайын астанада болатын көрмеге кескіндемелік шығармаларды қатаң тексеруден өткізетін комиссия арқылы қабылдайтын болды. Комиссия мүшесіне тек қана академияның мұғалімдерін бекітетін. Импрессионист суретшілерден тағы басқа кімдерді білесіндер аттарын атап айта аласындар ма? Клод Моне, Камиль Писсарро, Поль Сезанн, Альфред Сислей, Эдгар Дега, Огюст Ренуар және басқа да суретшілер болды. 1874 жылы сәуір айында Париждегі Капуцин бульварінде ресми емес көрме ұйымдастырылады. Бұл көрмеге 30-ға жуық живописьтің жас шеберлері қатысты. Әрине бұлардың бәрі академияның салонына жұмыстары қабылданбаған суретшілер болатын. Көрмеге қатысушылардың арасында Клод Моне, Камиль Писсарро, Поль Сезанн, Альфред Сислей, Эдгар Дега, Огюст Ренуар және басқа да суретшілер болды. Көрмеге қойылған суретшілердің шығармалары дәстүрлік классикалық живопиське төңкеріс әкелді. Жаңадан құрылған импрессионистер үшін тарихи сюжеттерден гөрі көрнекті өмірдің шындығы мен қарапайым адамдардың шынайы өмірін бейнелеген әлдеқайда құнды болып есептелді. Олар өздерінің күнделікті өмірден алған әсерін кенепке ерекше техникалық тәсілде, еркін орындауға тырысты. Дегенмең дәстүрлік классикалық кескіндемеден қанша алшақ кетсе де, импрессионистер өздерінен бұрынғылардан қалған мұралардан бас тартқан жоқ. Импрессионистердің шығармашылығына Курбе, Делакура, Констебл және басқа суретшілер мен классикалық кескіндеме мектебінің өкілдері үлкен әсерін тигізді.Кейін импрессионистердің шығармаларын зерттеп оқудың арқасында живописьтегі жаңа ағымдардың теориялық тұрғыда дамуына негіз болды. Әсіресе неоимпрессионизм, постимпрессионизм мен модернизмге үлкен негіз болды. Импрессионизм өкілі Импрессионист суретші Клод Моне туралы қысқаша айтып өтейін. Слайдты көрсетемін. Француз кескіндемешісі Клод Моне 1840 жылы дүниеге келді, Монені өз замандастары «Судың Рафаэлі» және де «бояу тілін алғаш ашушы» деп атаған. Клод Моне табиғаттың қас-қағым сәтін живопись тілінде ғажап сөйлете білген жан. Кейін Моненің аты бейнелеу өнеріндегі жарықты зерттеуімен байланысты болды. Сонымен қатар, Моне неоимпрессионизм қозғалысының бастаушысы, негізін қалаушысы деп те айтылады. Ол импрессионизмнен кейін ашылған қозғалыс және де набид, фобист, кубист, абстракционист, ташист делінетін каллиграфиялық живопистің де негізін қалаушы. Моненің шығармаларынан өнер шығармасы мен шығыстың философиясына қызығушылығының алғашқы белгілерін байқаймыз. Сол қызығушылық қазіргі суретшілер арасында да жалғасып келеді. Моненің шығармаларынан кеңістікке деген жаңаша көзқарасын және композициялық шешімдері мен импрессионистердің өнердегі техникалық жаңа әдістерін байқауға болады. Моне максималист еді. Ол импрессионистердің өмірдің қасқағым сәтін бейнелеу тәсілі мен мұқият аяқтап жазу әдісін бұлжытпай орындады. Суретшінің кейбір шығармаларының тереңдегені сондай оның сюжетін айыру мүмкін емес. Моне барлық белгілі импрессионистерден ұзақ өмір сүрген суретші. 1869 жылы Понтуазде, Лягушатник деген кішкентай елді мекенде импрессионистердің атын шығарған туындылар дүниеге келді. Лягушатниктің қасында Моне мен Ренуар бірге жұмыс жазды. Олардың осы жерде жазған шығармалары импрессионизмнің бет-бейнесін көрсететін мінезге ие болды. Мысалы, еркін бөлекше жағыстар, таза араластырылмаған бояулар, рефлекске аса мән берген Моне өзінің достарымен бітпейтін пікір сайыстары арқылы шығармашылығына қозғалыс алатын. Ол бала кезінен бастап Гаврдағы судың толқындарының ойынын бақылаушы еді. Моне Парижде туса да, балалығы мен жастық шағын Гаврде, теңіз жағасында өткізді. Моне өзінің бір сөзінде: «Менің арманым әрдайым теңізде қасында және оның толқындарында болу.Мен өлгенде менің денемді теңіз жағасына жерлесе екен», - деген болатын. Моненің асқан суретшілік талантқа ие екенін Эжен Буден түсінді. Буденнің әсерімен Моне карикатура салудан бас тартады. Әйтсе де карикатура салу ол үшін қаржы мәселесін тез шешуге ыңғайлы еді. Моненің өнердегі техникалық жағын жетілдіргең үйреткен Буден болып табылады. Оның шабыттануына дем берген Буденнің қоршаған әлемдегі құбылыстарға мән беріп, зерделей қарауы еді. Моне барлық жерден суды іздеді. Егер жақын маңда теңіз болмаса, өзен не су ағатын арықтар мен каналды іздеп табатын. Суретші Еуропаның каналдары бар әйгілі қалалаларына тоқтайтын. 1880 жылы Амстердамда, 1908 жылы Венецияда сурет салды. Бірақ суретші өмірінің соңында өзінің бақшасындағы тоғанға ғана қарап қанағат тапқан. Суретшінің соңғы қайталанбас керемет шығармасы осы тоғанның әдемі сәтіне арналады. Оны суретші «Су лилиясы» деп атады. Ұлы суретші өзінің шығармаларында әрдайым суды көрсетуге тырысты. Оның айғағы - суретшінің 1876-1878 жылдары жазған сериялық шығармасы, Сен- Лазер вокзалындағы локомотивтен буырқанып шыққан буды судың формасы ретінде көрсетеді. Осындай көріністі 1917 жылы 77 жасында жазған өзінің автопортретінен көруге болады. Клод Моне жазу еркіндігі мен тәсілдері үшін Эдуард Манеге көп қарыздар. Суретші 1926 жылы 5 желтоқсан-да 86 жасында қайтыс болды. Студенттермен бірге тест тапсырмасын орындап балл қою қажет. Студенттерге берілген тапсырманы сұрау Әр студент импрессионизмде жұмыс істеген суретшілердің шығармаларына талдау жасайды. Студенттермен ой сергек ұйымдастыру. Мен қандаймын? Студенттер 1 ден -10 ға дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолымен жазуы керек: оң қолымен де, сол қолымен де 1 санын одан кейін әрі қарай 10 ға дейін жазу керек. Жазу барысында қалай жазылғандығына (әдемі, нашар) назар аудармау керек. Содан кейін олар жазғандарының ішінен жазылуы бір-біріне ұқсас бір жұп санды таңдауы керек. Оқытушы енді студенттерге олардың жеке бастарының қасиеттерін сипаттайтын келесідей тізімді оқып береді: «1» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар-эгоистер дегенді білдіреді; «2» сандары ұқсас келсе, іскер адамдар, болашақ басшылар екендігін меңзейді; «3» сандары ұқсас келсе, бұл адамдар бейбіт өмірді жақтайтын, әрқашанда бітімге келе білетін адамдар; «4» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар өздері өз басына қиыншылық туғызып,оларды өздері жеңе білетін адамдар; «5» сандарының ұқсастығы, бұл студенттердің ақылды екендігін көрсетеді; «6» сандарының ұқсастығы өз жынысының озық өкілдері; «7» сандарының ұқсастығы бұл адамдар жан-жақты дамыған; «8» сандарының ұқсастығы бұл адамдар қауіпті дегенді білдіреді; «9» сандарының ұқсастығы бұл адамдарға сенім артуға болады дегенді білдіреді; Әрине бұл жерде мұндай тестердің барлығы да әзілге негізделген. Сабақ тақырыбына байланысты сұрақ: Импрессионизмнің атақты суретшілерінің шығармаларынан қандай шыншылдықты көрдиндер? Студенттерге тапсырма (сұрақ, ақпарат) 1.Жеке жұмыс. Әр студент «Менде осы тақырып бойынша қандай білім, ойлар мен ұстанымдар бар? Қандай мәселелерді игеру мен үшін қиын болды?» деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (2мин-тан 6-ға дейін) жекелей ой қозғайды. 2.Қорытындылау. Тақтаны екі бағанаға бөліп сол жағын «Не білеміз», оң жағын «Қандай проблемалар бар» деп атап, студенттердің жауабын жазамын. 3. Топтарды психологиялық тұрғыда бағалау. Геометриялық фигуралардан құралған карточка арқылы бағаланады. Геометриялық фигуралар адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді.


Постимпрессионизм[1] (латын тілінде post — кейін және импрессионизм) — бейнелеу өнері тарихында импрессионизм негізінде пайда болған ағым. Постимпрессионизм өнерде 19 ғ-дың аяғында көрініс беріп, 20 ғ-да кең етек алды. Атаулары ұқсас болғанымен, постимпрессионизм импрессионизмнің тікелей жалғасы болып табылмайды. Бұл көркемдік әдістің өкілдері П.Сезанн, П.Гоген, Э.Мунк В.ван Гог, А.ле Тулуз-Лотрек өз шығармаларында табиғат пен болмыстың ішкі тынысын бейнелеуді көздеді. Постимпрессионистер шығармалары адам ойының терең түкпірлеріне бойлай еніп, олардың рухани әлемін нақты әрі тұжырымды тәсілдермен айқын аша білу жетістігімен ерекшеленді. Олар дүниені қаз-қалпында дәл ұқсата көшіруден бас тартып, бейнелеу тәсілдерінің дәстүрлі құралдарын шығармашылықпен пайдаланды. Постимпрессионизм өзінен кейінгі прогресшіл бейнелеу өнеріне әсер етіп келеді. Сонымен бірге, постимпрессионизмнен тәлім алған кей суретшілер оның болмыс пен дүниені танудағы әдіс-тәсілдерін теріс түсініп, жалаң түр қуалаушылыққа келіп ұрынды


Ван Гог көзі тірі кезінде тек бір ғана суретін сатқан.

Әңгіме 1888 жылы салынған «Арльдің алқызыл жүзімі» атты картина төңірегінде. Қазір ол Мәскеудегі А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері музейінде тұр. Бұл картинаны кезінде Винсенттің досы Эженнің қарындасы Анна Бош сатып алған.

Ван Гог әкесінің жолын қуып, дін қызметшісі де болған.

 Ол әкесі сияқты дін қызметшісі болуды армандап, Інжіл мектебіне түспек болады. Осы мақсатта Винсент миссионерлік тәжірибеден де өтті. Кейіннен бұл оқу ақылы болып шықты және бұл жайт Винсентті ренжітті. Сол себепті ол дінді тастап суретші боламын деп шешті.

Ван Гог сурет салуды тек 27 жасында бастады.

Оған дейін ол дінге берілді. 1886 жылы Парижге қоныс аударғанда Ван Гог танымал импрессионист суретшілермен танысты. Оның жапон өнеріне деген махаббаты және ынтасы оған қатты әсер етіп, ол жарқын түстермен тәжірибе жасай бастады.

Суретші жиі қолданған түстердің медициналық негіздемесі бар

Ғалымдарды пайымдауынша, Винсент Ван Гог картиналарындағы сары түстің тым көп болуын медициналық себептермен түсіндіруге болады. Бұл пайымдау бойынша, суретшінің сары түске деген ерекше көңілі оның эпилепияға қарсы дәріні үлкен көлемде қабылдауынан.

Ван Гогтың ең қымбат картинасы белгілі бір уақыт Герингтің иелігінде болды

Винсент Ван Гогтың «Дәрігер Гашенің портреті» картинасы 10 жыл бойы әлемнің ең қымбат картинасы атағын ұстап тұрды. Жапониядан шыққан кәсіпкер Риоей Саито (қағаз өндіретін ірі компанияның иесі) 1990 жылы картинаны $82 млн. ақшаға сатып алды. Картина иесі өз мұрасында, қайтыс болғаннан кейін туындыныңөзімен бірге өртенгенін қалайтынын айтқан. 1996 жылы Риоей Саито қайтыс болды. Шын мәнісінде, картинаның өртелмегені анық, алайда оның қайда екенін ешкім білмейді. Суретші бұл картинаны екі нұсқада салды деген пікір де бар.

Негізінде, бұл «Дәрігер Гашенің портреті» тарихының бір ғана фактісі. Тағы да мынадай бір қызық факт бар. 1938 жылы Мюнхенде өткен «Құлдырап жатқан өнер» атты көрмеден соң картинаны нацист Геринг сатып алған. Алайда ол көп ұзамай бұл туындыны бір голландиялық коллекционерге сатып, кейіннен картина АҚШ-тан бір-ақ шығады. Одан соң, әрине бұл картинаны Саито сатып алады.

Ван Гог картиналары – ең жиі ұрланатын өнер туындылары қатарында 

2013 жылы АҚШ-тың Федералды Тергеу Бюросы (ФБР) әлем бойынша мойындалған туындылардың аты шулы 10 ұрлығы тізімін жариялаған кезде, тізім ішіндегі ең қымбат екі картина осы Ван Гогтікі болатын: «Шевингендегі теңіз көрінісі» және «Ньюнендегі шіркеу». Бұлардың әрқайсысы $30 млн төңірегінде бағаланады. Бұл екі картина да 2002 жылы Амстердамдағы Винсент Ван Гог музейінен ұрланды. Күдікті ретінде екі ер адамның ұсталғаны белгілі, алайда олардың кінәсін дәлелдеу мүмкін болмады.

2013 жылы Египеттегі Мұхаммед Махмұд Халиль музейінен басшылықтың салғырттығынан Винсент Ван Гогтың «Көкнәр» картинасы ұрланды. Сарапшылардың бағалауынша бұл өнер туындысы $50 млн бағаланады. Өкінішке орай картина әлі қайтарылмады.

Ван Гогтың құлағын Гоген кесіп алған болуы мүмкін

Құлақтың кесілуіне байланысты оқиға Ван Гогтың көптеген биографтарына күмән келтіреді. Мәселенің мән жайы мынада, егер суретші құлағын түбінен кесіп тастаса, ол қансырап, өліп кетуші еді. Шын мәнісінде құлақты ұшы ғана кесілген. Бұл туралы дәрігерлік қорытындыда жазылған.

Құлақтың кесілуі Ван Гог пен Гоген арасындағы кекілжің кезінде орын алды деген нұсқа бар. Бұл нұсқа бойынша, Гоген, Ван Гогпен төбелесе жатып, оның құлағын жарақаттаған, ал Ван Гог болса осы үшін есінен айырылған. Өзін ақтап алу үшін Гоген өтірік оқиға ойлап тауып, Ван Гог өз құлағын өзі кесті деген жалған аңыз таратты. 

ТУЛУЗ-ЛОТРЕК (Toulouse-Lautrec) Анри Мари Раймон де (24.11.1864, Альби – 9.9.1901, Мальроме, Жиронда, Бордо маңы) – француз графикашы-суретшісі, кескіндемеші, постимпрессионизм өкілі, 19 ғасырдағы айтулы суретшілердің бірі.

