Тақырыбы:Кемпір-қосақ
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу
Дамытушылық:Балалардың қиялдарын дамыту.
Оқыту: Негізгі түстерді бір-біріне қоса отырып, басқа түсті шығаруға үйрету
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Кемпір-қосақ»
Ортаңғы«Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашылық »
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта »
Тақырыбы:Кемпір-қосақ
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу
Дамытушылық:Балалардың қиялдарын дамыту.
Оқыту: Негізгі түстерді бір-біріне қоса отырып, басқа түсті шығаруға үйрету
Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету:үлгі суреттер, қағаз, қалам, акварель, су құйылған ыдыс, қылқалам.
Билингвалдық компонент:кемпір-қосақ-радуга
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Кел,балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Жұмбақ
Келістіріп өрнегін,
Құрып қойды өрмегін.
Сұрақ-жауап:
-Кемпірқосақ ол не?
-Кемпірқосақты қай кезде көруге болады?
-Кемпірқосақтың неше түсі бар?
-Түстерін атап беріңдер.
II.Негізгі бөлім.
-Бүгін біз кемпірқосақтың суретін салуды үйренеміз.
-Жұмыс ретімен таныстыру.
-Жай қарындашпен көкжиек сызығын сызып аламыз.
-Қағаздың жоғарғы бетіне күн мен бұлтты салып аламыз.
-Кемпірқосақ түстерін доға түрінде саламыз. Бояймыз.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Шарты:кемпірқосақты құрастыру.
Қортындылау:
-Ненің суретін салдық?
-Кемпірқосақтың неше түсі бар?
-Түстерін атаңдар.
-Балалардың жауаптарын бағалау.