СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық  «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы:  «Коммуникация»

Пән: «Сауат ашу»

Өтпелі тақырып:  «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы:  Б дыбысы мен әрпі

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.

3.Оқыту: Ойын элементтерін пайдалана отырып, дұрыс, сауатты жазуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,жұмыс дәптер

Көптілдік компонент: бақа-лягушка- frog, балапан-цыпленок- chick, балық-рыба- fish.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі»

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: «Сауат ашу»

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.

3.Оқыту: Ойын элементтерін пайдалана отырып, дұрыс, сауатты жазуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,жұмыс дәптер

Көптілдік компонент: бақа-лягушка- frog, балапан-цыпленок- chick, балық-рыба- fish.

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?

-Аптаның қай күні?

Осы кезде үстелге секіріп бақа шыға келеді.

-Мынау не екен, балалар? Бақа

-Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші. (Құлағын тосқан болады).

-Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді.

Жыл мезгілдері суреттеріді баұамен бірге қарап,айтады.

2.Негізі бөлімі: Дидактикалық ойын.

Балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.

-Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Темір телпек көп киіп

Басым содан жалпақ.

-Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талпақ?

-Су бетінде көп жүзіп,

Бұтым содан талпақ.

Тәрбиеші балаларға ойыншық балға, балтаны көрсетеді, балалар көрсетілген заттардың атын атайды. Олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.

-Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?

-Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?

-Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.

-Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші және б дыбысын созып айтып көрейікші, не байқадыңдар?

Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір-біріне тиетінін, б дыбысын созып айтуға келмейтінін, б дыбысын ы дыбысының көмегімен ғана созып айтатындарын айтады.

-Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен?

Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу.

Бөрік, барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы б дыбысының орнын ажыратқызады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.

Үлгі бойынша б дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі б дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады.

«Оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды.

Сергіту сәтті:Бала-бала, балақан,

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Табада бар,Танада жоқ.

Сабада бар,Санада жоқ. (Б дыбысы)

Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Саңырауқұлақты пана лаған балапандар бейнелеген сурет).

«Саңырауқұлақ» ойынының шарты: балалардың ішінен біреуі «саңырау- құлақ» болып сайланады. Қалғандары «балапандар» болады. «Саңырауқұлақ» қолшатырды ашып, отырады. Тәрбиеші «жаңбыр жауды» деген белгісімен орнынан жайлап тұрады. «Балапандар» «саңырауқұлақтың» астына жиналады.үлгермеген бала ойыннан шығады.

3.Қорытынды: Балалар қандай дыбыспен таныстық? Б дыбысымен

Б қандай дыбыс екен? Дауыссыз дыбыс

Мысал келтіреміз. Балапан, балға т.б

Балаларды мадақтау