СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Үш қыз"ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты. Ертегіні балаларға таныстыру, мазмұның ашу, кейіпкерлерді ажырату және ролге ойлау

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Үш қыз"ертегісі»

Жазғы сауықтыру жоспарының технологиялық картасы

Тобы: Ертөстік

Білім беру саласы: Коммуникация

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Үш қыз» (ертегі)

Мақсаты: ертегіні балаларға таныстыру, мазмұнын ашу, кейіпкерлердің тағдырына балаларды ортақтастыру арқылы олармен бірге қуанып, бірге армандап, ізгілік пен ерсілікті айыра білуге үйрету; балаларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ананың және қыздардың иллюстрациялы суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: аяулы жан, қайырымдылық.

Билингвальді компонент: ана –мама; қыздар – дочки; ауыру – болеть; балара – пчела.

Іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Көркем әдебиет.

Балаларға жұмбақ жасыру:

-Өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім?

-Ең аяулы жан – ол ана. Анамызды сыйлап, айтқанын орындап, ренжітпей жүруіміз керек. Анамыз ауырып қалса, дәрі-дәрмек беріп, қарауымыз керек.

-Бүгін біз татар халқының «Үш қыз» ертегісімен танысамыз.Педагог ертегіне мәнерлеп оқып

береді, мазмұнын түсіндіреді.

Балалардың жауаптары.


Жауабы: ана.







Балалар ертегімен танысады.

Ұйымдастырушы-лық-ізденістік

Сөздік жұмыс

Аяулы жан сөзі өмірдегі ең жақын, ең қымбат деген мағынаны білдіреді. Қайырымдылық деп қиын кезде көмек көрсетуді айтамыз.

Билингвальді компонент:

ана – мама; қыздар – дочки; ауыру – болеть; балара – пчела.

Сұрақ-жауап

-Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырды?

-Тиін үлкен қызды неге айналдырады?

Не үшін?

-Тиін ортаншы қызы неге айналдырды? Не үшін?

-Тиін кіші қызы неге айналдырды? Не үшін?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Мақал жаттау

«Ана алдында – құрмет,

Ата алдында – қызмет».



Сөздердің мағынасын түсінеді.

Қайталайды:

ана – мама; қыздар – дочки; ауыру – болеть; балара – пчела.

-Ауырып қалған соң шақырады.

-Үлкен қызы тегеш тазалап жатқанын айтып, анасына көмекке бармайды. Тиін оны тасбақаға айналдырды.

-Ортаншы қыз тоқыма тоқып жатырмын деп, анасына көмекке келмейді. Тиін оны өрмекшіге айналдырады.

Кіші қызы бәрін тастап, анасына көмекке жүгіреді. Тиін қызды қайырымдылығы үшін балараға айналдырды.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар мақалды жаттайды.

Рефлексиялық–реттеушілік

-Егер аналарың, қамқоршың ауырып қалса, сендер қалай көмектесесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:анасын, қамқоршысын сыйлайды, көмектеседі.

Түсінеді: ана – баласы ауырса әрдайым жанында болатын аяулы жан екенін, бала да анаға қамқорлықпен қарауы керегін түсінеді.

Қолданады: аналарға арналған өлеңдер мен тақпақтар айтып береді.