СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Ауа. Ауаның құрамы.№6 зертханалық жұмыс «Балауыз шамның жануы»

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Ауа. Ауаның құрамы.№6 зертханалық жұмыс «Балауыз шамның жануы»»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Ауа жану реакциясы.№6 зертханалық жұмыс

Күні:

Сынып: 7


Мектеп: Н.Өмірзақов орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Берікбаева

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Ауа. Ауаның құрамы.№6 зертханалық жұмыс «Балауыз шамның жануы»



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу жоспарынан)

7.3.1.1 Ауа құрамын білу

7.3.1.2 Атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіру

ресрустар

Сабақтың мақсаты

Ауа құрамын біледі;

Ауа қатысында заттардың жануын түсінеді;

Ауаның құрамындағы газдардың көлемдік және массалық үлесін біледі,ластану жолдарын көрсетеді;

Атмосфера ауасын ластаудан қорғаудың маңызын түсінеді.

ОМ

Бағалау критерийі

Ауаның сапалық қүрамын анықтай алады.

Ауа құрамын ластайтын факторларды біледі, ластанудан қорғау шараларын біледі.

Жеке, топтық жұмыс барысында зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізе біледі


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Ауа құрамы, оттек ,азот, жану, оксид.Атмосфера.Циклонды аппарат.Электрсүзгі. Ауаға қарағанда оттекте жарқырап жанады.

Оқушылар орындай алады:

  • Осы сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтайды.

Тәжірибе жасау барысында кез келген зат........ қарағанда таза ...... жақсы жанады.

Оттегі .............қолдайды.

Жай заттар жанған кезде ......заттар түзіледі.

ОЖ

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім(2)

Ынтымақтастық (жану мен тотығу реакциялары бойынша сұрақтарға жауап беру, топтық жұмыс )

«Мәңгілік ел» стратегиясы

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану,география


Алдыңғы білім

5.4С Табиғатты қорғау


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Сабақтың басы

Оқушыларды 3 топқа бөлу: (Сәйкесін табу) ойыны арқылы топқа бөлу. Мысалы: элементтің химиялық таңбасымен атомдық массасымен сәйкестендіреді

1 топ Оттек-16, 2 топ Сутек-1, 3- топ Көміртек-12 (О,Н,С)

Миға шабуыл: Зейінді шоғырландыру сұрақтары:

Біз немен тыныс аламыз;

Демімізді іште неше уақытқа дейін ұстап тұра аламыз;

Табиғатта қандай құбылыстар болады;

Хмиялық құбылыстарға мысалдар келтіру;

Атмосфера дегеніміз не;

Қышқыл жаңбыр дегенді қалай түсінеміз, қалай пайда болады;

Ауаның ластануына қандай себептер болады;

Ауаны ластамау үшін қандай іс-шаралар атқарылу керек;

Дескриптор:

1.Ауа тіршілік көзі екенін біледі-1

2. Құбылыстарды ажыратады, мысалдар келтіреді-2

3. Атмосфера нені зерттейтінін түсінеді-2


Бағалау : смайликтер арқылы бірін бірі бағалау

АКТ


Сабақтың ортасы








«Бір минуттық әңгіме» тәсілі - топтық жұмыс

(оқылым, тыңдалым, айтылым)

Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, топтық жұмыс жүреді.

1 топ Ауаның құрамына кіретін газдар

2 топ Атмосфераны қорғау шаралары туралы

3 топ Заттардың ауада жануы туралы- әр топ талқылау жұмыстары жүргізіледі.

1774 ж француз ғалымы А.Лавуазье ауаның құрамы азот пен оттектен тұратын газдар қоспасы екенін дәлелдеді. ХІХ ғ соңында зерттеулер ауа құрамына оттек пен азоттан басқа бес түрлі инертті газ: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон кіретінін көрсетті. Бұл газдардың инертті деп аталуы химиялық белсенділігінің төмендігіне байланысты. Осы заттардан басқа ауа құрамында мөлшері тұрақты емес көмір қышқыл газы мен су буы бар

Ауаның құрамы

Көлемдік мөлшері

Массалық мөлшері

Азот

78,08

75,5

Оттек

20,9

23,1

Инертті газдар

0,94

1,30

Көмірқышқыл газы

0,03

0,046

Табиғаттағы әртүрлі құбылыстардың нәтижесінде жер сілкінгенде, жанатртау атқылағанда, отын жанғанда өндіріс орындарынан ауаға азот оксидтері NO, NO2 , күкірті оксидтері SO2, SO, H2S газдары бөлінеді

«Қышқыл жаңбырдың» пайда болуы осындай газдардың ауаға таралынуынан туындайды.

Атмосфера-қоршаған ортаның тіршілік үшін аса маңызды бөлігі. Атмосфераны қорғау шараларына адамның тіршілік ортасында зиянды заттардың мөлшері артық болмауы қажет.

Әр түрлі газдарды тазартуда құрғақ шаңтұтқыштар – циклон аппараттары қолданылады. Газдарды шаң мен тұманнан тазартуда ең көп қолданылатыны-электрсүзгілер. Ауаға зиянды және иісті заттар бөлетін кәсіпорындардың кейбір бөлімдері санитарлық қорғаныс зоналарымен бөлініп, тұрғын үйлерден аулақ орналастырылады. Өндіріс орындарынан бөліген зиянды газдаодың концентрациясын төмендету үшін ағаштар, шөптесін өсімдіктер көптеп отырғызылады.

Заттар ауада оттектің қолдауымен жанады. Заттар жанғанда жарқырайды және жылу бөледі. Мұндай құбылысты жану деп атайды. Көптеген заттар жанғанда (органикалық) көмірқышқыл газу мен су түзіледі.

Критерий:

Ауаның сапалық құрамын анықтай алады.

Ауа құрамын ластайтын факторларды біледі, ластанудан қорғау шараларын біледі.

Ауа қатысында заттардың жануын түсінеді;

Жеке, топтық жұмыс барысында зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізе біледі

Дескриптор:

1 топқа

  1. Ауаның құрамын біледі-1

  2. Ауада жану процесі қалай жүргізілетінін түсінеді-1

2 топқа

1. Атмосфераға зиянды заттардың қалай таралатынын біледі-1

2.ауаны ластамаудың тәсілдерін түсінеді 1

3 топқа

1.Заттардың барлығы жанатынын біледі-1

2.Заттар жанғанда не бөлінетінін түсінеді-1

«Мен оның себебін түсінем» Көрстілімнің мағынасын түсіндіру :

6 зертханалық жұмыс:

Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер:

Тұрғы,стақан,әк суы (әк суы), балауыз шам.

Жұмыстың орындалуы:

Тұрғыға аузы төмен қаратып орнатылған стақанның астына жанған балуызды орналастырамыз. Стақанның қабырғалары буланады. Жанып тұрған балауызды алдын ала әк суымен шайылған стақанның астына орналастырамыз. Стақанның қабырғалары лайланған су тамшылары пайда болады.

2 тапсырма Байқалған құбылыстардан тиісті қорытынды жасау.

Дескриптор

  1. Зертханалық тәжірибе жасап,құбылыстарды айқындап, өзгерісті байқайды-2

  2. Зертханалық тәжірибе кезінде жану өнімдерін атайды-1

  3. Балауыз жанғанда көмір қышқыл газы түзілгенін түсінеді-2

  4. Жасалған жұмыстың нәтижесін қортындылай біледі-3


Оқулық

7 сынып 52,53 бет



















№6 зертханалық жұмыс оқулық 62 бет

Сабақтың соңы

Оқушылардың рефлексиясы: БББ

Нені білемін

Нені білдім

Нені білгім келеді

Ауа туралы біледі

Атмосфера нені зерттейтінін түсінеді

Атмосфераны қоғау шараларын айқындайды

Ауаның құрамына кіретін газдарды, олардың көлемдік үлестерін білді.

Ауа құрамын зерттеген Лавуазьенің дәлелін түсінді.

Заттар ауаға қарағанда оттекте жақсы жанатынын түсінеді.


Ауаның құрамындағы газдарды қалай бөліп алу керек екенін білгісі келеді

Басқада заттар қалай жанатынын түсінгісі келеді

Топ

Миға шабуыл

«Бір минуттық әңгіме»

«Мен оның себебін түсінем»

Қорытынды бал

Оттек





Сутек





Көміртек






Бағалау: Оқушылар алдын ала берілген критерийлер бойынша өз-өздерін бағалайды

Шығармашылық жұмыс: Үйге

Ауаның құрамындағы газдарды қалай бөліп алу керек.

Басқада заттар қалай жанатынын түсінгісі келеді.



Сыныптағы саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз.

Бағалау-Сіз оқышалардың материалдарды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

-Оқушылардың қажеттелігіне қарай зейін шоғырландыру мақсатында сұрақтар берілді. Кейбір оқушылар басқа топқа қарағанда анағұрлым күрделі (элект оқулық)дереккөздермен жұмыс істей алады.

- Жасалған тәжірибені көруі кезінде (ҚТЕ)дереккөздерін пайдаланады.Ауқымы талқылауға негіз болатын мəтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді

жəне күрделі идеяларды (БББ)түсіндіретін мəтіндерге дейін ауытқып отырады .Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады.

Оқушыларды ойланту үшін және жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған

сұрақтарды қоюына болады.

Топтық жұмыста бірін-бірі бағалау жүргізу арқылы топ жұмыстарына, топтың мүшелерінің жеке жұмыстарына баға береді.


Заттардың жану процесі кезінде зертханалық жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау.Құралдарды пайдалану, химикаттармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік шараларын сақтау.

Сабақтағы рефлексия