Ортаңғы"Жұлдызша"тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 09.01.2020 ж.
Тәрбиеші : Сағындық З.С.
Білім беру саласы : Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Аңдардың қыс қызығы»
Тақырыбы : «Аңдар қыстан қалай сақталынады»(қысқа сюжеттік әңгіме құрастыру)
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Сөйлемдерді тәрбиешінің сұрақтары арқылы құрастыруды үйрету..
Дамытушылық:
Аңдардың төлдерін білдіретін зат есімді жекеше, көпше түрде айтуңа жаттықтыруды жалғастыру.
Оқыту:
Дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлеу
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, карточкалар
Билингвалдық компонент : Қыс – зима, аңдар – животные, қоян – заяц, қатүлкі – лиса , аю - медведь
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар, бүгін күн қандай керемет, ерекше күн. Қане барлығымыз бір - бірімізге жылу, көтеріңкі көңіл сыйлай отырып, бір –бірімізбен амандасайық.
Аппақ, аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ
Шұғыласын шашатын
Арайланған таң аппақ.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде күн салқын, аяз болады.
- Дұрыс айтасыңдар!
- Жарайсыңдар!
Сонымен қатар бүгін балалар РАХМЕТ күні, бір – бірімізге көмек көрсетіп, алғыс айтатын күн.
2.Негізгі бөлімі
Тосын сәт: Есік қағылып ішке Маша кіреді.
Маша: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Маша: Ой, балалар мен Аю досымды табалар емеспін, орманның бәрін іздедім, таба алмадым. Маған аюды іздеп табуға көмектесесіңдер ме?
Ия, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ой, балалар мынау аю мен Маша ертегісіндегі Маша ғой. Қош келдің, төрге шық. Балалар сендер Машаның досы Аюды білесіңдер ме?
Ия, білеміз.
Тағы да қандай аңдарды білесіңдер?
Қоян, түлкі, қасқыр.
Ал осы жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
Орманда өмір сүреді.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ендеше мен сендерге жұмбақтар жасырайын, сендер шешіп көріңдер және жауабын екітілде айтамыз.
Жұмбақ жасыру: Билингвалдық компонент:
1. Өзі бір қу
Жүрген жері айқайда шу. (Түлкі – лиса )
2. Қорбаң - қорбаң етеді.
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап
Қыста ұйқыға кетеді
Ол не, балалар? (Аю – медведь)
3. Көлеңкесінен қорқып безектейді
Ал оның баласын «көжек» дейді.
Бұл не балалар?( Қоян – заяц)
- Дұрыс таптыңдар балалар, бұлардың барлығы да орман аңдары екен.
Слайд:
Қанекей балалар барлығымыз тақтаға қарайықшы: Мен сендерге жабайы аңдардың қысты қалай өткізетіні туралы әңгімелеп берейін. Ал, осы орман аңдары жылдың әр мезгілінде өздерінің ыңғайына қарай әзірлік жасап, қарсы алады екен. Қыста жейтін азықтарын жаз бойы жинап алады. Мысалы: Аю жаз бойы денесіне май жинап, қыс бойы апанда ұйықтап жатады, көктем шыға оянады. Жабайы аралардың балын жейді. Ал, қоян болса қысқа азық жинамайды, ормандағы ағаш бұтақтарын, қабықтарын, қурап қалған шөптерді қорек етеді екен, сонымен бірге қоян нені жақсы көреді?
Қоян сәбізді жақсы көреді.
Ал енді түлкі - жақсы иіс сезгіш аң. Ол қар астындағы тышқандарды аулап қорек етіп, жейді екен. Сөйтіп жабайы аңдар қыс бойы азықтарын өздері тауып қоректенеді. Міне балалар осы орманда мекен ететін қандай аңдар болса да оларға қамқорлық жасауымыз керек екен. Оларды босқа өлтіруге болмайды, олардың да сендер сияқты кішкентай балалары бар.
Балалар, мұқият зер сала тыңдады.
Сергіту сәті:
- Қанекей, барлығымыз орнымыздан тұрып, Машамен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Аю құсап қорбаңдап,
Түлкі құсап сылаңдап
Қоян болып секіріп,
Орнымызды табайық.
Жарайсыңдар, балалар!
Дидактикалық ойын: «Анасын тап».
Міне, аналары суреттерді қою ал балалары адасып қалыпты, қане аналарын тауып берейікші. Кім табады балалар?
Балалардың жауабы.
Жеке жұмыс: Айлана аю туралы тақпақ айтады.
«Жабайы аңдарды тап» Дидактикалық ойын.
Шарты: Үй жануарлардың арасынан жабайы аңдарды табу.
Дұрыс таптыңдар, балалар! Қане, осы аңдардың балаларының аттарын қайталап айтайықшы?
Аюдың баласы - қонжық.
Түлкінің баласы - мырша.
Қоянның баласы - көжек.
Міне балалар, біз машаға аюды табуға көмектестік
3.Қорытынды
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар, бізге бүгін қонаққа кім келді?
Маша: - РАХМЕТ, балалар мынау сендерге сыйлық.
Балалар бүгінгі мекереке қарсаңында біз машаға көмектесіп алғысын алдық, жарайсыңдар!
Маша: Мен енді үйіме қайтайын, сау болыңдар, балалар.
- Сау болыңыз, Маша.