СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Алтын балық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

Тәрбиелік: 

Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: 

Сурет салудың  дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттін дамыту.Балалардың саусақ қимылдарын дамыту. Оқыту: 

Балық пішінін трафарет арқылы  бейнелей алуға үйрету.

 

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Алтын балық"»

Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні:

Тәрбиеші:

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы:  "Алтын балық"

Мақсаты:

Тәрбиелік: 

Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: 

Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттін дамыту.Балалардың саусақ қимылдарын дамыту.
Оқыту: 

Балық пішінін трафарет арқылы бейнелей алуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: балықтың суреттері, трафарет ,сары, қара түсті бояулар, аквариумның суреті.

Билингвальды компонент: Балық –рыба.

Ұйымдастырушылық кезең:

Тәрбиеші:

Жапырақтары сарғайып,

жанбыр жауды далаға,

құстар ұшып кеткенде,

бұл қай кезде болады?

- Күз мезгілінде

- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Үш ай (қыркүйек, қазан, қараша)

- Бір аптада неше күн бар?

- Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі, жұма,сенбі, жексенбі)

Д/ойын: «Жер, су, ауа»

Мақсаты:

Суда,жерде,ауада нелер тіршілік ететіндерін ажырата білу.

Жұмбақ жасыру:

Суда жүріп шөлдейді (балық)

-Балық қайда мекендейді?

-Суда

Негізгі бөлім:

Тосын сәт:

Бөлмеде мүзыка әуені ойынап тұрады.

Шағын аквариумның ішінде бір балық жүзіп жүреді.

Тәрбиеші:

-Балалар қарандаршы, мына балық неге жалғыз жүзіп жүр екен?

-Балалар, балықтар сөйлейма?

-Кәне жақындап сұрайық

Тәрбиеші:

-Балалар, мына алтын балықтың достары жоқ екен, ол көп достарым болса екен деп армандайды.

-Бәріміз алтын балыққа көмектесемізбе?

-Ия көмектесеміз

-Алтын балыққа көп достарын салып берейік.

-Иа.

Сергіту сәті:

Екі тышқан кездесті пи-пи-пи

Екі мысық кездесті, мяу-мяу-мяу

Екі күшік кездесті, аф-аф-аф

Екі бұзау кездесті, мө-мө-мө

Екі досы кездесті, алақай-алақай!!!

Олай болса орнымызға отырып, шағын алдарындағы аквариумге трафарет арқылы балықтың суретін гүбкамен саламыз. Тәрбиеші балаларға балықтың түрлері туралы , және оның пайдасын толықтыра айтады. Қауіпсіздік ережесін айта отырып ,балықтың салу жолдарын көрсетеді.

Балалар трафарет арқылы сурет салады , және салған суреттерін бояиды.

Кәне балалар саусақтарымыз шаршады ,сергітіп алайық.

Билингвальды компонент: Балық – рыба .

Балалар салған суреттерін тақтаға іліп қояды.

Қортынды:

-  Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

- Балықтардың түсі, көлемі қандай?

- Балаларды мадақтау, көрме ұйымдастыру.