Пәні:қызықты грамматика
Тақырыбы:Зат есімнің тәуелденуі
Мақсаты:тәуелдік жалғаудың мағынасын байқату,яғни заттың ,қандай да
бір нәрсенің біреуге тән,соның меншігі екенін білдіретінін,үш жағы бола-
тынын және олардың I,II жақтарының адамға меншікті айтылатынын ,III жақ
адамға да,басқа заттарға да қатысты екенін ұғындыру.Сөйлеу дағдыларын жетілдіру,тілін дамыту,қызығушылықтарын арттыру.Адамгершілік,салауат-
ты өмір салтына тәрбиелеу,таза,әдемі жазуға баулу.
Сабақ түрі:Жаңа білімді меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,ой қозғау,өз бетімен жұмыс,сын тұрғысынан ойлаудың элементтері,түсіндіру.
Сабақ барысы:
1.Қызығушылықты ояту
А)Ұйымдастыру
Ә)Психологиялық дайындық
А) Бүгінгі сабақ-ерекше сабақ.Біздің бүгінгі сабағымыз жақсы өтуі үшін 5 нәрсе қажет.Олар:тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштық.
Б)Алдымен өткен сабақтарды еске түсіріп алайық.
Сөйлем мүшелері туралы не білесің?
Сөз және оның мағынасы туралы не білесің?
Сөз таптары туралы не білесің?
Зат есім дегеніміз не?
2.Мағынаны ашу
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы зат есімнің тәуелденуі.
-Бүгінгі сабақтың мақсаты не деп ойлайсыңдар?
-Оқушылар өз білгендерін айтады.
-Мақсатымыз тәуелдік жалғаудың мағынасын байқау,яғни заттың біреуге меншікті екенін білдіретінін,үш жағы болатынын және олардың I,II жақтарының адамға меншікті айтылатынын ,III жақ адамға да,басқа заттарға да қатысты екенін ұғыну.
-Тәуелдік жалғау дегеніміз-бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Тәуелдік жалғаудың үш жағы болады және олардың I,II жақтары тек адамға меншікті айтылады,ал III жақ адамға да,басқа заттарға да қатысты айтылады.
Тәуелдік жалғаулары мыналар:
| Жақ | Жекеше | Көпше |
| I жақ | -м,-ым,-ім | -мыз,-міз,-ымыз,-іміз |
| II жақ | -ң,-ың,-ің, -іңіз,-ыңыз | -ың,ің -ыңыз,-іңіз |
| III жақ | -сы,-сі,-ы,-і | -ы,-і |
Жұмбақ
Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. Мектеп
-Мектеп сөзі қай сөз табына жатады?
-Зат есім.
-Олай болса,мектеп сөзін үш жақта,жекеше,көпше түрде тәуелдік жалғауын жалғап айтайық.
| | Жекеше | Көпше |
| I Жақ | Мектебім | Мектебіміз |
| II жақ | Мектебің Мектебіңіз | Мекептерің мектептеріңіз |
| III жақ | Мектебі | Мектептері |
1-тапсырма.
«Ана тілім» өлеңін мәнерлеп оқу
1-қатарға топтап оқыту.Өлең шумағының қай жақта айтылғанын анықта.(мен,сен,ол)
2-қатарға жұппен оқыту.Өлеңді екінші жақта оқы.Қай жалғаулар өзгерді?
3-топқа төрт оқушыдан оқыту.Өлеңді үшінші жақта оқы.Қай жалғаулар өзгерді?
Бір оқушының мәнерлеп оқуы.Өлеңдегі қай шумақ бата беру рәсіміне ұқсайды?
2-тапсырма:
Бала тілі-бал
А)«Қойдың шашы»
Қой қырқып жатқанды алғаш рет көрген төрт жасар қалалық Алпамыс:
-Апа,апа ,қараңыз,қойдың шашы жоқ,алып жатыр,-деді таңдана.
-Бұл мәтінде тәуелденген сөз бар ма?
-Қойдың шашы.
-Нешінші жақта тұр?
-Үшінші.
-Үшінші жақ неге байланысты айтылып тұр?
-Жануарға байланысты айтылып тұр.
Ә)Аңдаусызда тілін тістеп алған Ақкербез :
-Менің тілім тісіме қысылып қалды,- деді жыламсырап.
-Бұл мәтінде тәуелденген сөз бар ма?
-Менің тілім.
-Нешінші жақта тұр?
-Бірінші.
-Бірінші жақ кімге байланысты айтылып тұр?
-Адамға байланысты айтылып тұр. .
Б) «Жаяу қудыңыз ба?»
Түскі ас кезі.Дастарқан басында Әсиманың атасы түнде ұйқысы қашып,
жөнді ұйықтай алмағандығын әңгімелеп отырды.Мұны құлағы шалып
қалған Әсима:
-Ата,сіздің ұйқыңыз да қаша ма?Жаяу қудыңыз ба?-деп аңтарыла сұрады.
-Бұл мәтінде тәуелденген сөз бар ма?
-Сіздің ұйқыңыз.
-Нешінші жақта тұр?
-Екінші жақта,сыпайы түрде.
-Екінші жақ кімге байланысты айтылып тұр?
-Адамға байланысты айтылып тұр.
-Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?
-. Тәуелдік жалғаудың I,II жақтары тек адамға меншікті айтылады,ал III жақ адамға да,басқа заттарға да қатысты айтылады.
3-тапсырма:
Тіркестердегі тәуелденген заттың иесін ата.Тіркестегі тәуелденген затты ата.
Менің елім-
Оның отаны-
Біздің әніміз-
Менің класым-
4-тапсырма:
Сөздікпен жұмыс
Сөздердің мағынасын түсіндіріп жаз.
Тәуелді-біреуге бағыну
Тәуелсіз-өз алдыңа өмір сүру
Сергіту сәті: «Балдырған» әнін орындау.
Дәптермен жұмыс
5-тапсырма:
Тәуелдік жалғауы бар тіркестерді теріп жазу.Соңғы екі тіркесті Абайдың
қандай әнінен естідің?
Менің үйім,жұлдызды аспан,алтынның құны,ала күшік,сенің өнерің,өнерлінің қолы.
«Домино» ойыны
Конвертте зат есімдер бар.Сол зат есімдерді белгілеріне қарай топтау.
Тәтті:алма,торт,кәмпит
Ащы:пияз,бұрыш,құрт
Қышқыл: лимон,қымыз
1-қатар алма сөзін бірінші жақта ,2-қатар пияз сөзін екінші жақта ,3-қатар лимон сөзін үшінші жақта тәуелдеп,сөйлем құрау.
3.Ой толғаныс
А)«Қайда менің өз жағым?» ойыны
Ойын үшін «I жақ», «II жақ», «III жақ» деп жазылған және «ұстазым», «ұстазың», «ұстазы», «ұстаздарымыз», «ұстаздарың», «ұстаздары» сөздер болады.».Әр оқушы өз орнын тауып тұруы қажет.
Ә)Семантикалық картамен жұмыс
| Сөз | I жақ | II жақ | III жақ |
| Суретім | + | | |
| Қаламы | | | + |
| Қолың | | + | |
| Добы | | | + |
| Інім | + | | |
«Ана тілім» өлең шығару
Ана тілім-.....................,
................,ертеңім.
Ардақты ол ...............,
..............алам нәрінен.
Керекті сөздер:ертегім,болашағым,бәрінен,қуат.
Грамматика (гр. 'грамматіке, γράμμα' – әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
Мадақтау.
Тақтада баспалдақ суреті.Баспалдаққа оқушы өз орнын белгілейді.
Сабақты өте жақсы меңгердім- Күн.
Сабақты жақсы меңгердім-Бұлт басқан күн.
Сабақты орташа меңгердім-Бұлт.