СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Балықтар әлемі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:  «Коммуникация»

Пән: «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы:  «Балықтар әлемі»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелеу:Қамқорлық сезімдеріне әсемдікке тәрбиелеу

2.Дамытушылық: Балалардың ерекше ойлау қабілеттерін дамыту

3. Оқыту:балықтар туралы түсінік қалыптастыру

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Су асты туралы слайд, суреттер.

Көптілдік компонент: су асты әлемі- подводный мир- underwater world, балық-рыба- fish, осминог-сегіз аяқ- octopus, теңіз жұлдызы – морская звезда- starfish.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Балықтар әлемі»»

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы: «Балықтар әлемі»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелеу:Қамқорлық сезімдеріне әсемдікке тәрбиелеу

2.Дамытушылық: Балалардың ерекше ойлау қабілеттерін дамыту

3. Оқыту:балықтар туралы түсінік қалыптастыру

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Су асты туралы слайд, суреттер.

Көптілдік компонент: су асты әлемі- подводный мир- underwater world, балық-рыба- fish, осминог-сегіз аяқ- octopus, теңіз жұлдызы – морская звезда- starfish.

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Ғажайып сәт: Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.

- Бәріміз көзімізді жұмайық.(Балалар көздерін жұмады)

1 - 2 - 3 қатамыз,

Теңіз әлемін аралап.

Ғажайыпқа батамыз.

Енді көзімізді ашамыз.

Балалар қараңдаршы біз қайда келдік?


2.Негізі бөлімі: Интерактивты тақтадан су асты әлемінің суреті көретіледі.

Неткен керемет, жан жағымызға зер салып қарайықшы, нені көріп тұрсыңдар?

Балалар біз бүгін су асты әлемімен және оның тұрғындарымен танысатын боламыз.

Су асты тұрғындары туралы слайд көрсете отырып, жаңа сөздердін мағынасын түсіндіру.

Медуза – ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген, олар көбінесе улы, адам сақтану керек. Кей кезде адам денесіне тисе күйдіруі мүмкін.

Теңіз жұлдызы - жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.

Атбасты балық - орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғайды.

Сегізаяқ - оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді.

Тасбақа - сауытына қарап бірден тануға болады. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді. Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да оны көміп тастайды.

Кит - теңіздегі ең ірі сүтқоректі.

Сергіту жаттығуы:

Балық болып жүземіз,

Шынығамыз суда біз!

Шынықсақ біз бәріміз,

Шымыр болып өсеміз!

Дидактикалық ойын:

«Суреттерді ретіне қарай топтастыр»

Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.

Жеке жұмыс: Амира сен қандай су жануарын таңдадың?

3.Қорытынды: Балалар айтыңдаршы біз бүгін қайда саяхат жасадық?

Онда нелерді көрдік?

Ендеше бүгінгі су асты әлеміне саяхатымыз сендерге ұнады ма? Алған әсерлеріңмен бөлісіңдер. Балаларды мадақтау.