СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі.

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоспар:

1.  Есептер шығаруда оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.

2.  Жай және құрама есептерді шығаруға үйрету.

3.  Мәтіндік есептер олардың топтастырылуы.

 

Математиканы оқытудың жалпы жүйесінде есептер шығару тиімді жаттығулардың бір түрі болып табылады. Есептер шығарудың ең әуелі балаларда толық, бағалы математикалық үғымдарды қалыптастыруда, олардың бағдарламаны анықтап берген   білімді игеруде өте маңызды мәні бар. Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану жолында пысықтала түсетін нақты материал болып табылады

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі.»

Тақырып: Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі.

Жоспар:

1.  Есептер шығаруда оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.

2.  Жай және құрама есептерді шығаруға үйрету.

3.  Мәтіндік есептер олардың топтастырылуы.

 

Математиканы оқытудың жалпы жүйесінде есептер шығару тиімді жаттығулардың бір түрі болып табылады. Есептер шығарудың ең әуелі балаларда толық, бағалы математикалық үғымдарды қалыптастыруда, олардың бағдарламаны анықтап берген білімді игеруде өте маңызды мәні бар. Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану жолында пысықтала түсетін нақты материал болып табылады. Білімді қалыптастыруға арналған нақтылы материал мәнін атқара отырып, есептер: қисыншыл білімді іс жүзінде оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Есептер шығару балаларда, әрбір адамға оның күнделікті өміріне қажетті іскерлікті, білікті қалыптастырады. Есептер шығару арқылы, балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғандағы маңызды үғымдармен танысады. Есептер шығару оқушылардың ақыл-ойының дамуына өте игі әсерін тигізеді, себебі ол анализ және синтез нақтылау және абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін кезеңді талап етеді. Математиканы оқытуда есептің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты - математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу әдістемесін оқушыларға үйрету, түсіндіру. Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану процесінде пысықтала түсетін нақтылы материал болып табылады. Есептер шығару арқылы балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғандағы маңызды фактілермен танысады. Сондықтан есепті шешу-оқытудың мақсаты ғана емес, сондай-ақ құралы да. «Есеп» деп - жауабы арифметкалық амалдардың көмегімен түжырымдалған сұрақты түсінеміз. Демек есептің шарты мен сұрағы болады, сұрақсыз есеп болмайды. Есеп бір амалмен шығарылса жай есеп деп, екі, одан да көп амалмен шығарылса құрама есеп деп аталады. Бастауыш буын математика курсында әр алуан жаттығулар кездеседі.

Мысалы:

а)  Дүкенге 1-ші күні 100 кг, ал 2-ші күні одан 50 кг артық қант түсірілді.

2-ші күні қанша кг қант түсірілген?

I күні - 100 кг,

IIкүні-? 50 кг

Жауабы:

б) Тігінші әрбір көйлекке 4 түймеден жұмсай отырып, тігінші 5 көйлекке түйме қадады. Ол барлығы неше түйме қадады?

в)   Жандос 100 дәптерді 10 оқушыға тең бөліп берді. Әр оқушы неше дәптер алды?

Есеппен жұмыстың басты кезеңі - есеп терминін енгізу және есептің құрама бөліктерімен оны талдау және шешу кезеңдерімен таныстыру.

Балаларды есеп шығаруға үйрету - берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты тағайындау және соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін оны орындау.

Есеп шығарудағы оқушылар игеруге тиісті біліктегі негізгі білім беретін мәліметтер мен ізделіп отырған мэліметтер арасындағы байланысты игеру болып табылады. Оқушылардың бұл байланыстарды қаншалықты жақсы игергендігі олардың есеп шығара білу білігіне байланысты. Осыны ескере отырып, бастауыш сыныпта шешуі берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланыстарға негізделетін, тек олардың нақты мазмұны мен берілген сан мәліметтері жағынан ғана айырмашылығы болатын, бір топ есептермен жұмыс жүргізіледі. Мұндай есептер тобын бір түрдегі есептер деп атаймыз.

Оның басты мақсаты - балаларды өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың олардың біртіндеп күрделену жағын ескере отырып (берілген және ізделініп отырған мәліметтері арасындағы қандай да бір байланыстарын саналы түрде тағайындауға уйрету.) Осыған жету үшін мұғалім есептер шығаруға үйрету әдістемесінде қандай да бір мақсаты бар бір кезеңді ескеруі тиіс.

Есеппен жұмыстың 3 кезеңі бар.

Бірінші кезеңде мұғалім есептердің қарастырылып отырған түрін есептерді шығарғанда амалдарды таңдап алатындай байланыстарды игерулері тиіс.

Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарумен таныстырады. Мұнда балалар берілген мәліметтер мен ізделініп отырған мәліметтер арасындағы байланысты тағайындауға және осының негізінде арифметикалық амалдарды таңдап алуға үйренеді, яғни олар есеп түрінде өрнектелген нақтылы жағдайдан сәйкес арифметикалық амалды таңдап алуға үйренеді. Осындай жүмыстың нәтижесінде оқушылар қарастырылып отырған сияқты есептерді шығару тәсілін қорыта білулері керек

Есептермен жұмыс істегенде мына кезеңдердің тәртібін сақтаған жөн. I кезең -есептің мазмұнымен таныстыру;

II кезең -есептің шешуін іздеу;

III кезең- есепті шешу;

IV кезең -есептің шешуін тексеру. Бұл бөліп көрсетіп отырылған кезеңдер өзара тығыз байланысты, әр кезеңдегі жұмыс негізінен мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Математиканы оқыту жүйесінде жай есептер аса маңызды роль атқарады. Жай есептерді шығару арқылы математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі арифметикалық амалдар туралы үғым. Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді игеруге дайындық басқышы болып табылады, өйткені құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі. Жай есептерді шығарғанда есеппен және оның құрамды бөліктерімен алғаш танысу болады. Жай есептерді, олар шығарылатын арифметикалық амалдарға сәйкес топтарға бөлуге болады. Алайда методикалық жағынан алғанда басқа классификациялау ыңғайлырақ: есепті шығарғанда қалыптасатын ұғымдарға байланысты. Ол есептерді топтарға бөлу, осындай үш топты бөліп алуға болады. Олардың әрқайсысын сипаттайық.

Бірінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарғанда балалар арифметикалық амалдардың әрқайсысының нақты мәнін ұғынатын болады, яғни балалар қандай арифметикалық амал жиындарға қолданылатын қандай да бір операцияға сәйкес болатындығын ұғынады.

Бұл топқа бес есеп жатады:

І.Екі санның қосындысын табу.

Қыз бала 5үлкен кесені және 3 кішкене кесені жуды. Қыз бала барлығы қанша кесе жуды?

2. Қалдықты табу. Оқушылар 10 торғай ұясын жасады. Екі үяны ағаш басына іліп койды. Енді ілуге тиісті қанша ұя қалды?

3. Бірдей қосылғыштардың қосындысын (көбейтіндісін) табу.

Үш тордың әрқайсысында 4-ден үй қоян бар еді. Үш торда барлығы қанша үй қояны бар?

4. Тең бөліктерге бөлу. Оқушылардың екі тобы 8 жүйектің, әрқайсысын бірдей, арам шөбін отады. Әр топ оқушылары қанша жүйектен отаған?

5.  Тиесінше бөлу. Мектеп оқушыларының әр тобы тоғыз алма ағашының түбін қопсытты, мектеп оқушылары барлығы 27 алма ағашының түбін қопсытты. Мектеп оқушыларының қанша бригадасы бұл жүмысты орындаған?

Екінші топқа мына түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарғанда оқушылар арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері     арасындағы     байланысты          ұғынады.     Оларға     белгісіз компоненттерді табуға берілген есептер кіреді.  Берілген     қосынды    мен     екінші    қосылгы     бойынша    бірінші қосылгышты табу. Қыз бала бірнеше үлкен кесе және 3кішкене кесе жуды, ал ол барлығы 8 кесе жуды.Қыз бала барлығы қанша үлкен кесе жуған?

2. Белгілі  қосынды   мен  бірінші   қосылгыш    бойынша   екінші қосылгышты табу. Қыз бала 5 үлкен кесе және бірнеше кішкене кесе жуды. Қыз бала қанша кішкене кесе жуған?

З.Белгілі   азайтқыш   және   айырма   бойынша   азайғышты   табу. Балапар бірнеше торғай ұясын жасады. Олар 2 ұяны ағаш басына іліп қойғанда, оларда тағы да 8 ұя қалды. Балалар барлығы қанша ұя жасаған ?

4.Белгілі азайғыш пен айырма бойынша азайтқышты табу.  Балалар   10  торғай  ұясын   жасады.   Олар   бірнеше  үяны   ағашқа   іліп қойғанда оларда тағыда 4 ұя қалды. Балалар қанша ұяны ағаш басына іліп қойған?

5. Белгілі көбейтінді және екінші көбейткіш бойынша бірінші көбейткішті табу. Белгісіз санды 8-ге көбейттік те 32 санын алдық. Белгісіз санды табу.

6. Белгілі көбейтінді мен бірінші көбейткіш бойынша екінші көбейткішті табу. 9-ды белгісіз санға көбейтіп, 27-ні таптық. Белгісіз санды табу.

7. Белгілі бөлгіш пен бөлінді бойынша бөлгішті табу. 24-ті белгісіз санға бөліп, 6-ны алдық. Белгісіз санды табу.

Үшінші  топқа  мына түрдегі  есептер жатады,  ол  есептерді  шығарғанда арифметикалық амалдардың жаңа мағыналары ашыла түседі. Оларға айырма үғымымен байланысты жай есептер және қатынас үғымымен байланысты жай есептер жатады.

1.  Сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу. Қалам 150 теңге, ал өшіргіш 50 теңге тұрады. Қалам өшіргіштен неше теңге қымбат?

2.  Сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу. Жандос 15 торғай ұясын, ал Арман 6 торғай ұясын жасады.Арман неше ұя кем жасады?

3.  Санды бірнеше бірлікке арттыру. тауықтың салмағы 6 кг, ал үйректің салмағы одан Зкг артық. Үйректің салмағы неше кг?

 4. Санды бірнеше бірлікке кеміту.  Сауысқан 72 км ал қарға одан 15 км кем ұшты. Қарға неше км ұшты?