СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: № 3Практикалық жұмыс «Сұйытылған қышқылдармен карбонаттардың әрекеттесуі. Су және көмір қышқыл газына сапалық реакция

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: № 3Практикалық жұмыс «Сұйытылған қышқылдармен карбонаттардың әрекеттесуі. Су және көмір қышқыл газына сапалық реакция»

_Ұзақ мерзімді жоспардың таралуы

Күні

Сынып

Мектеп: Ават орта мектебі

Мұғалімнің аты жөні: Имярова Н.А

Сабақтың тақырыбы

№ 3Практикалық жұмыс

«Сұйытылған қышқылдармен карбонаттардың әрекеттесуі. Су және көмір қышқыл газына сапалық реакция

Оқу мақсаттары

7. 2.2.4- Кейбір карбонаттардың сұйытылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Сұйытылған қышқылдың карбонаттармен әрекеттесуін зерттеді. Көмір қышқыл газына сапалық реакциясын сипаттайды

Бағалау критерийі

Кейбір карбонаттардың сұйытылған қышқылдармен реакцияларын зерттейді

Сұйытылған қышқылдармен кейбір карбонаттар өнімдерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Пән бойынша терминология, лексикалық тіркестер: екі немесе оданда көп қосылыстар, формула, немесе диалог түріндегі қауіпсіздік ережелері жайлы қысқаша мазмұнды жазу.





Құндылықтарға баулу.

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Еңбек өнімділігін арттыру- өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығындағы жұмыс атқаруы

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,қарым-қатынас жасау қабілеті дамиді, жауапкершілігі артады, өмір бойы оқуға дайын болу.

Пән аралық байланыс

Физика, жаратылыстану

Алдыңғы білім

6.3.2.2-тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырату және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру 3 мин

Оқушыларды жасырын сөздерді құрастыру арқылы 2-топқа яғни қышқылдар мен сілтілер бөліну


«Миға шабуыл» әдісі 5мин


Қандай қышқылдарды білесіңдер?

Индикатор дегеніміз не?

Қышқыл, метилоранж, фенолфталеин индикаторына әсері қандай?

Сілтілердің лакмус, метилоранж, фенолфталеин индикаторына әсері қандай?


Дескриптор

Қышқылдар мен индикатор туралы біледі.

Қышқыл мен сілтіде лакмус, фенолфталеин, индикаторлар әрекеттескенде қандай түс беретінін ажырата алады. 4балл


«Зерттеуші конференция»

әдісі

Тапсырма:Сынауыққа бордың немесе мәрмәрдің бірнеше кесегін салып, үстіне 2мл тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар.Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жабыңдар

Байқалған құбылыстың реакция теңдеуін сөзбен жазыңдар

Тәжірибені орындап, реакция теңдеулерін сөзбен жазып түсіндіреді.



Критерий:

Сұйытылған қышқылдар мен кейбір карбонаттар өнімдерін анықтайды.


Дескриптор

Бақылау нәтижесін айтады. 1балл

Реакция теңдеулерін жазады. 2балл

Реакция өнімдерін анықтап, қорытынды жасайды 2балл


«Сөзді тап» әдісі


Тапсырма:Сынауыққа 2-3мл сұйытылған натрий гидроксиді ерітіндісін құйып, үстіне бірнеше тамшы фенолфталеин тамызғанда түрі қалай өзгереді?

Сынауыққа 3-4мл дистилденген су құйып , үстіне бірнеше лакмус тамызғанда, су арқылы индикатордың түсі өзгергенше көмірқышқыл газын құйғандағы түстің өзгеруі.


Индикатор атауы

Әр ортадағы индикатор түсі

Қышқыл орта

Бейтарап орта

Сілтілік орта

лакмус




фенолфталеин









Критерий

Кейбір карбонаттардың сұйытылған қышқылдарын зерттейді.

Түстерін анықтайды.


Дескриптор

Берілген сілті мен қышқылдардың түстерінің өзгеруін анықтай алады. 2балл










«Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылардың танымдық қажеттіліктерін анықтау

Тұрмыста және өніркәсіпте қолданатын қышқылдардың айырмашылығын, ұқсастығын жазады











АКТ,

Құрал мен реактивтер:тұз қышқылы, бор, сынауық, газ өткізгіш, тұрғы.
























Мәтінмен жұмыс орындау арқылы кестені толтыру





Сабақ соңы



БББ кестесі бойынша алған білімдерін қорытындылайды. 4 мин


Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс 4мин


тапсырма: Лимонад жасау

Ол үшін сендерге лимон қышқылы, тосап стақан су, қайнаған су, ас содасы қажет.Стақанға 0,5 шай қасық лимон қышқылы, бір асқасық тосап және бір шымшым ас содасын салып, қайнақ су қосындар және араластырыңдар. Лимонад дайын.


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Тапсырма-оқушылардың қажеттілігіне қарай түрлі кестелерді, тапсырмаларды жасау.Күрделілігіне қарай алға ілгерлеп отыратын тапсырмаларды пайдалану.

Дереккөздер- ауқымы талқылауға негіз болатын мәтінден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін тапсырма беру.

Диалог және қолдау көрсету- кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан жақты әрі нақты көмек қажет болады.Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады.

Қорытынды-Барлық оқушылар бір

Тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.Тапсырма береді, оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсіндіреді.


Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Оқушылар үнемі бағаланып отырады,саралаудың түрлеріне байланысты оқушылардың қажеттілігіне қарай түзетіліп отырады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек!