СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Сәлемдесе білемін».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға сәлемдесу,амандасу туралы түсінік беру. Балаларды сәлемдесе білуге үйрету. Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Сәлемдесе білемін».»

«Әлеумет» білім беру саласының өзін- өзі тану ұйымдастырылған оқу қызметінін технологиялық картасы

Жасы: 5-6 Ересектер

Тақырыбы: «Сәлемдесе білемін».

Мақсаты: Балаларға сәлемдесу,амандасу туралы түсінік беру. Балаларды сәлемдесе білуге үйрету. Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмысжәне оқу іс қызметіне дайындық:шаттық шеңбері

Сөздік жұмыс:сәлемдесу, амандасу, сыпайылық

Дидактикалық материал:жүрек

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс-әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Балалар біз бүгін сендермен сәлемдесу, амандасу туралы әңгімелесеміз.

-сендер қалай ойлайсындар адамдар неліктен бір-бірімен амандасады?

Балалар шеңберге тұрады.

Балалар қайталап айтады.








Балалар сұрақтарға жауап береді.

ІІ кезең-

ұйымдастырушылық ізденушілік

О.Ақыпбековтің Сәлем берем үлкенге өлеңін әңгімелеу

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем іздетпен,

«Ассалаумағалейкум!»-деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе,әжей?»-деп.

Кім кездессе көшеде,

Таныс емес демеймін,

«Аға,тәте,көкеге,

Сәлеметсіз бе?»-деймін

Балалар үлкен атаны көргенде қалай амандасады?


Әжені көргенде қандай жылы сөз айтамыз?

Дәйексөз «Сәлем сөздің анасы»

Ойын: «Қалай амандасу керек?»

Дәптермен жұмыс


Ғажайып сөздер

Балалар сабақта үйренген

өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Балалар әдептілік сөзден білінеді,сондықтан ең бірінші кім амандасу керек?


Балалар мұқият тыңдайды.




Балалардың жауаптары




Балалар бір бірімен әр адам болып амандасады.

Сәлеметсіз бе әже,қалыңыз қалай?

Дәйек сөзді мағынасын түсіндіреді.

Ойынды ойнайды.


Сурет бойынша әңгіме құрастырып, суреттерді бояйды.

III кезең-

Рефлексивті- түзеуші

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта үйренген

өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Балалар әдептілік сөзден білінеді,сондықтан ең бірінші кім амандасу керек?

Сәлеметсіз бе?

Қош келдіңіз!

Амансыз ба?

Жоғары төрлетіңіз!

Қош бол Сау бол.


Біз бірінші амандасамыз. Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап беру арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Кіммен қалай амандасу керектігін.

Түсінеді: Балаларға сәлемдесу,амандасу туралы түсінік

Қолданады:Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту