Күні___________ Сыныбы: 7 «А», «Ә», «Б» 7-сабақ Бекітемін ___________
Тақырыбы: § 5 Жер бедері
Мақсаты:
Білімділік: Жер бедері туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорларын молайту.
Дамытушылық: Дамытуға оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену
Көрнекілік: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі.
ә) балаларды түгендеу.
б) сынып бөлмесінің тазалығын қорғау.
в) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
г) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
§ 4 оқушылардан сұрау, геохронологиялық кестені сұрау
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі
Өтілген тақырыптар бойынша «Кім ойлы» ойынын жүргізу.
ҮІ. Мақсат қою кезеңі
Бүгінгі сабақта Жер бедерімен танысамыз.
Ү. Жаңа білімді меңгерту кезеңі
Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады.
Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.
Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды.
Мұхит табанының ең басты ерекшелігі – тұтас су асты жоталары жүйесін құрайтындығы. Олардың жалпы ұзындығы 75 000км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000 -4 000м-ге жетеді. Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар-қазаншұңқырлар орналасқан. Литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылыды.
ҮІ. Оқушылардың жаңа білімді меңгеруін тексеру кезеңі
а) бүгінгі тақырыптан не білдіңдер?
ә) тақырыпты түсіндіңдер ме?
б) бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтарың бар ма?
ҮІІ. Оқушылардың білімін бекіту кезеңі
1. Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер
мен мұхиттар табанындағы жер бедерін ата
2. Жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер
3. Материктер мен мұхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады?
Мысал келтір (Жер белдеріне)
ҮІІІ. Қорыту
а) үйге тапсырма беру: § 5 оқу, геохронологиялық кестені жаттау
ә) оқушыларды бағалау: