І кезең- мотвациялық- қозғаушы | Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, апайлар, Қайырлы таң, достар. Жоғары қарап тау көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға, солға иіліп, егеменді ел көрдім | Шаттық шеңберңне тұрып орындайды |
ІІ кезен ұйымдастыру-шылық-ізденушілік | Балалар бүгін біз әдемі планетамыз туралы әңгімелесеміз. Бізідің планетамыз қалай аталады? Балалар қараңдаршы бұл - глобус, біздің планетамыздың кішірейтілген түрі. - Қараңдаршы біздің планетамыз қандай әдемі, глобуста қай түс көп? Тәрбиеші: Біздің планетамызды « жасыл әлем» - деп атайды. Көк түс нені білдіреді? Ал жасыл түс нені білдіреді?
Сары, қоңыр түс
Ия, біздің планетамызда әдемі жерлер көп.
Сауысқан келеді ұшып. Хат тастап кетеді. Хатты Эколог жіберіпті. Балалар біздің планетамызда ауа, сулар ластанып, орман ағаштары өртеніп, кесіліп жатыр. ауа ластануынан балалардың демалысы қиындап көп ауыра береді. Завод, фабрикалар, түрлі өндіріс орындары және машиналар, космос корабльдері көбейді. Бірақ та, бұлар бізді қуантпайды. Біздер бақтардың гүлдегенін, құстардың сайрағаннан, ағаштардың жайқалып өскенін, жәндіктердің жыбырлап жүргенін өзендерден сылдырлап таза су аққанын, көбелектердің қанатын қағып ұшқанын қалаймыз. Балалар, сіздер де бізге көмекке келіңіздер. Балалар, қоршаған ортаны қорғауға, ластамауға, көркейтуге бізді эколог мамандары шақырып жатыр екен, көмектесеміз бе? Балалар, халықаралық "ГРИНПИС" орталығы бар. Ағылшын тілінен аударғанда "Жасыл әлем "- деген сөз. Бұл барлық ұлттарды, халықтарды біріктірген орталық. Осы қоғамда эколог мамандары жұмыс жасайды. Эколог адамның өмірімен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға ондағы құстар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар өмірін қорғайтын, ауа мен судың ластанбауына көмектесіп, қорғайды. Соңғы кезде табиғат көп өзгеріске ұшырады. Себебі, көп машиналар лас газды ауаға шығарып, заводтар мен фабрикалар қалдықтарын ауа мен суларға төгеді. Эколог мамандарының арасында химиктер, физиктер, географ, дәрігерлер көп. Олар өте білімді адамдар. Д/О « Құстарды қорғау» Д/О: "Экологиялық белгілер" Тиым сөздер Құстың ұясын бұзуға болмайды. Орманда от жағуға болмайды. Суды ластауға болмайды. Құстың ұясын бұзуға болмайды. Д/О: «Жануарларды қорғау»: Қисынын тап (Суреттерді құрастыру) Д/О: « Қолтырауынның баласы нені дұрыс нені дұрыс емес жасады?» сурет бойынша әңгіме құрастыру. Эколог келеді балалар сендер табиғатты қорғауға көп көмектестіңдер, көп біледі екенсіздер. Мен сіздердің топтарыңды осы қоғамның мүшесі етіп қабылдап значок тапсырамын - деп балаларға значокты кеуделеріне тағады. "Жасыл әлем" қоғамына қабылдау. Дәрілік өсімдіктерден жасалған фито шәй беру. | Жер Көк, жасыл түс. Теңіз, мұхит, өзендер Орман, егіндік Тау, дала, шөл, шөлейт
Ия
Балалар тәрбиеші апайды мұқият тындайды.
Балалар жауаптары
Балалар апайды мұқият тындайды.
Балалар қуанады. |