Әуесқой суретші, ақсүйек отбасында дүниеге келген Тулуз-Лотрек негізінен Париж қаласында (1881 жылдан) тұрып, әуелі Л.Боннан (1883), одан кейін Ф.Кормоннан (1884 жылдан) дәріс алған. Импрессионизм, постимпрессионизм, “модерн” ағымдары, суретші Э.Дега және жапон гравюрасы ықпалында болды. Бастапқы шығармашылығы кезеңінде спорттық сюжетке негізделген картиналар салумен қатар портрет жанрына да (Э.Бернар портреті, 1885, Лондон қаласындағы Тейт галереясы) бой ұрды. Оның қылқаламынан туған туындыларының негізгі тақырыбы цирк, мюзик-холл, кабаре мен эстрада өмірі сюжетіне негізделген. Кескіндемеші жалаң, сыртқы сұлулыққа ден қоймай, көбіне сахна шымылдығы сыртындағы алуан сырлы өмір дүниесін есте қаларлықтай етіп, бояу тілімен жарқын бейнелер жасауға ұмтылды; әрі өз кейіпкерлеріне гротескілік экспрессия бере отырып, имперссионистер қалыптастырған тәсілден өзгеше өзіне тән стильді іздестіруге талпыныс жасады. Ол қарапайым адамдар өмірі мен тұрмысын өз шығарм-на өзек етті. Тулуз-Лотрек – “Фернандо циркі” (1888), “Мулен-де-ла-Галеттегі бал” (1889), “Мулен-Ружде” (1892, үшеуі де Чикаго қаласындағы Өнер интернатында), “Өз сүйіктіммен” (1891, Бостон қаласындағы Сән өнері мұражайы), “Мулен-Руждегі би” (1892, Прага қаласындағы Ұлттық галерея), “Әнші Иветт Гильбер” (1894, Мәскеу қаласындағы Бейнелеу өнері мұражайы), “Де Мулен көшесіндегі салонда” (1894), “Модашы қыз” (1900, екеуі де Альбидегі Тулуз-Лотрек мұражайында) картиналарын салған. Кескіндемелік туындыларымен қатар ғажайып суреттер мен литографиялар, жарнамалық плакаттар мен театр афишаларын жасауда зор шеберлік танытқан Тулуз-Лотрек шығармашылығы кейінгі экспрессионистер шабытының бастау көзіне айналды. 1922 жылы суретші мұрагерлері Тулуз-Лотректің 600-ге тарта туындысын туған қаласына тарту етті; кейін осы картиналар үшін суретшінің туған Альби қаласында Тулуз-Лотрек мұражайы ашылды.[



Енді оқулыққа  назар аударайық!

   19 ғасырдың  аяғында француз  суретшілері  ашық табиғат  аясында  отырып пейзаж  жаза  бастады. Бұл  табиғат  көрінісін ұзақ бақылап, жер бетіндегі әр алуан құбылыстарды  талдаудың  нәтижесі. Жарық  және  кескіндеме өнерінің  негізгі элементіне айналды.Табиғатты  тікелей тамашалап,түстердің өзгеше  тұстарын көрсете отырып,суретшілер өз  жұмыстарында ерекше  әсерлілікке, жаңашылдыққа қол жеткізді. Оқулықта көрсетілген суреттің авторы  Клод Моненің  «Күннің  шығуы. Әсер» картинасының  атауына байланысты суретшілерге  импрессионистер деп  ат қойды. (Французша импрессион  «әсер» деген мағынаны  білдіреді) содан  бастап бейнелеу  өнеріндегі  жаңа тәсілді  ұстанған  суретшілердің  бәрі осылай аталатын болған.

К.Моне  «Күннің  шығуы.Әсер»

Ой  шақыру стратегиясы.

1.Қазір жылдың  қай мезгілі?

2.Күзде  табиғатта  қандай өзгерістер болады?                                    

1 күн суытады                                                                              2 егін жинаймыз

3 ағаш жапырақтары

сарғаяды                                                                                      4 жауын жауады

5 құстар жылы жақа ұшады                6 айналаның бәрі сары түске  боялады

  1. Әбілхан Қастеев  1904 – 1973

  2. Айша Ғалымбаева  1917

  3. Абай  Құнанбаев   1845 – 1904

   

Жаз, Күз, Көктем, Қыс

ЖҰМБАҚТАР

Енді  сурет  саламыз!

 Сабақты  қорытындылау:                          

  1. Бейнелеу  өнеріндегі  жаңа  тәсілді ұстанған, әсерлі сурет  салған адамды  кім  деп  атаған?

  2. Қазақстанның  әйгілі  кескіндемешісі, график – суретші, қазақ  бейнелеу өнерінің  негізін  салушылардың  бірі?

  3. Қазақ  қыздарының  ішінен  суретшілік  мамандықты  тұңғыш  игерген  және халық  суретшісі атағын да бірінші болып  алған кескіндемеші – суретші  кім?

  4. Егер сен өз суретіңде  табиғатты,даланы,өзенді

Тау мен теңізді,орманды,алыстағы елдерді  бейнелеген  болсаң,онда сені  кім  дейді?

  1. Жылдың  төрт мезгіліне арнап өлең  шығарған қазақтың  ұлы ақынын  ата?

Бағалау:

Үйге  тапсырма: «Менің  ауламдағы  пейзаж  көрінісі» атты  тақырыпта  бейнелеу  жұмысын жүргізу.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!