СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы:Алтын күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ күз мезгілін сипаттап   айтылған.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Алтын күз»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Әлеумет

Пән: Экология негіздері Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз» Тақырыбы: Алтын күз - Тәрбиелік: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу. - Дамытушылық: Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруіне қарай жәндіктердің өмір сүруге бейімделуі, қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білім беру. Бақылай білу дағдыларын дамыту.

- Оқыту: Ағаштардың, бұталардың, жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуді үйрету.

І.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: Армысың асыл күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым!
Тәрбиеші жұмбақ жасырудан бастайды
Қызыл, сары, кемелер
Су бетінде қалқиды
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды
Ол не? Балалар шеңбер құрып тұрады

ІІ. Негізгі бөлім.
Балалардың назарын даладағы көрініске аударып, сұрақтар қойылады.
- Қазір қай мезгіл?
- Күз екенін қайдан білдіңдер?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Тәрбиеші күздің үш кезеңге бөлінетінін айтып түсіндіреді.
Ерте күз, алтын күз, қара күз
1) Ерте күз – күздің басталуы.
2) Ал алтын күз деп неге айтамыз?
3) Қара күз деп атайтын себебі:
ағаштардағы жапырақтың бәрі түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды.
Тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды, толықтырады.
- Егер күзде күн ашық болса қандай сөздерді қолдануға болады?
- Ал, егер күн бұлтты болса қандай сөздерді қолданамыз?
Тәрбиеші М.Жылқайдаровтың «Күз» деген өлеңін оқып береді.
- Бұл өлеңнің авторы кім?
- Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін суреттеген?
- Алтын күз қамбаға нелерді толтырды?
Сергіту сәті: «Алтын күз» әнімен жасалады
- Тәрбиеші «күз» өлеңін 2 рет оқиды.

Алма өрікті қамбаларға,

Толтырды әкеп алтын күз,

Шәкірт болып парталарға,

Отырды кеп алтын күз.

Бұлт болып та Алатауға,

Байланыпты алтын күз,

Дастарқанда таба нанға,

Айналыпты алтын күз. - Балалар түсінгендерін айтып береді
Ойын : «Табиғат мейірімді ». Шарты: Сөйлемді бастап беру. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады. -Жер-Ана мейірімді ,өйткені ол ......( көкөністер мен жемістерді өсіреді). -Күн мейірімді ,өйткені ол ......( жарығын, жылуын береді). ІІІ. Қорытынды. Сабақ соңында балалармен бірге табиғат аясына серуенге шығып, күздің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, алған білімдерін тиянақтау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап,қатыспағандарды ынталандыру.